Э дыбысы

29

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы

Сабақтың мақсаты:а/Э әрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана

қолданатынын түсіндіру;

ә/Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу;

б/Балалардың сөздік қорын дамыту,толықтыру.Балалардың есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:топтастыру,баяндау,жинақтау.

Сабақтың өтілу барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балаларды сабаққа дайындау.

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеру,пысықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Терме диктант.

Төмендегі сөздердің ішінен э дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

Елік,экспедиция,есерту,ереже,экспорт,кесіртке,энциклопедия.

«Жанұя» саусақ гимнастикасы

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқу,сөздік жұмыс өткізу.

Фонетикалық жаттығу «Шақыру»

— Мен сендерді есімдеріңмен атаймын, өз есімдеріңді ести салысымен, Мен – деп жауап беріңдер.

Дәптер мен жұмыс.

Өз бетіндік жұмыс.

3-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Э әрпі бар сөздердің астын сыз.

 

Сергіту  сәттері .«Есте сақтауын  дамыту»

Тербеледі  агаштар,

Алдымнан  жел  еседі.

Кіп – кішкене  агаштар,

Су  құйганда  өседі.

Топтық жұмыс.

4-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқы.

Э дыбысы кездесетін сөзді тап.

Мәтіннің  екінші бөлімін көшіріп жаз.

 

Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы

Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі

Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-

Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.

5-жаттығу.

Адасқан әріптердің  тиісті орындарын тауып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

ІҮ.Қорытынды.

Ү.Үйге тапсырма

2-жаттығу.

Сөздерді көшіріп жазып,жазылуын есте сақта.

Экология,эмблема,экскаватор,экран,экватор.

Эмблема сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ҮІ.Бағалау.