Сөйлем

44

Тақырыбы :    Сөйлем

Мақсаты :     а)  Білімділік :     Сөйлем   және    оның    түрлері .

ә)  Тәрбиелік :   Оқушыларға   экологиялық  тәрбие   беру,  табиғат  анасы  ондағы  өсімдіктер  дүниесі   құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік                                   сезімдерін  тәрбиелеу .

б) Дамытушылық :  Қазақ тілінің  байлығы  арқылы   оқушының  тілін  дамыту,  сауатты ,  көркем   жазу   дағдыларын  қалыптастыру .

Сабақтың  түрі :        Дәстүрлі емес,  экологиялық  ертегі  сабақ.

Көрнекілігі :  Табиғат  көрінісі  бейнеленген  тақырыптық  мазмұнды  сурет ,  жасалған  құстардың  суреті.

Сабақтағы  жаңа технологиялар :

Сын тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы :

  1. Қызығушылығын ояту
  2. Мағынаны тану
  3. Ой – толғаныс .

Сабақтың  өтілу  барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі

 

  1. Оқушылардың білімді және  саналы  түрде  меңгеруге  дайындау .
  2. Білімді жан – жақты  тексеру  кезеңі .

1)  Көркем жазу минуты . 

Бір , екі үш ,

Қолға қалам  алайық .

Салақтықтан қашпайық .

Әдемі етіп  жазайық .

Әдемі жазған оқушыларды  мадақтау.

  • Балаларға ертегіні бастап айту .

1-тапсырма .

1,2,3,4,5,6  сандарының  бойымен иректелген  сызықтар  арқылы  әріптерді  табу .

Ендеше  балалар,   біздің  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы

«Сөйлем »

Сөйлем сөзден құралады .

Тиянақты  ойды  білдіреді .

 

Е:  Көгершін  әрі  қарай  теректі  емдейтін  дәрігер  іздеп  жолға  шығады  . Ол  жолда  сауысқанды  көріп,  болған  жағдайды  баяндайды.  Сауысқан  тілегін  орындамайды.

Ендеше  біз  мына  тапсырманы  орындайық .

139 – жаттығу       (ауызша)

                            5 сөйлем бар.

Е: Көгершін  енді  қырғауылға  жолығып ,  болған  жағдайды  баяндайды . Ол  да  тілегін  орындамайды.

140-  жаттығу .   Ребусты  шешу  .     ( ауызша )

Е:  Көгершін бұлбұлға  жолығады .

141- жаттығу .  (сурет бойынша  әңгіме  құрау )

Дәптерге жазып отыру .

Сергіту сәті 

«Ұшты –ұшты » ойыны

Е:  Көгершін  аққуға  жолығады.  Ол да  өз  тіршілігі  барын  айтады.

142- жаттығу  .  Сөздерді  өз  орнына  қойып,  сөйлем құрау .

Е:  Көгершін  орманды  кезіп  жүріп  бір  құсқа  жолығады.  Ол  құс теректі  емдеп  жазады

 

Проблемалық  сұрақ :     Ол қандай  құс деп  ойлайсыңдар ?

Балалар  :  — Тоқылдақ

— Олай болса  бүгінгі  ертегімізге  қандай  тақырып  қоюға

болады.

— Тоқылдақ – орман дәрігері .

 

Қорытынды .                                                   нүкте

хабарлы

лепті                                                                 сұраулы

 

 

леп  белгісі                                                     сұрақ белгісі

 

Міне ,  содан бері  әлгі  терек  жайқалып  өсіп  тұр екен.

Біз  жасыл  өсімдіктерді ,  ағаштарды  күтсек ,  біздің  денсаулығымызға  пайдалы  екенін  білдіңдер .

Оқушыларды  бағалау .

 

Бүгін бізде   қонақта  болған  достықтың ,  әдеміліктің  белгісі

Ақ көгершіннің  құрметіне  « Ақ  көгершін » әнін  орындайық .

Рахмет балалар ,  сабағымыз  аяқталды.