48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу

52

Сынып: 3 «А»   Пәні: Математика    Мерзімі: 16.02.2015ж  Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу.

Сабақтың мақсаты:      

Білімділігі: Кестеден тыс бөлуді тиімді тәсілмен орындау дағдыларын қалыптастыру;

 Дамытушылығы: Шапшаңдыққа,танымдылық пен шығармашылыққа дамыту.

Тәрбиелігі:Тиянақтылыққа, жаңа ақпаратты  тыңдай білуге баулу.

Көрнекілігі: Плакаттар, сандар.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Әдіс-тәсілі: Сұрақ жауап, өздік жұмыс

                                             Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

— Сәлемдесу.

— Оқушыларды түгендеу.

— Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  1. Үй жұмысын тексеру

36 бет №5,7 ескптерді парта бойынша тексеру.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

№1    (ауызша түсіндіру)

  1. Бөлінгішті ондық пен бірліктің қосындысына ауыстырамыз;
  2. Қосындыны санға бөлудің ережесін қолдана отырып, алдымен ондықтарды, содан кейін бірліктерді бөліп, алынған нәтижелерді қосамыз;

Берілген санға ондықтар да, бірліктер де бөлінетін болса ғана, бұл екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілін қолдануға болатыны айтылады;

№2   (түсіндіріле отырып орындалады)

№3  кестемен жұмыс

Бағасы                                    Саны                                           Құны

?                                          6 доп                                           720 теңге

  1. Топпен жұмыстар:

І топқа: 1. Қағаз бетіндегі  шаршылар мен дөңгелектердің саны 4-ке тең. Егер біріншісі екіншісінен 2-уі артық болса, онда қағаз бетінде неше шаршы, неше дөңгелек бар?

  1. Өрнек құрастыру:

ІІ топқа:  1.Самат төменнен санағанда бесінші, жоғарыдан санағанда бесінші қабатта тұрады. Самат қай қабатта тұрады?

  1. Өрнек құрастыру:

ІІІ топқа:  1. Мейрам күні қонақтар билеуге шықты. Жұптасып тұрғанда бір қонақ артық болып шықты, үшеуден билеуге тұрса да, біреуі артық болып шықты. Қонаққа келген қонақтар саны 10-нан кем екені белгілі болса, неше қонақ келген?

  1. Өрнек құрастыру:

№4 24=20+4   24=12+12

24=18+6   24=16+8

№6  (ауызша)

Суреттермен жұмыс, тіл дамыту сұрақтары.

№8  (танымдық тапсырмалар мұғалімнің көмегімен)

(5+5) х (5+5) = 100         5 х 5 х 5-5  = 120                (5 х 5 + 5) х 5 = 150

Қосымша тапсырма:

Өрнекті жаз және мәнін тап.

  1. 36 мен 4-тің бөліндісін 9ға көбейт.
  2. 360 бен 90 бөліндісін тап.
  3. 720 мен 8-дің бөліндісін 3ке көбейт
  4. Сабақты қорытындылау:   Оқушылар өздері қорытынды жасайды

І.   68:2      680:2      680:20

ІІ.  24:3      240:3      240:30

ІІІ. 64:8      640:8      640:80

  1. Үйге тапсырма: Қайталау

Бағалау: