Хат жазып үйренеміз

181

Пәні: Қазақ тілі.

Сыныбы: 3 «ә» сыныбы.

Уақыты: 2 кезең, сағ:14:15

Сабақтың тақырыбы: Хат жазып үйренеміз.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

1.Ақпараттық құзіреттілік: Оқушылардың шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Оқушыларға өз бетімен қосымша ақпарат жинауға мүмкіндік беру.

  1. Коммуникативтік: Жинақталған ақпараттар бойынша тақырып ашда тиімді әдістер іздей отырып, оны ашу жолдарын жан-жақты қарастыру.

3.Проблеманы шешу: Сабақта алған білімдерін, ақпараттарды іріктеп  «хат жазып үйренудің» жолдарын іс-жүзінде дәлелдей білуге мүмкіндік беру.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: сыни тұрғыдан ойлар дамыту.

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,тренинг.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Оқыту құралдары: интерактивті тақта, жүрекшелер, хатқалталар.

 

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

-Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар,оқушылар!

-Оқушылардың тыныштығын сақтап отырғызу.

-қанеки балалар ойлау қабілеттерімізді  дамытып алуымыз үшін «Есімдер» атты психологиялық тренингімізді өткізіп жіберейік.

Шарты: кез-келген есім айтып сол есімнің қай әріптен аяқталатынын аңғарып, аяқталған әріптен басталатын есімдер айту.

-Енді сабаққа қатысуға дайынбызба оқушылар!

-Олай болса сабағымыздыбастайық!

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

-Оқушылардың алыстағы ағайын-туыстарына  жазған хаттарын тексеру.

 

 3.Өткен материялды қайталау арқылы жаңа материялды қабылдауға дайындық:

-Мына барлығымыздың парталарымыздың үстінде жатқан не балалар!

Ж : хат.

-Кімге жаздыңдар!

Ж: туыстарымызға, жақындарымызға т.б.

-Олай болса, мен сіздердің хаттарыңызды тыңдағым келеді!

Ж: барлық оқушыларға оқытамын.

-Сіздердің жақынндарыңыз сендердің хаттарыңызды асыға күтіп отырған болар. Мен бүгінгі сабақта мұғалім емес, пошташы қызметін атқарамын. Мен  сендердің хаттарыңызды міндетті түрде жақындарыңызға жеткізуге уәде беремін.

4.Жаңа материялды түсіндіру.

1-жаттығу.

-слайдпен пошташының суретін көрсетемін.

-Көріп тұрғандарыңыз кім балалар!

-пошташы.

-пошташы дегеніміз кім!

Ж:әр оқушы өз ойларын айтады.

-өлеңді слайдпен шығарып қоямын да оқушыоарға хормен оқытамын.

-өлеңнен қандай қосымша мәлімет алдыңыздар балалар!

2-жаттығу.

-оқушылар мен сіздердің хаттарыңызды сөмкеме саоып жатқанымда кейбіреуіңіздің  хатқалтаның сыртын дұрыс толтырмағандарыңызды байқадым.

-сондықтан да балалар мен сіздерге хатқалтаның сыртын сауатты толтыруға үйретемін.

-слайдпен шығарып таныстырамын.

Ж: хатқалтаның сол жақ бөлігіне кімге жаздың, сол кісінің толық мекен-жайы жазылады.Ал, оң жақ бөлігіне өздеріңіздің толық мекен жайларыңызды жазуларыңыз қажет.

-қазір оқушылар хатқалтаның оң жағын өзіміз жазып көрелік.

 

 

0903010

Ақсай қаласы

Теміржол көшесі, 25 үй, 11пәтер.

Даиров Тілектен .

 

Сергіту сәті.

Көшеменен  келе жатыр пошташы

)олында бар өте ауыр сумкасы

Қане достар бәріміз көмектесейік

Ап-ауыр сумкасын көтерісейік.

Рахмет,балалар өте жақсы балалар екенсіңдер!

-Көмектеріңізге көп рахмет!

3-жаттығу.

Мен аздап демала тұрайын, ал сіздер 3-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындаңыздаршы, жарайма.

Жанар сүйікті ағасына хат  жазған екен. Сол хаттың иесіне жежету ретін анықтап , дәптерлеріңізге жазыңыздар.

5.Жаңа материялды бекіту.

Оқушылар менің пошташы қызметінен мұғалім қызметіме ауысатын уақытым таяп қалды. -Менің сіздерге үлкен жүрек хатқалта сылағым келіп тұр.

Ал,мына  кішкенежүрекшелерді барлығыңызға таратып беремін, сіздер қасыңыздағы отырған көршілеріңізге арнап хат жазыңыздар!

 

6.Қорытынды.

-Оқушыларды бағалап. Әр бағларына пікір айтамын.

7.Үйге тапсырма.

4-жаттығу. 60- бет.