Ғ дыбысы мен әрпі

54

Сабақтың тақырыбы:   Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті:  Ғ әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:   1. Сөздерді талдата отырып, ғ айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға үйрету

  1. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.
  2. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

 

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

 

Есту диктанты:

Арыстан орманда. Орманда аңдар мол. Олар аң аулады.

Жаңа сабақ

Қолымда шалғы –

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Ғ)

 

Ағада бар,

Менде жоқ.

Жағада бар

Жеңде жоқ.  (Ғ)

Мұғалім аға, жаға сөздерін бірнеше рет айтып, оқушылардың назарын ғ дыбысына аударып, ғ дыбысының таңбасымен таныстырады

(А-ғ-ғ-ғ, жа-ғ-ғ-ға)

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың осы бетіндегі баған түріндегі сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Ол сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құратуға болады. Сөздік жұмыстарын жүргізу де қажет.

Мұғалім «Ол – Сағат аға. Сағат аға шалғы тартты» деген сөйлемдерді оқушыларға талдатып, меңгертткеннен соң, оқушылардың ойлаған сөйлемдерімен оларың қатарын арттыруға болады. Сөйтіп, әңгімеге ат қойылады.

 

 

Дәптермен жұмыс

Жазу дәптерінің 6-бетіндегі жазуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар Ғ дыбысының бас әрпін жазып үйренеді. Бас әріптен басталатын сөздерді жазып, көркем жазу дағдысы қалыптаса бастайды. Олар суретке және сызбаға сүйеніп, сөйлем құрап жазады.

 

Қорытынды

Балға , таға,ибұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрату