Рәміздерім — мақтанышым

69

Тақырыбы: Рәміздерім  мақтанышым

Мақсаты: 1) Білімділігі: жас ұрпақты Отанын сүюге,  ел рәміздерін                                     қастерлеуге үйрету.

2) Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Заман талабына сай жан – жақты, білімді, жігерлі болуын дамыту.

3) Тәрбиелігі: Оқушыларды Отанын, туған жерін, халқын сүйетін тұлға

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: рәміздер, өлең жолдары

Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап.

 

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының әнұраны айтылады.

  1. Рәміздерге не жатады?
  2. Н.Ә. Назарбаев кім?
  3. Әнұранның авторлы кім?
  4. Қазақстан халқының бас қаласы қалай аталады?
  5. Әнұран қалай аталады?

Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай – қайсысында да мемлекеттігінің белгісі – рәміздері бар. Жалпы нышындар көптеген халықтар тарихында ерте дүниеден бері кездеседі.

Бәрі болған қазақ деген көне елде,

Ел белгісі де, ерлік, өнер де

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді?

Ту болмады дегенге?!

 

Тудың қабылданған күні – 1992 жылы 4 маусым. Ресми тұсауы кесілген күн – 1992 жылы 6 маусым, Алматы қаласы. Авторы Ш. Ниязбеков

«Елтаңба» сөзі немісше – «наследство», полякша – «эмблема» деген сөздерден шыққан.

Сахналық қойылым.

  • оқушы.(Жұлдыз): Мен жұлдызбын, ұдай жарқырап, жанып тұрамын. Көк жүзінде адамзат баласына үстемдік сыйлаймын.

Жұлдызбын көктегі жымыңдаған

Қасиетімді сәуегей дана білген,

Ұрпақпен болашаққа бірге барам,

Ақ сәулемді бойыма ала білгем.

2 – оқушы. (Шаңырақ):

Шаттық қонған ұяға,

Шаңырақтан нұр төгер жадырап күн

Бақытқа қолын созған бар қазақтың,

Сан ғасыр отын үрлеп, шамын жақтым.

3 – оқушы (уық)

Мен – уықпын, шаңыраққа шашыламын,

Бойымда байсалдылық, бар шыдамм

Ей, ұрпақ, сен де өмірдің уығы бол,

Өшпестен қолыңда шам- шырағың.

4- оқушы (кереге)

Мен – керегемін, керегемін,

Ілінген ақ сауыты, берені ердің.

Ірге ұрып қарасы керегеден,

Кеңістігі көрінер кемел елдің.

5 – оқушы (пырақ)

Мен – тұлпармын, дүлдүлмін, пырақ атпын,

Жаяу жүріп аттыны сынамақ кім?!

Арасында адалдық орнатамын,

Жұптасқан ел – жұрт пенен жұрағатын.

6 – оқушы. (Қазақстан):

Мен – Қазақстанмын!

Болашаққа сәлемін жолдайтұғын

Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,

Тұғырын сары алтыннан сомдайтұғын.

 

Барлығы:

Елтаңба — өжеттік, ерліктің белгісі,

Елтаңба – тәуекел, ерліктің белгісі

Елтаңба – кемелдік, кеңдіктің белгісі

Елтаңба — өзге елмен теңдіктің белгісі,

Елтаңба – егемен елдіктің белгісі.

 

Мұғалім: Балалар, қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты. Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.

 

Ойын: «Сөзден көп сөз құрау»

1 –қатар: Елтаңба

2-  қатар: Қазақстан

3 – қатар: Әнұран

 

  1. Y. Қорытындылау

Кестені толтыр

Сенің Отаның Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан елінің Президенті Қазақстан елінің рәміздері Қазақстанның бас қаласы Қазақстанның әнұраны