Қайталау

54

Пәні: Математика

Күні: 31. 01 .2012

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың өткен сабақ бойынша білімдерін кеңейту, кемшіліктерін жою.

  1. Дамытушылық: Балалардың ойын, есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын, тіл байлығын, танымдық қабілеттерін дамыту.
  2. Тәрбиелілік: Балаларды тез есептеуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Үлестірмелі қағаздар, суреттер

Сабақ түрі: Жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік

Сабақ барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

  а) балалармен сәлемдесу

б) балаларды түгендеу

в) балаларды сабаққа даярлау

г) керекті құрал-жабдықтарын түгендеу

д) зейінін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпек. Жарысымызға 3 топ қатысады.

1 топ: Алғырлар

2 топ: Тапқырлар

3 топ: Білгірлер

ІІІ. Білімдерін тексеру, бекіту.

1-тапсырма. «Сана да жаз» деп аталады. Заттарды санау. Жазу.

2-тапсырма. «Салыстыру» Заттарды бір- бірімен салыстыру керек.

3-тапсырма. «Көршісін тап» Сандарды өсу ретімен орналастыру.

4-тапсырма. Математикалық жұмбақтар шешу.

  1. 5 алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?     5-3= 2

  1. Табақта 5 өрік,

Қолымда 4 өрік.

Қосқанда барлығын,

Болады неше өрік?   5+4= 9

  1. Мұратта бар бес іні,

Маратта бар екі іні,

Қоссақ бес пен екіні,

Неше болады шешуі?   5+2=7

  1. Аулада жүр 4 үйрек,

Қорада жүр 1 үйрек.

Ал қанекей санайық,

Барлығы неше үйрек?  4+1=5

  1. Бес үйректің біреуін,

Қамап қойдым қораға

Қалды сонда неше үйрек,

Мынау тұрған далада? 5-1=4

  1. Ал, балалар, қараңдар,

Екі алма мен үш алмұрт.

Кәне кімдер табады

Қанша жеміс болады? 2+3=5

ІҮ. Сабаққа жақсы қатысқан топты мадақтау, марапаттау.