Болымды және болымсыз етістік

58

Сабақтың  тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты: а/ Етістіктің ережесін еске түсіре отырып, болымды және   болымсыз етістік  болып екіге бөлінетінін  түсіндіру.

ә/ Ата-бабамыздан  асыл мұра болып қалған тілімізді, салт-дәстүрімізді біліп үйренуге  тәрбиелеу

б/  Ауылдарға бөлініп байланыстырып сөйлесуді, салауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ауыл аттары, үй жануарлары, мазмұнды суреттер, макет.

Сабақтың түрі:  Саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, венн диаграммасы, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі:  Психологиялық  дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасы: Негізгі және туынды етістік./ қорытындылау/

Етістік негізгі және туынды болып бөлінеді.  Түбір сөзден  болған етістікті негізгі етістік дейміз. Мысал келтіру.

Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған етістікті туынды етістік

дейміз: шегеле, ақылдас.

ІІІ.Жаңа сабақ.     Етістік

Заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістіктің сұрақтары:  Не істеді?   Неғылды?     Қайтті?  дейміз.

Қосымшалы етістіктерді көшіріп жаз.

Түбір мен жұрнақты тиісті белгімен белгіле. Жазба,ойнама,күлме,айтпа, барма,келме.

Балалар, біз бүгін ата-баба еліне саяхатқа шығамыз. Кез-келген адам саяхатқа барғанда сол жердің елімен,жерімен танысады.Жақсы нәрселер болса көріп,үйренеді.Біздің ата-бабамыздың болашақ үрпағына асыл мұра етіп қалдырған тілі,салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары бар. Болашақ ұрпағының білімді, тәрбиелі болғанын армандаған.

Осы саяхатқа біздің халықтың қамын ойлаған, елге жақсылық жасап, ақ батасын беріп жүрген Қызыр бабамызды қарсы алайық;

Қызыр баба:   Оқусыз  білім жоқ,

Біліміз күнін жоқ.

Ақыл тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен

Ендеше, балаларым, білімімізді ортаға салайық.

Топпен жұмыс:

1.Білім ауылы. Жеті қазына, сат-дәстүрлерді айту.

348-жаттығу. Берілген етістіктерге –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалғап, болымсыз етістік жаса.Болымсыз етістіктерді көшіріп жаз.

Жонба, үрлеме, кеспе, тартпа, тастама, сұрама, отырма, үзбе.

2.Өнер ауылы.Ұлттық киімдер, зергілік бұйымдар, ою-өрнектер.

349-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Болымсыз етістіктерді тап. 1.Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама. 2.Білгеніңді білгеннен сұрауға арланба.3.Еріншектің ертеңі таусылмайды.4.Ешқашан өтірік айтпа.

Келесі ауылға қарай жол тартайық.

3.Төрт түлік мал ауылы.

Ата-бабамыз ежелден мал бағуды кәсіп еткен. Себебі малдың еті, жүні,сүт пайдалы. Ішсең-тамақ, кисе-киім,жүрсе-көлігі болған.

–Балалар,қазір үй жануарларына байланысты ойын ойнаймыз. Тақтаға үй жануарларының суреті салынған плкат ілінеді.

Мұғалім көрсетіп тұрады, оқушы сұрақ жауап береді.

-Не? Жылқы.             –Не? Сиыр.                 –Не? Қой.          –Не? Түйе.

-Қай сөз табы          -Зат  есім

-Малдың төлдеуіне байланысты қимыл іс-әрекетті білдіретін етістіктерді ойлаңдар.

-Жылқы не істейді?

— Құлындайды.Сиыр бұзаулайды.Түйе боталайды.Қой қоздайды. Ешкі лақтайды.Ит

күшіктейді.Мысық балалайды.Тауық жұмыртқалайды.

Дидактикалық материалдармен жұмыс.

Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар.

Жаз, ойла,күл,отыр,қара,өт,айт,кел,бар,тұр, жүр,күрес,біл,оқы, т.б.

4.Қонақкәде ауылы.ән-күй аспаптары, ұлттық ойындар.

Қонақтар тек ішіп-жеп кетпей, ән айтып,жыр жырлап отырған.

Ендеше біз де бұл ауылда жұмбақ шешіп, мақал-мәтел жаттайық.

1.Көзге көрінбейді,                           Өзіңді-өзің силамасаң,

Қолға ілінбейді.                              Өзгеден сый дәметпе.

Кейде сипап өтер,                            Атаңның баласы болма,адамның

Кейде ұйпап кетер                            баласы бол.

/ Жел/    Болымсыз етістіктің астын сыз.

351-жаттығу

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

Қорытынды: Сұрақ-жауаптар. Шеңбер ойыны.

Болымды                 Етістік                   Болымсыз

Бағалау:Өз-өздеріңді тексеріңдер / тест/

Қолдарыңдағы әріптерін көтеріп, жауап беру.