Төрт түлік туралы жырлар. Қой

142

Сабақтың тақырыбы:   Төрт түлік туралы жырлар. Қой

Сабақтың мақсаты:

А) Төрт түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатымен, қадір-қасиетімен таныстыру. Мал ман адам арасындағы байланысты ашу. Жаңа сабақты меңгеру.

Ә) Төрт түлікті қадірлеуге баулу.

Б)Тіл байлығын дамыту.

 

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, парақшалар, плакат.

 

 

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, сұрақ –жауап, ұжымдық.

Сабақтың барысы:

 

                                                

                                                          І.Ұйымдастыру кезеңі

                          1.Қызығушылығын ояту. (Психологиялық дайындық)

 

Мұғалім:-               —  Екі көзің не үшін керек?

Оқушылар:             — Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім:                 — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар:             — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім:                  -Екі қолың не үшін керек?

Оқушылар:              — Елге көмек беру үшін.

Мұғалім:                  — Екі аяқ не үшін керек?

Оқушылар:              — Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін.

 

Мұғалім:

  • Дұрыс балалар, отыра қойыңдар. Олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.Бүгін міне, сабағымызға көптеген ұстаздарымыз қатысып отыр. Бұл сабақ күндегіден ерекше болмақ. Бар білімдеріңізді көрсетіп, сабаққа түгел қатысуға шақырамын.

 

 

                                        ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

                           (Ертегі: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас)

  • Ертегінің мазмұнын әңгімелету (жалғастырып)
  • Деңгейлік тапсырмалар (парақшалар үлестіру)

№1. Ертегідегі кейіпкерлерінің аттарын ата:

№2. Қарынбас қалай жан тапсырады?

№3. Шибұт қалай жан тапсырады?

№4. Қылмойын қалай жан тапсырады?

№5. Үшеуі қандай тірлікпен айналысады?

 

(Ұрлық – түбі қорлық деп  сөзді түйіндеу)

 

 

  • Жақсы балалар, сонымен біздер ертегілердің қандай түрлерімен таныстық?
  • Топтасыру әдісі(интерактивті тақтада)

Қиял – ғажайып

 

 

Ертегі

 

Жан-жануарлар                                                         Шыншыл

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

  • Міне, балалар, қазір барлығымыз бірлесе отырып, сөзжұмбақты шешіп көрейік.
  1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.    (Жылқы)

  1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар. (Қой)

  1. Үстінде екі тауы бар,

Өзі қызық жануар. (Түйе)

  1. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.    (Сиыр)

  1. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар.(Ешкі)

 

  • Өте жақсы балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөздер шықты?

( Оқушылар айтады)

  • Жылқы, қой, сиыр, түйе, ешкі барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
  • Төрт түлік мал
  • Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда төрт түлік туралы жырлармен танысамыз.

 

 

 

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

 

—     №1 тапсырманы дауыстатып оқыту.

  • Оқушылардың ойларын тыңдау. Пірлерін атату
  • Өте жақсы балалар, ендеше барлығымыз тақтаға қарап, тыңдаймыз.

 

Мұғалім:  (Түсінік беру)

 

  • Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе – көлігі, тұтынса – бұйымы да осы мал болған.

Кең даланы еркін шарлап, көшіп – қонған халқымыздың тұрмыс-тіршілігі осы төрт түлікпен байланысты болған екен. Халық   ұғымында әр малдың пірі киесі бар. Түйенің атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы – Қамбар ата, ешкінің атасы – Сексек ата, қой атасы – Шопан ата. Қазақ халқы малды өте жақсы көріп қадірлейтінін, өз баласын малдың төлін атағандай   «Боташым»,   «Құлыным», «Құлыншағым», «Қошақаным» деп еркелеткенінен білуге болады. «Малым – жаным садағасы, жаным – арымның садағасы» деген ата-бабаларымыздың сөзі осыдан қалса керек.

 

 

  • Енді төрт түліктің ең жуасы қайсысы екен, оны білу үшін оқулықтарымыз-дағы №2 тапсырманы орындап көрейік.

(1 оқушыға берілгенін, жұмбақты оқыту дауыстатып)

 

— Қой екен

 

— Яғни, бүгін төрт түліктің ең жуасы қой малымен жақынырақ танысады екенбіз.

 

— Өздеріңіз қой малы туралы не білесіздер?

 

— Оқушылардың ойларын тыңдау.

 

— Өте жақсы балалар, әр малдың өсу жолына қарай атаулары бар екен. Ал қой малын былай атаған:

Қозы, көбеген, марқа, көрпеш, тоқты, бағлан, тұсақ, көбей, кебе, ісек, абзан, ақауыз, қошқар, саулық, қой.

 

  • Ал, балалар, енді оқулықтарымыздағы №3  тапсырмаға қараймыз.

(1 оқушыға берілгенін, мақалды оқыту дауыстатып)

 

 

  • Мақалға түсінік беріп өту. (Оқушылардың ойларын тыңдау)

 

 

 

 

  • Тағы қандай төрт түлік малға байланысты мақалдар және тыйым  сөздер білесіздер?

(Оқушылардың жауабын тыңдау)

 

  • Өте жақсы балалар, сабағымызды оқулықтарымыздағы №4 тапсырмамен жалғастырамыз.

(Жырды дауыстатып, мәнерлетіп оқыту)

 

Сұрақ:

  • Жырда қой малы туралы не делінген? ( Оқушылар өз ойларын айтады)

 

 

  ІҮ. Сергіту сәті.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Бұртиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

 

 

Ү. Дәптермен жұмыс

 

  • Өте жақсы балалар, енді дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

Қазанның он үші.

Төрт түлік туралы жырлар. Қой.

*    Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

*     Қойдың сүті қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

(Оқушыларға интерактивті және жәй тақтада жаздыру 2 оқушыға)

 

 

ҮІ. Шығармашылық тапсырма. Ой толғау.

 

 

І топ жұмысы

Қойдың пайдасын сызбаға түсір.

 

Жүнінен жасалатын заттар Терісінен жасалатын заттар Сүтінен әзірленетін тағамдар

 

 

 

 

ІІ топ жұмысы

 

 

 

ҮІІ. Қорытындылау.

—   Малды берсең, қойды бер

Ұлды берсең ойлы бер –  деген ата –бабаларымыздың жаңылмай айтып кеткен нақыл сөзін жадымыздан шығармай, төрт түлікті қадірлеп, қастерлеп білетін, келер ұрпаққа жеткізер ойлы азамат болады деген үлкен сеніммен мен сабағымды аяқтаймын.

 

ҮІІІ. Бағалау

ІХ. Үйге: Жырды жаттау