Бидай мен қаңбақ. Асқар Тоқмағанбетов

173

Сабақтың тақырыбы: Бидай мен қаңбақ.  Асқар Тоқмағанбетов

Мақсаты:

  • Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, қазақ халқының ежелден келе жатқан  кәсіби- егін өсіру туралы мағұмат беру.
  • Ой- өрісін, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойын жүйелі жеткізу. Ойын қорыта білу дағдыларын дамыту.
  • Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

 

Әдісі: Топпен жұмыс, ойын, венн диаграмма, сұрақ жауап.

 

Көрнекілігі: Автор суреті, мақал- мәтелдер.

 

Сабақтың барысы:

І.    Ұйымдастыру кезеңі

 

Балалардың психологиялық дайындығы

а) Сәлемдесу рәсімін жасайық

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Бар адамға құрметпен, бас иеміз біз.

ә)  Дөңгелектене күн жасап, достық шеңберіне тұрайық. Бір- біріміздің қолымыздан ұстайық. Не сезіндіңдер?

-Жылылық

-Достарымыздан жылу алып, көңіл- күйіміз қандай болды?

-Керемет.

-Олай болса, орнымызға 3 топқа бөлініп отырайық.

 

І- топ. «Бірлік».

ІІ- топ. «Достық».

ІІІ- топ. «Еңбек».

 

ІІ.     Үй тапсырмасын сұрау.

Қ. Мырзалиев «Жұмыстың жылуы». Өлеңді бөлімдеоге бөліп оқыту.

І топ.  Апасының тапсырмасы.

ІІ топ. Жұмысқа кірісу.

ІІІ топ. Бойдың жылуы.

 

  • Әр топ өлеңді мәнерлеп оқиды.
  • Қиын сөздермен жұмыс.
  • Сұрақ- жауап.
  • Жаңылтпашты жаңылмай айт.
  • Кейіпкерге мінездеме беру.

 

ІІІ  Жаңа сабақ.

 

А. Тоқмағанбетов   «Бидай мен қаңбақ».

 

1)Мысалды мәнерлеп оқу.

2)Автор туралы мағұлмат беру.

3) Бидай, қаңбақ туралы түсінік беру.

4) Мысалды оқушыларға мәнерлеп оқыту.

 

Сергіту сәті: «Егін егу»  ойыны.

Егініміз өсе берсін,

Ал біз сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

 

Топтарды орталықтарға бөлу

 

  • «Оқу- жазу» орталығы.

а) Мысалды мәнерлеп оқу.

ә) Бидай, қаңбақ сөзіне венн диаграммасын құру.

 

  • «Ғылыми» орталық

а) Мысалдан сұраулы,лепті сөйлемдерді табу.

ә) Бидай, қаңбақ сөзеріне дыбыстық  талдау жасау.

 

  1. «Өнер» орталығы

а)Еңбек  туралы  мақал  айту

ә)Мысалды сахналап  көрсету.

 

Ой қозғау.  Бидайдан  қандай тағамдар жасалады?

 

«Нан   қалай пайда  болады?» — аңызды әңгімелеп  беру.

 

IV.Қортынды

 

Ойын «Егінді ору»

 

Бидай  масақтарының  артындағы сұрақтарға  жауап  беру.

 

Дұрыс жауап берген  балаларды  бағалау.

 

Көп бидай  жиған топты  мадақтау.

 

V.Үйге тапсырма

Мысалды  мәнерлеп  оқу.