Қосудың терімділік қасиеті

580

Сабақтың тақырыбы: Қосудың терімділік қасиеті

Сабақтың мақсаты:

1.   Оқушыларға қосудың терімділік қасиетін  меңгерту. Есептерді әр түрлі тәсілмен    шығаруда терімділік қасиетін қолдану

Оқушының ойлау, танымдық қасиеттерін

арттыра отырып, есеп шығару дағдыларын

дамыту

  1. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың әдісі:                     түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың түрі:                      саяхат сабақ

Көрнекілігі:                            интерактивті тақта, карточкалар

 

Барысы

І. Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг

Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтады. Алдымызда қандай мейрам болмақ? Бүгін сабақта Астана қаласына саяхат жасаймыз. Сабақта 4 топқа бөлінеміз.

Астана біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың Астанасы. Қала іргесі қаланғаннан Ақмола деп аталатын, кейіннен Целиноград, 1992 жылдан бастап Ақмола, 1998 жылдың 6 мамырынан Астана деп аталды.

Астана еліміздің ортасында, аса маңызды жолдардың  торабында орналасқан.

ІІ.  Жаңа сабақ

№1 Тапсырмаларды дұрыс орындасақ, баратын жеріміздің атын табамыз

7 + 8 = 15             30 + 5 = 35

8 + 7 = 15              5 + 30 =35

  • Қандай ереже бар? Қосудың қандай қасиеті?

а + в = в + а  (қосудың ауыстырымдылық қасиеті)

№2

  • 3 + (2+1) = 6 сандарды кез-келген ретпен қосуға болады
  • 2 + (3+1) =6

(қосудың терімділік қасиеті)

(а+в) + с = а+(в+с)

Тапсырма орындадық

«Ақорда Астананың жүрегі»

Сөзі шықты

Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Онда Елбасымыз жұмыс істейді. Мемлекеттік кездесулер мен салтанатты шаралар осы ғимараттың ішінде өтеді.

№3

Көк      –  10 ш                                         1) 10+(20+30) =60 шар

Жасыл – 20 ш            ? шар                    2) 20+(10+30) )=60 шар

Қызыл – 30 ш                                          3) 30+(20+10) )=60 шар

Тапсырма орындалды «Мәуелі бәйтерек» сөзі шықты

Бәйтерек Астананың символы. Бәйтеректің биіктігі 97  метр. Бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы  екі цифрына    1997 ж  сәйкес келеді.

№4

Шымшық – 3                                      ш: (3+4)+5=12 (қ)

Көгершін – 4             ? құс

Торғай – 5                                           ж: барлығы 12 құс

Тапсырма орындалды.  «Бейбітшілік және келісім сарайы»  сөзі шықты.

«Бейбітшілік және үйлесім  сарайы» — бұл мәдениет музейі, Өркениет Университеті және 1500 орындық  опера театры орналасқан тұңғыш архитекторлық  жоба.

Топпен жұмыс

Цифрлармен жазып, мәнін тап.

І топ            (а+в)+с=а+(в+с)

ІІ топ          (а+в)+с=(а+с)+в

ІІІ топ        (а+в)+с=(с+а)+в

ІҮ топ        (а+в)+с=(в+а)+с

  • Қосудың қандай қасиеті

Тапсырма орындалды  «Думан» ойын-сауық  кешені  сөзі шықты.

«Думан» ойын-сауық кешені  күмбезді кеңістік. Онда океанариум, кинозал бар. Керемет акватеатрда көл тауын  және қастарындағы  жыртқыш балықтарды  тамашалай аласыздар.

Тиімді тәсілмен есепте

І топ                               ІІ иоп                        ІІІ  топ                    ІҮ топ

30+5+5+8                     8+2+20+30                3+10+7+80            4+40+10+6

7+5+3+5                         4+44+6                       8+80+2                    15+1+9

75+6+4                            6+30+4                       8+6+2                      7+5+3

№6 ауызша

Сағат қанша?

1 сағ — ? мин

Сағ 1200, 400, 700, 1000

ІІІ. Қорытынды

Астана қаласына саяхат жасадық. Астананың көрікті жерлері туралы мәлімет алдық. Саяхатымызды Елбасының сөзімен аяқтағым келіп тұр.

… Өзінің жаңа Астанасы мен өз елін шексіз  мақтан тұтатын көп ұлтты  және көп дінді халқы бар  әсем де мейірлі  астанамыз, міне осындай қала.

ІҮ. Бекіту

  • Қосудың қандай қасиеттері бар?
  • Қосудың терімділік қасиеті дегеніміз не?

 

Ү. Үйге тапсырма

№5 84 бет

 

ҮІ. Бағалау