7 санын қосу және азайту

52

7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:  7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ойын арқылы логикалық ойлауын дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, қайырымдылыққа, шапшаңдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: суреттер, сандар қатары, сызбалар, карточкалар, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

  • Балалар алдымен ойымызды жинақтап алайық. Бәріміз 1-ден 10-ға дейін

тура және кері санап шығайық.

Сан санайық мүдірмей,

Бар ма кане, талапкер?

Ал, Диас, кідірмей

Беске дейін санап бер.

1, 2, 3, 4, 5

О, Диас жарадың,

Бестік санды өте тез,

Әрі дұрыс санадың.

Енді, Аружан, шырағым,

Санай қойшы мұны әрі.

6, 7, 8, 9, бәріміз боп 10 деп тағы

Қайта есепке көктейміз

Оннан қайта кері санап,

Бірге дейін жет дейміз.

Ойланайық бір мезет,

Абайлайық, қарайық.

Санды енді тізбелеп,

Кері қарай санайық.

Ұғымталға бәлендей,

Қиын емес бұл талап,

Оннан кері бөгелмей,

Бере алады кім санап?

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1 тапсырма.

Мысалдарды ауызша шығару:

4 + 3           2 + 5         6 + 1

8 – 1           9 – 2         10 – 3

2 тапсырма.

«Кім көп сөз айта алады?»

МАТИМАТИКА

Ат, ем, мата, ата, ит, мама, атам

3 тапсырма.

«Ойлан тап!» ойыны.

1 дециметрде неше сантиметр бар?

1 сағатта неше минут бар?

Қосудың компоненттерін ата.

Азайтудың компоненттерін ата.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Суретте неше гүл бейнеленген?

Суретте неше шар бейнеленген?

Жұмбақ шешейік:

Біз ақылды баламыз,

Есеп, жұмбақ ойынның

Жауабын тез табамыз.

Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді. (аптаның жеті күні)

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп екеуін

Тағыда алдым бесеуін,

Алдым сонда нешеуін? (7 алма)

Мұратта бар 6 іні,

Маратта бар 1 іні,

Қоссақ 6 мен 1-ді

Болады сонда неше іні? (7 іні)

7 саны қандай сан?

Жеті саны қасиетті сан. Мысалы: жеті ата, жеті қазына, жеті қат, жеті нан, жеті ғалам, жеті күн, жеті ырыс.

Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс.

№1 есеп «Алма теру»  ойыны.

7+3         7+0      7 – 5

2+7         3+7      7 – 4

7+1         7+2       7 – 3

«Қандай сандар жетіспейді?»  ойыны.

Кіші көршім оң жақта,

Үлкен көршім сол жақта.

Тұрушы еді қасымда,

Қайда кеткен жан-жаққа.

1 …3,     7 … 9,    4 ….6,     3…5

Салыстыру.  Оң жақтағы және сол жақтағы құстарды салыстыру.

№2 есеп

Үлкен кесе – 10        ? артық

Кіші кесе – 3

Шешуі: 10 – 3 = 7 (қасық)

Жауабы: 3 кесе артық

 

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

 

Сандар тізіліп тұр екен, бірақ орындары ауысқан. Сол сандарды үлкен саннан бастап кіші санға дейін рет-ретімен қойып шығайық.

ЖАРАЙСЫҢ

  • Қандай сөз шықты?

Қорытындылау.

Топтастыру.

Ырыс                     ата

Нан             7             ғалам

Күн                 қазына

  • Сонымен біз не үйрендік?

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер – білім көп болып,

Өсе берсін санамыз.

Бағалау.

Үйге тапсырма. №5