Баубек Бұлқышев: «Ана»

67

Сабақ тақырыбы: Баубек Бұлқышев: «Ана»

Мақсаты: 1.Оқушыларға Б.Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру.

Ана мәтінінің мазмұнын ашу, Мәнерлеп дауыс ырғағымен

Оқуға жаттықтыру.

2.Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашы-

лықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту.

  1. Ананы құрметтеуге, оған деген махабаттың тіл жеткісіз болуына

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа білім беру сабағы

Әдіс- тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап алу, тіл дамыту, қайталау

 

Сабақ көрнекілігі: Б.Бұлқышев суреті

Ғажайып алаң кестесі

Ана суреті.

Пән аралық байланыс: Ән,  денешынықтыру

 

Сабақ барысы:  І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау  3 балаға әңгімелету

1.Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

2.Жазушының ілтипатпен, ыстық ықыласпен еске алып отырғаны кім?

  1. Жазушы қонаққа барған кезде, отынға барған сәтіне байланысты апасы туралы не дейді?

4.Астау және келі деген не?

5.Әңгімедегі әженің өнерлі екенін неден аңғардың?

-Ендеше Ф.Оңғарсынованың   Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін

Тосып тәтті- дәмдерін

Ол бар жерде бал жедім – демекші дүниеде

әже сияқты қымбат жандарды бағалай білейік.

 

                       ІІІ Жаңа сабақ:

-Балалар, биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толайын деп отыр?

-2011 жылы қаңтар айының 30-ында қандай мереке болды? (7-қысқы Азиада ойындары)

-Азиа ойындарын басқаша қалай атауға болады?

-Азиаданың бойтұмары қалай аталды?

-Бүгінгі сабағымыз өзгеше болмақ. Өйткені сендермен топ бойынша Азиада ойынын ойнамақпыз.

 

  1. І-топ Мұрагер тобы   Талаптыға нұр жауар!

ІІ-топ Сұңқар тобы    Мақсатымыз өнерлі боп жақсы оқу!

 

 

 

 

  1. Кім жылдам?

а) Мақал- мәтел жалғастыру

 

Ата-асқар тау,

Ана-бауырындағы бұлақ

Бала-жағасындағы құрақ

 

Күннің шуағы – жылы

Ананың құшағы жылы

 

Ананың көңілі балада

Баланың көңілі далада

 

Ананың сүті бал

Баланың тілі бал

 

Әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер

 

ә) Жаңылтпаштар айтып жарысу

Шеше, шеше

Неше кесе

Сынды кеше?

 

Шөжем деп шешесі бәйек

Шешем деп шөжесі бәйек.

Шешесі шөжем жесін дейді

Шөжесі шешем жесін дейді

 

-Балалар осы мақал мен жаңылтпаштар және мына өлең шумақтары

«Бала, бала, бала!» деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған — кім туралы? Ана суретін көрсету

-Ендеше бүгінгі күнді жазып, тақырыпты жазып қояйық

 

  1. Мұғалім: Авторы: Б.Бұлқышев біздің жерлесіміз екен, (1916-1944) қазіргі Қарағанды облысы, Жезді ауданында туған. Шығармаларын орыс, қазақ тілдерінде жазған. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапты. Отанды, жастықты жырлаған «Балалық шақ», «Есімізде қанды майдан жорықтар» т.б туындылары бар.

 

 Оқулықпен жұмыс: Дауыс ырғағымен оқып, мазмұнын түсіндіру

Топтармен жұмыс: Жеке-жеке тізбектей оқыту. Мәнерлеп дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру

 

  1. «Ғажайып алаң» ойыны

 

  1. Оң жақтағы 30

Бұл өлеңде кім туралы айтылған?

2.Ортадағы 30

Бұл шығарма біз өткен шығармалардың қайсысына ұқсастығы бар?

3.Сол жақтағы 30

Әр баланың анаға деген махаббаты қай кезден басталады деп ойлайсың?

 

 

  1. Оң жақтағы 40

Сені анаң не деп немесе қалай еркелетеді?

  1. Ортадағы 40

Ана туралы бір шумақ өлең оқып бер

  1. Сол жақтағы 40

Алдымызда келе жатқан аналар мерекесіне анаңа не

сыйлайсың? Неге?

5.Дәптермен жұмыс: Шығармадағы «ананың махаббаты», «жалпақ дүние», «толқымайтын жүрек» , «тасымайтын қан», «сезбейтін сезім»

 

  1. Шығармашылық жұмыс:

 

І-топ «Менің анам» мәтін құрастыр. Ана туралы ән салып бер

ІІ-топ Анаға байланысты 4 шумақ өлең құрастыр .Аналарыңа құттықтау сөз дайында.

 

-Өте жақсы, ендеше өмірдегі ең асыл, ең қымбат жан аналарды ренжітуші болма. Ананы құрметтеп, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

 

  1. Үйге тапсырма: «Ана» тақырыбын нақышына келтіріп,жатқа айтуға дайындалып келу

 

-Балалар сабақты қорытындылай келе 2 топта өте жақсы сабаққа қатыстыңдар. Сондықтан сендерді марапаттағым келіп отыр. Әр баланы қолдан жасалған медальдармен марапаттау.

 

8.Бағалау

Сары түс (алтын) – 5

Сұр түс  (күміс)   — 4

Қоңыр түс (қола) — 3