Дара және күрделі сан есім

65

Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есім

Сабақтың мақсаты: 1. Сан есім туралы түсінік беру және құрамына қарай бөлінуін түсіндіру.
2. Сан есімге жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың практикалық дағдысын қалыптастыру, теориялық білімін арттыру, сауаттылығын, тіл байлығын, шешендік қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды өз елін, жерін сүюге, құрметтеуге; шешендікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеп, олардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. І) 1) Сын есімнің мағыналық түрлері.
2) 155 — жаттығу. Мәтінді оқып, оның аты неге «Әділетсіздік» деп аталғанын дәлелдеңдер. Сөйлемдердегі сапалық, қатыстық сын есімдерді ажыратыңдар.
ІІ) «Жасырынған сұрақтар»
3. Жаңа сабақ.
Сан есім құрамына қарай дара және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді.
4. Бекіту жұмыстары.
1) Кітаппен жұмыс. «Кім жылдам?»
13 — жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдерден сан есімдерді тауып, дара, күрделі сан есімдерді айырып белгіле.
14 — жаттығу.
2) «Сергіту» ойыны. Дара сан есімдерді атағанда шапалақтайсыздар, күрделі сан есімдерді атағанда орныңыздан тұрасыздар.
Екінші, қырық — елу, тоғыз жүз бір, жетеу, жүздеген, үш — үштен, бесеу, он бүтін жүзден елу бір, тоқсан, жүз шақты.
15 — жаттығу.
Шешендік сөздерді оқып, сан есімдерді тауып, құрамына қарай ажыратып, көрініс көрсету.

16 — жаттығу.
Берілген сызбаны салыстыр

Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын қысқаша айтыңдар. Жалқы зат есімдерді тап.
18 — жаттығу..
Шығармашылық деңгей
«Аяқталмаған ой…»
1 — топ Мен Президент болсам…
2 — топ Менің тәуелсіз елімде…
3 — топ Туған жер…
5. Үйге тапсырма. Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есім. 17 — жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазыңдар.
Бағалау.