Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы

118

Тақырыбы:  Квадрат теңдеу  түбірлерінің  формуласы

Сабақтың мақсаты: Квадраттық теңдеуді шешуде формулаларды

тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру

Дискриминант арқылы квадрат теңдеулерді

шешу

Дамытушылық мақсаты: 1. Алған білімдерін әртүрлі жағдайда

қолдана білуге дағдыландыру.

  1. Белсенділігін көтеруге, ойлау

қабілетін арттыруға, өз ойын

жүйелеуге, тез шешім

қабылдауға ұқсастықты, қарама-

қайшылықты байқауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын

арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін,

шығармашылық қабілеті дамыған тұлға

тәрбиелеу. Алған білімдеріне

жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне

сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету

 

Сабақ түрі:  аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, ауызша жаттығу, есептер шығару, ізденіс.

Сабақ типі:  Білімді бекіту

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Түгендеу.

Әрбір балаға  нәтижелік карта  үлестіріледі.Оны бала толтырады.

Аты-жөні

 

Анаграмма

Сергіту

Тест Теориядан сұрақ Теңдеу шешу Өздік жұмыс Қорытынды
Ұпай саны
Ұпай саны 3 9 6 7 2  

27

 

15-27 ұпайға дейін «5» баға, 9-14 ұпайға дейін «4» бағасы ,5-8 дейін «3» бағасы қойылады

 

І кезең: «Қызығушылықты ояту»

1.Анаграмма ( теңдеу, коэффициент, түбір)

  • Ңеетду
  • Фэкоцинетиф
  • Үртіб

 

  1. Ой қозғау . Теориялық материалды қайталау:

Әрбір жауапқа бір ұпай қойылады.

Сұрақ – жауап

  • Қандай теңдеуді квадраттық теңдеу дейміз?
  • Толымсыз квадраттық теңдеулер дегеніміз не?
  • Келтірілген квадраттық теңдеу дегеніміз не?
  • Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
  • Теңдеуді шешу дегеніміз не?

 

  1. Тест «Квадрат теңдеудің түрлері

Семантикалық карта

Теңдеу Толымды Толымсыз Келтірілген Келтірілмеген Толық  балл
x2 + 5x – 3 =0
6x2 + 5 =0
2x2 – 4x =0
5x – 7x2 + 2 =0
2x2 =0

 

 

 

 

 

 

Тексеру

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, бір-бірінің жауаптарын тексереді.

 

Теңдеу Толымды Толымсыз Келтірілген Келтірілмеген Толық  балл

 

x2 + 5x – 3 =0
6x2 + 5 =0
2x2 – 4x =0
5x – 7x2 + 2 =0
2x2 =0

 

Бағалау:  Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен   қойылады.

Оқушылар  кілт бойынша бір –бірін тексереді.

ІІ. Жаңа тақырып түсіндіру ( электрондық оқулық бойынша түсіндіріледі.

         1.Квадраттық   теңдеуді шешу алгоритмі

2.Дискриминанттың 3 жағдайы

  1. а+в+с, а-в+с арқылы теңдеу түбірлерін табу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егер,а+в+с=0, болса, онда х1=1 х2=  с∕а

Егер,а-в+с=0, болса, онда х1=-1  х2= — с∕а

ІІІ.  Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару

№128   Квадрат теңдеудің дискриминантын  есептеп, қанша түбірі болатынын көрсетіңдер.

1) х2 – 5х – 8 = 0

    a = 1, b = – 5, c = – 8

    D = b2 – 4ac = (– 5)2 – 4(– 8) = 25+32 = 57>0

     екі түбірі бар.

3) х2 – 14х + 49 = 0

 

    бір  түбірі бар.

5) – 0,5х2 + 6х — 7 = 0

    a = – 0.5, b = 6, c = – 7

 

    екі  түбірі бар.

 

№129 Теңдеуді шешіңдер:

1) х2 + 3х + 2 = 0

    a = 1, b = 3, c = 2

 

;  ,

    

3) х2 + 7х + 12 = 0

    a = 1, b = – 7 , c = 12

 

    ;  ,

    

В деңгейі      №134

3) 2х(5х-7) = 2x2 – 7

10x2 – 14x – 2x2 + 7 = 0

8x2 – 14x + 7 = 0

түбірі жоқ.

3) (х – 5)2 = 3х2 – x + 14 = 0

x2 – 10x + 5 – 3x2 + x – 14 = 0

– 2x2 – 9x – 9 = 0 

 

    ;     ,     ;

 

  1. Өзіндік жұмыс

Тиімді тәсілмен теңдеулерді шешіңдер:

І нұсқа                                                     І нұсқа                                                        

а) 2х2-5х+3=0                                          а) х2-2х-3=0

ә)2-8х+3=0                                           ә) х2+3х+2=0

Жауаптары:  І нұсқа                                      ІІ нұсқа

А)-1;1,5                                                              а)1;-3

Ә) 1;0,6                                                               ә) -1;-2

 

ІV. Қорытынды. Үйге тапсырма беру.

Кез-келген квадрат теңдеуді шешуге болады. Ол үшін:

  • Жалпы жағдайда ДИСКРИМИНАНТТЫ табу формуласын, оның үш жағдайын білуіміз керек.
  • Дербес жағдайларды мұқият ескеру:
  • Егер,а+в+с=0, болса, онда х1=1 х2= с∕а
  • Егер,а-в+с=0, болса, онда х1=-1 х2= — с∕а

 

  1. Рефлексия 

Оқушылардың ойларын білу:

Мен білдім…

-Қызықтандым…

-Қиын болды…

-Мен түсіндім…

-Мен үйрендім…

Мен шығара алдым…

Мен өзім шығарып көрдім…

 

Рахмет, сау болыңыздар!