«Егінші мен қасқыр» (литван ертегісі)

111

Сабақтың тақырыбы: «Егінші мен қасқыр» (литван ертегісі)

Мақсаты:

  1. Ас атасы нан екендігін,нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін ,оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы айтып ұғындыру.
  2. Өмірден алған білімдерін,түсініктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы жетілдіру.Сөздік қорларын дамыту.
  3. Нанды ысырап етпеуге ,шашпауға тәрбиелеу.

Түрі:    жаңа сабақ

Әдісі : Әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері ,дүниетану

Көрнекілігі: интерактивті тақта ,тест тапсырмалары

Барысы:

І     Ұйымдастыру кезеңі:

Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!-деп ақын Қ. Мырзалиев жырлағандай ана тілі сабағын бастаймыз.

ІІ    Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар , үйге қандай тапсырма берілді?

Ғафу Қайырбековтың  «Комбайншы» өлеңін жаттап келу.

-Кім үй тапсырмасына дайын?

ІІІ Өткен сабақты бекіту

  1. Өткен сабақта қандай өлең өттік?

2.Комбайншы қандай маман иесі екен?

3.Тағы қандай маман иесі туралы білесіңдер?

-Балалар, қазір қай мезгіл?

-Күз мезгілі

-Назарымызды суретке аударайық.

-Не  көріп отырсыңдар?

-Осы уақыт,осы мезгіл қай уақыттан басталады?

-Дұрыс 1 қыркүйектен маужырап барқыт қоңыр күз мезгілі келеді.Біздің оқып бастаған жаңа тарауымыз да осылай аталады.

 

«Топтастыру әдісі»

-Ендеше күз мезгілі туралы ойымызды өткен тақырыптарға сүйене отырып тірек-сызба арқылы топтастырып көрсетейік.

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

 

 

-салқын күн

-молшылық

-егін жинау

-күн қысқарып,түнқысқарады

-жапырақтар сарғаяды

-отын-су дайындау

-құстар жылы жаққа қайтады    т.б.

ІY Жаңа сабақ

-Қазір көбейту амалдарын орындау арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық.

Көбейту амалын орында,нәтижесіндегі шыққан сандарды өсу ретімен қой.

 

 

 

 

 

 

25:5

 

3*3

 

2:2

 

2*3

 

10*1

 

21:3

 

 

р

 

г

 

е

 

т

 

і

 

е

 

 

 

25:5   5                           3*3    9                                  2:2      1

 

2*3     6                         10*1   10                               21:3    7

 

1 –е        5 –р     6 –т         7 –е     9 –г      10 -і

 

Қандай сөз шықты ?

 

Әр ертегі түрлеріне мысалдар келтіру

 

-Балалар ,ендеше бүгін біз «Егінші мен қасқыр» литван ертегісін өтеміз.

 

Y Оқулықпен жұмыс

 

Мәтінді ауызша айтып , мазмұнын түсіндіру

Дауыстап , ызыңдап , рөлге бөліп оқыту.

 

-Нанның дәмі неліктен дәмді деп ойлайсың? (Оқушы ойын тыңдау)

 

-Ендеше осы ертегіге сүйеніп нанның дастарханға қандай жолмен келетінін  айтып көрейікші (Оқушылар айтады)

Ендеше бәріміз назарымызды тақтаға аударайық

Сызба арқылы көрсету   (интерактивті тақта арқылы)

Күзде жер жыртады—————-тырмалайды—————тұқым әзірлейді—————себеді—————— күзде егеді—————көктемде шығады————күтіп-баптайды—————піседі———-орады—————баулайды—————кептіреді————маялайды—————бастырады——————-ұн тартады—————-қамыр илейді——————пісіреді——————нан

 

-Дастархандағы нанның қандай қиын жолмен келетінін білдіңдер ,ендеше көп термен келетін нан дәмі сондықтанда дәмді екен.

-Нанды сонда біз қандай маман иесі арқылы дастарханға қойып отырмыз деп ойлайсыңдар?

-Егінші еңбегі сондай қиын ,өте маңызды мамандық екен.

YІ Дәптермен жұмыс

 

Ертегі мазмұнына сүйеніп өлең жолдарын құрастыру

——————————  жыртады,

——————————себеді.

—————————— орады

——————————илейді

Нан дайын болады.

 

——————————тырмалайды,

—————————-әзірлейді.

——————————күтеді

——————————орады

Диханшы еңбек етеді.

 

——————————— орады,

——————————— тартады.

——————————-илейді

——————————пісіреді.

Дастарханға нан келеді.

YІІ Сабақты бекіту

«Ой толғаныс»

-«Егінші мен қасқыр» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

-Тұрмыс – салт ертегісі. Себебі бұл ертегіде адамның күнделікті өмірінен алынған яғни нанның дайындалу тәсілі айтылған.

 

-Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал-мәтел айта аласыңдар

1 Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

2 Ас атасы-нан.

  1. Дастарханда наны жоқтың,

Тамағының сәні жоқ

  1. Нанға құрмет-елге құрмет.
  2. Нан – дастархан байлығы
  3. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

YІІІ Үйге тапсырма

«Егінші мен қасқыр» ертегісін түсініп оқып,мазмұндап келу.

Ертегі мазмұнына сәйкес сурет салу

ІХ Бағалау

Сабаққа жақсы ,белсене қатысқан оқушыларды мадақтап,бағалау

Балалар, бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен аяқтайық

 

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Жерден алып ардақтап,

Торғайларға тастаңдар.

 

 

Исабекова Құралай Бақытқызы

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

№44орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі