Қайырымдылық

412

Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық»

Сабақтың мақсаты: М.Сүндетов өмірімен таныстыру, әңгіменің мазмұны мен идеясын тәрбиелік мәнін ашу. Кейіпкердің іс- әрекетіне өз көзқарасын анықтай білу. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау СТО стратегиясын, топпен жұмыс

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: жазушы М.Сүндетовтың портрет, мақал,суреттер,мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

Психологиялық әзірлік:

Торғай, торғай, торайсың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын теріп ал

Сонда аязға тоңбайсың

 

Үй тапсырмасын тексеру:

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа

-Қыстап қалатын құстарға қалай қамқор боласыңдар?

-Қандай құстар біздің ауылымызға қыстап қалады?

Үйге «Торғай» мәтіні берілді.

Мәтін авторы кім?  Ж.Аймауытов

Павлодар облысы                                                             1889-1931

Әншілік өнері                                                                                  жазушы

Композиторлық қабілеті бар                                                      «Ақбілек» романы

Мәтінді 4 бөлікке бөліп, ат қою мазмұнын сұрау:

  1. Жыланның арбауы
  2. Құстарға қамқорлық
  3. Батыл торғай
  4. Аман қалған балапандар

Көрініс бойынша суреттерін әңгімелету.

Салған суреттерді тексеру.

Мағынаны тану:

а/Қызығушылықты ояту.

Тақтада цифрлармен әріптер шатастырылып берілген. Цифрларды өз орындарына қойсақ жаңа тақырып аты шығады. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы:   «Қайырымдылық»

Авторы туралы мәлімет беру.

Мағзұм Сүндетов 1936 жылы Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкісіне дүниеге келген.

Еңбектері: «Жол айрығы», «Күтем сені Дидар», «Еліктің лағы»,  «Қызыл ай» т.б

б/Оқулыұпен жұмыс:

Мәтінді оқыту, ат қою, бөлімдерге бөлу.

а/Ұқыпты оқушы

ә/Мұхтардың күшікке көмегі

б/Мейрімді ана

1-2 оқушыдан мазмұнын сұрау.

 

Сұрақтар беру:

  1. Мұғалима Мұхтарды не үшін мақтады?
  2. Мектептен келе жатқанда қандай оқиғаға тап болды?
  3. Мұхтар не үшін қуанды?
  4. Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?
  5. Әңгіменің «Қайырымдылық» деп аталу себебі неде?

 

Тапсырма:

  1. Мәтіннен күшіктің аянышты халін суреттейтін тұсты тауып оқы.
  2. Әңгімеден Мұхтардың ұқыптылығын көрсететін жолдарды тауып оқы.

Топтастыру стратегисы:

Мұхтар қандай оқушы?

Ұқыпты                                                               Қайырымды

Батыл                      Қ                                            Мейрімді

 

Қорғау                                                                 Ізгілікті іс

Жақсылық жасау                                              Көмектесу

 

Ой толғау. Еркін жазу стратегисы:

  • Топқа кейіпкерге хат
  • Қайырымдылық
  • Мұхтарға мінездеме
  • Қайырымдылық туралы мақал-мәтел

 

Мұхтарға хат

Мұхтар, сен нағыз батыл баласың! Маған сенің сотқар балалардан қорықпай кішкентай күшікті құтқарғаның қатты ұнады. Киіміңнің лас болғанына қарамай, күшікке көрсеткен көмегің- нағыз қайырымдылық деп ойлаймын.

 

 

Қайырымдылық

Қайырымдылық- жақсы қасиет. Ол кішіге қамқор болу, үлкенге көмектесу, ізгілікті іс жасау. Қайырымды адамды туыстары жақсы көреді, мақтан тұтады.

 

Мұхтарға мінездеме

Мұхтар- ұқыпты оқушы. Үнемі таза жүреді. Ол күшікті құтқарып өзінің батыл, қайырымды екенін көрсетті.

 

Қайырымдылық туралы мақал-мәтел.

  • Жақсығы жасаған жақсылық өмір бойы тозбайды.
  • Мейрімділік жүректен

Мейрімсіздік білектен

  • Жақсылық ағаш басында,

Жамандық аяқ астында

Бағалау

Үйге: мәтінді оқу.