Сұраулы сөйлем

83

Сабақтың тақырыбы:  Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік:  сұраулы сөйлемнің айтылу мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сызба бойынша сөйлем құруға үйрету

2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

3) Тәрбиелік: ауызбіршілікке, ұстамдыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, оқыту, әңгімелету

Сабақтың көрнекіліктері:  интерактивті тақта

Барысы

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.

Слайд №2

Қазақ тілі- анаң, атаң,

Қуат алар Отан да одан.

Қазақ тілі-халық тілі,

Тіл аманда – халық  тірі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.3-жаттығу.Сөздерден сөйлем құрап жаз.Слайд№3

 

 

 

 

«Сәйкестендір» тесті бойынша үй тапсырмасын бекіту               Слайд №4

жазушы                    сурет салады

ақын                         әңгіме жазады

суретші                    өлең шығарады

-Біз әңгімемізді мына тапсырмаларды орындап болған соң жалғастырамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Күн ретін жазайық, менің сендерге мынадай жұмбағым бар.            Слайд №5

Екі К күресті,

Арқаларын тіресті.

Бұл қай әріп? Әрине Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық. Жарас жарыста жеңіске жетті.

Енді сұрақтарға жауап берейік.                                                              Слайд №6

-Сендер жаңа «Сәйкестендіру» тесті арқылы қандай сөйлем құрадыңдар?

–Хабарлы сөйлем.

-Ал, енді осы сөлемдерді қолдана отырып, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. Жазушы не істейді? Ақын не істейді? Суретші не істейді?

-Мен не істедім?

-Иә, мен сендерге сұрақ қойдым. Ал ол сұрақтарды не үшін қойдым?

-Дұрыс сендерден жауап алу үшін қойдым. Сонымен, жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемдерді сұраулы сөйлемдер деп атайды. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.                                                       Слайд №7

-Бір атай мен әжейдің көп сұрақ қойғыш немересі болыпты. Ол таңертеңнен кешке дейін: «Ол неге ондай? Бұл неге олай істеді? Т.б.» сұрақтар қойғыш екен. Бірақ атай мен әжей де оның сұрақтарына ерінбей жауап бере береді екен.

Мына шар қайдан пайда болды? Қасында хат бар сияқты. Қанекей,

балалар мұнда не жазылғанын барлығымыз оқиықшы.                 Слайд №8

Құпия шарды жарайық,

Таң — тамаша болайық.

Ішіндегі сөзжұмбақтан,

Баланың атын табайық. /бір оқушы шарды жарады/

-Ішінен шыққан мына сөзжұмбақты шешіп, баланың атын табайық.Слайд№ 9

 

 

Жауабы: Марал

-«Марал» деген сөздің қандай мағыналарын білесіңдер?

Ал , енді мына «лотоны» шешсек, келесі жұмысымыздың түрін табамыз.

                                    «Лото» ойыны                                                   Слайд №10

2 1 3 2 4 1 4 1 2
9 40 50 50 6 40 70 2 10
о қ у л ы қ п е н

 

1 1 4 1
7 ұ 1000 9 80
ж ұ м ы с

 

— Белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген жыр жинақтарының авторы. Бөкей ордасында 1937 жылы дүниеге келген. Біздің оқулығымызда 1-жаттығуда Қ.Жұмағалиевтің өлеңін оқиық.

/І топ 1-ші шумағын, ІІ топ 2-ші шумағын оқиды/                            Слайд №11

-Сендер өз шумақтарыңда не жайлы айттыңдар? /Ітоп/

-Ал сендер ше? /ІІ топ/. Ол сұрақтарға өзіміз жауап беріп көрейікші.

«Зейінді болсаң, тез ойлан» айдары бойынша.                                   Слайд №12

-Жаңбыр қалай құйып тұр? Неге ысиды күн күйіп? Аспан неге көкпеңбек? Таулар неге тым биік?                                                                      Слайд №13-15

-Балалар бұл сұрақтарға сендер бүгін шамаларың келгенінше жауап беруге тырыстыңдар. Маралдың сұрақтарына жауап беру үшін менің сендерге айтар кеңесім: «Бұл кім? Бұл не?» ІІ томдық және «Негеш», «Бәрін білгім келеді», «Балалар энциклопедиясы» сияқты кітаптардан ізденуге болады. Келесі сабаққа осы сұрақтардың жауабын дайындап келіңдер.

Сергіту сәті                                                                                            Слайд №16

-Енді оқулығымыздағы 3-жаттығуға қарайық. Мұнда мынадай сызбалар берілген. «Кім зерек?» ойыны                                                              Слайд№17

 

—                                                              ?

 

 

—                                                                                   ?

—                                                                                   .

— Маралдың мына суретіне қарап, бұл сызбалар бойынша сөйлем құрайық.

/І топ жоғарға екі сурет бойынша екі сөйлем, ІІ топ төменгі екі сурет бойынша екі сөйлем құрайды/                                                                               Слайд №18

-Бұндай екі адамның сөйлесуін диалог дейміз.

Сергіту сәті                                                                                  Слайд №19

Жаздық, жаздық бәріміз

Талды әбден қолымыз.

Тағы қалам аламыз,

Тап-таза етіп жазамыз.

-Балалар, Марал терезеден қарап отырса, далада мынадай бір жағдайды көріпті. Өздерің ол жайлы әңгімелеп беріңдерші.                             Слайд №20

-Енді ол сендерге мынадай сұрақтар қойып жатыр.                          Слайд №21

«Кім ойшыл?» айдары бойынша

  1. Балалар не істеп жүр?
  2. Кішкентай бала неге жылады?
  3. Дәулет не істеді?
  4. Ол қандай бала?

/Екі топтан балалар біртіндеп шығып, төрт сөйлем жазады/

-Балалар енді осы әңгімелеріңе қандай ат қояр едіңдер? /балалар жауабы/

-Балалар бізге Маралдан мынадай ашық хат келіп отыр, оқиықшы. Слайд№22

Достар!

       Мен сендердің білімдеріңе риза болдым. Сендерді алда келе жатқан  мерекелеріңмен құттықтаймын. Сендерге мына сыйлықты жіберіп отырмын. Қабыл алыңдар.

                                                                                           Марал

Балалар Марал алдағы қандай мерекелер жайлы айтып отыр?

-Тәуелсіздік мерекесі және Жаңа Жыл мерекесі. Осы мерекелер жайлы бір-біріңе сұрақ қойыңдаршы.

-Ал қойған сұрақтарың қалай жасалып тұрғаны жөнінде келесі сабақта айтатын боламыз. Енді бізге жіберген Маралдың сыйлығын көрейік. Оған не деу керек?

-Рахмет.

ІҮ. Қорытынды.

— Сонымен, балалар бүгін біз қандай нәтижеге жеттік?                Слайд №24

-Сұраулы сөйлемдер құрап үйрендік, әңгімеге ат қойып, сұрақтарға жауап бердік, мәтінмен жұмыс жасадық, сөздерді сәйкестендірдік,

сөзжұмбақ шештік, дәптермен жұмыс жасадық, өткенді қайталадық, білімімізді шыңдадық.

Ү. Үйге тапсырма. 2-жаттығу, 97-бет, ережелерді жаттау

ҮІ. Бағалау