Көрші атам. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

82

Сабақтың тақырыбы: Көрші атам. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: дауысты дыбыстардың жұп дауыстылар болып айтылу себебін мысалдар арқылы түсіндіру, «Көрші атам» өлеңімен таныстырып, «сәлем — сөздің анасы»  туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: жылдам ойлау, дұрыс сөйлеу арқылы сөздік қорларын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, үлкендерді көргенде амандасуға,  көркем жазу арқылы ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру, көрнекілік, дидактикалық ойын.
Көрнекілігі:  М. Жаманбалинов суреті, суреттер, кестелер, слайд
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды сабаққа дайындау

ә) психологиялық дайындық
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай әр үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Үй тапсырмасы:

а) «О, қорқайын мен неге?» өлеңін мәнерлеп және рөлге бөліп оқу

Өткенді қорыту.

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
— Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 жуан және жіңішке
— Жуан дауыстыларды ата. А, о, ы, ұ
— Жіңішке дауыстыларды ата. Ә, ө, і, ү, е

Ойын «Кім жылдам?».

Суретке қарап сөзді табу, дыбыстық талдау жасау.
Үйрек, бұзау.
Күрек, ұлу.

Үйрек – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.

Бұзау – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.

Күрек – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.

Ұлу – 3 әріп, 2 дауысты, 1 дауыссыз, 2 буын

— Жұп дауысты дыбыстарды ата? Ұ-ү

ІІІ. Жаңа сабақ. Ү-ұ жұп дауыстылар

— Көркем жазу

— Күннің жадын жазу

— Дәптермен жұмыс

«Нағашы ата» туралы әңгіме жазыңдар.

55-жаттығу.

1.Сөздерді салыстырып оқу.

Ұн-үн

Ұш-үш

Ұю-үю

Тұс-түс

Сұр-сүр

Ұғу-үгу

Құз-күз

Тұр-түр

Құн-күн

  1. ұ-ү дыбыстарының ұқсас дыбысталуын байқа.
  2. Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды атаңдар.

56-жаттығу.

  1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.

Жаңбыр жауар себелеп,

Жолға шығар ебелек.

Гүлге қонар көбелек,

Атқа қонар бөгелек.

— Ө. Тұрманжанов туралы мәлімет беру.

— Сөздік жұмыс.

Көбелек – гүлден-гүлге қонып жүретін жәндік.

Бөгелек – қос қанаттылар отрядына жататын жоғары сатыда дамыған жәндіктер.

 

ІҮ. Сергіту сәті.

 

Ү.Оқулықпен жұмыс 

«Сәлем –сөздің анасы»

«Көрші атам» мәнерлеп оқу.

— Көрші ата бізге кім?

— Үлкен адамдарды көргенде ең алғаш не істеуіміз керек?

— М.Жаманбалинов туралы мәлімет беру.

— Әр елдің сәлемдесу салттары.

Қазақ және Өзбек халқы Асалаумағалайкум! Уағалейкүмассалам!

Жапон халқы және қытай халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі.
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды.
Тай елінің амандасу рәсімі «вай» деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, «савадди» деп айтады.

Тапсырма.

Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?

— Сәлем, қалайсын, сәлембердік  т.б.  Қазақ салтында тәуліктің мезгіліне қарай «Қайырлы таң»,»Қайырлы күн»,»Кеш жарық» деп те амандасады.
— Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек?
— Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады.
Оқулықпен жұмыс.

«Біздер сәлем береміз» өлеңін мәнерлеп оқу.

— Е.Өтетілеуұлы туралы мәлімет беру.

 

ҮІ. Сабақты бекіту.  Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, мақалдарды айту.

— Сәлемдесуге қатысты мақал, нақыл сөздер:
..депті елдің б..ласы

Алыстан с..лем бер..ді

(қазақ мақалы).

С…лем беру де – парыз,

С..лем алу да – парыз

(өзбек мақалы).

…дептілік белг..сі – иіліп сәлем б..ргені,

Жақындықтың б..лгісі – к..ліп-кетіп ж…ргені

(Мақсұд Шайхзада).

 

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Біз бүгін не үйрендік?

Жұп дауыстыларды ата?

Әр ұлттың сәлемдесу салты қандай болады?

ҮІІ. Үйге тапсырма . «Көрші атам» өлеңін жатқа айту.  57-жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.