Көктем

63

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты: Балалардың тілдерін дамытып,ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге,әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету,құстарға қамқор болуға, еңбекшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,дөңгелекшелер,слайд

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру

Барлығы:     Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

2.Өткен сабақты пысықтау

-Қане ,балалар өткен сабақта не үйрендік?Ненің  туған күнін тойлап едік?

-Оған нелер қонаққа келіп еді?

-Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Ендеше осы түлкі аңдардың азықтарын білмей ауыстырып қойыпты.

Қане ,соған бәріміз көмектесіп жіберейік.

Түлкі

Қасқыр                       Бал

Аю                                ет

Қоян                             алма

Кірпі                                      сәбіз

Жақсы,біз түлкіге көмектестік .Енді мына тақтадағы суреттерге қарайық

Суретте ребус шешу.

К Ө К Т Е М

 

-Қане не сөз шықты?  Оқиық

-Көктем

-Видио ролик көрсету.

Көктемгі табиғат құбылыстарын,аңдардың қуануы ,құстардың туған жерге оралуын көрсету.

Сергіту сәті:

Көктем сөзіне дыбыстық талдау жасату.

 

 

-Неше дыбыс  бар екенін ,нешеуі дауысты ,нешеуі дауыссыз екенін сұрау.

-Көктем туралы жаттаған өлеңдерін сұрау

-Көктем сөзіне сөйлем ойлату,құрату.

Сабақты қорыту:

        Көктем
Табиғат өзгерістері
Аңдар тіршілігі
Көктемгі мерекелер
Құстардың оралуы
Көктем айлары