Есеп. Қанша артық?

67

Сабақтың тақырыбы:        Есеп. Қанша артық?

Сабақтың  мақсаты:

а) Бірінші заттың екінші заттан нешеуі артық екенін табуға үйрету.

ә) Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қызығушылығын ояту.

б) Ізденімпаздыққа баули отырып, сауатты жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

 

Сабақтың көрнекілігі:       Слайд, оқулық, суреттер, сандар, «Бауырсақ» ертегісі

 

Оқыту әдісі:       Түсіндіру, сұрақ – жауап.

 

Пәнаралық байланыс:       Дүниетану

 

Сабақ барысы:

         Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық

 

Оқушылар:       Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Біз көңілді баламыз,

Сәлемдесіп аламыз.

 

Мұғалім:  Бүгінгі сабағымыздың мақсат міндеті:

 

Оқушылар:       Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

Еңбектену арқылы

Биікке қол жеткізу.

 

Үй жұмысын тексеру

 

3 – есеп. 119-бет. Салыстыр.

 

6 + 2 = 8              3 + 4 > 6

4 + 5 = 9              6 + 4 > 9

6 + 3 = 9              2 + 5 > 4

 

Қызығушылығын ояту

 

Мұғалім: Қандай таңбаларды білеміз?

  • +; -; =; <; >.

 

Мұғалім: Қандай сандарды білеміз?

  • 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10.

 

Мұғалім: Қосудың компоненттерін атайық.

  • Қосылғыш. Қосылғыш. Қосындының мәні.
  • Мысалы: 2 + 1 =

 

Мұғалім: Азайтудың компоненттерін атайық.

  • Азайғыш. Азайтқыш. Айырманың мәні.
  • Мысалы: 3 – 1 = 2

 

Мұғалім: Қосу мен азайту өзара кері амалдар.

 

«Кері амалды тап» ойыны

 

2 + 3 = 5              5 – 3 = 2

3 + 3 = 6              6 – 3 = 3

4 + 3 = 7              7 – 3 = 4

 

Мұғалім: Қосу амалының қандай қасиеті бар?

  • Ауыстырымдылық қасиеті бар.

 

Мұғалім: Өте жақсы. Ережені кім айтады?

  • Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

 

Мұғалім: Балалар, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Қандай ертегіні білесіңдер?

  • «Шалқан», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық».

 

Мұғалім: Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды «Бауырсақ» ертегісімен бастайық.

  • Ертеде ата мен әже болыпты.

Ата: Кемпір – ау, маған бауырсақ пісіріп берші.

Әже: Шал – ау, үйде ұн жоқ қой, — дейді.

Ата:  Сонда шал ашуланып, қаптың түбінде азғантай ұн бар ғой, соны ал да пісірші, — дейді.

Әже: Жарайды, пісірсем пісірейін деп ұнды илеп бауырсақты пісіре бастайды.

 

Мұғалім:  Әжеміз бауырсақ пісіргенше балалар біз бүгінгі сабағымызды өтейік.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Есеп. Қанша артық?»

 

 

Тақтамен жұмыс

(Күннің жадын, тақырыпты жазу)

 

1 – есеп.

Оқы. Есепті шығар.

Бірінші бумада 6 кітап, ал екінші бумада 4 кітап бар. Бірінші бумада неше кітап артық?

І бумада – 6 кітап

ІІ бумада – 4 кітап.  ? артық

Ш: 6 — 4 = 2

Ж: 2 кітап артық.

 

2 – есеп.

Есептің жауабын ата. Түсіндір.

а) Ләйланың 5 сары және 3 жасыл тоты құсы бар. Жасылдарға қарағанда сары тоты құстар қанша артық?

Сары тоты құс – 5

Жасыл тоты құс – 3 ? артық

Ш: 5 – 3 = 2

Ж: 2 сары тоты құс артық.

 

ә) Мурка мысығының 6 безегі (баласы), ал Маркиза мысығының                   4 безегі бар. Мурка мысығының неше безегі артық?

Мурка – 6 баласы

Маркиза – 4 баласы, ? артық

Ш: 6 – 4 = 2

Ж: Мурка мысығының 2 баласы артық.

 

б) Аквариумда 7 алтын балық және 2 қара балық бар. Алтын балықтар қара балықтардан қанша артық?

Алтын балық – 7 баласы

Қара балық – 2 баласы,        ? артық

Ш: 7 – 2 = 5

Ж: 5 алтын балық артық.

 

Мұғалім:  Жақсы, балалар әземіз де бауырсағын пісіріп болыпты. Ал бауырсақ болса, терезеден домалап түсіп, орманға қарай домалай жөнеледі. Бауырсақ қоянға кездеседі.

 

Қоян:         Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ:         Жоқ, сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін, соны тыңда.

Қоян:         Қой бауырсақ сенің өлеңің жақсы екен, сен одан да менің тапсырмамды орында. Енді балалар бауырсаққа көмектесейік.

 

 

5
 
4

Қоянның тапсырмасы: 3 – есеп

            ,        ,        үшінші санды таңдап ал және тура теңдіктер құр.

 

5 = 5           4 = 4           9=9

 

Мұғалім:  Бауырсақ домалап келе жатып аюға кездеседі.

Аю:            Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ:         Аю аға мені жемеңізші өлең айтып беремін соны тыңда. Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым.

Аю:            Бауырсақ, сенің өлеңің жақсы екен сен одан да менің тапсырмамды орында. Тағы да бауырсаққа көмектесейік.

 

Аюдың тапсырмасы: 4 – есеп.

Есеп құрастыр және шығар:

Қалам – 4

Қарындаш — ? 4 – еуі артық

Ш: 4 + 4 = 8

Ж: 8 қарындаш.

 

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.

 

Мұғалім:  Бауырсақ домалап аюдан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.

Қасқыр:    Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ:         Қасқыр аға, мені жемеңізші, өлең айтып беремін. Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым, аюдан да құтылдым.

Мұғалім:  Ал, балалар тағы да Бауырсаққа көмектесейік.

 

Қасқырдың тапсырмасы: 5 – есеп.

Екінші қосылғышы 4 болатын үш қосынды жаз. Қосылғыштардың орындарын ауыстыр. Өрнектің мәндерін тап

2 + 4 = 6              3 + 4 = 7              5 + 4 = 9

4 + 2 = 6              4 + 3 = 7              4 + 5 = 9

 

Мұғалім:  Жақсы балалар, бұл жолы да бауырсаққа көмектестіңдер. Енді бауырсақ орман ішінде домалап келе жатып, түлкіге кездеседі.

 

Түлкі:        Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ:         Түлкі, мені жемеші, өлең айтып беремін, — дейді.

Түлкі:        Бауырсақ, сен одан да менің тапсырмамды орында:

Ой, балалар, балалар,

Менде қызық ойын бар.

Ал ықылас қойыңдар,

Мен берген тапсырманы,

Бұлжытпай орындаңдар.

 

Түлкінің тапсырмасы: «Кел ойнайық. Кім жылдам?»

                                       5                     4                      3

 

 

10 – 5 = 5            8 – 1 = 7              6 – 3 = 3              4 + 1= 5           7 – 4 = 3

9 – 6 = 3                       1 + 2 =3                         8 – 3 = 5           5 + 2 = 7

 

Мұғалім:  Міне балалар, бауырсақты түлкіден де құтқарып жібердік.

 

Сабақты қорыту:  Біз не үйрендік?

  • Қосу мен азайтуды.
  • Есеп шығаруды.
  • Артық ұғымын үйрендік.

 

Үйге тапсырма:          6 – есеп. Өрнектерді салыстыр.

 

Бағалау:

  • Өте жақсы.
  • Жақсы.
  • Орташа.