Қазақстанның жер бедері

204

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақстанның жер бедерінің ерекшелігін физикалық картаны пайдалану арқылы түсіндіру.
  2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін, танымдық әрекетін дамыту.
  3. Табиғатты аялауға үйрету, шығармашылық ой-өрісін арттыра отырып, экологиялық тәрбие беру.

 

Сабақтың түрі: Саяхат

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой бөлісу

Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, география

Көрнекілігі: физикалық карта, үнтаспа, телевизор, суреттер

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

  1. Класты түгендеу
  2. Құралдарын тексеру
  3. Психологиялық дайындық

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау

Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. (кеспе қағаз)

 

№1. Жер беті адамның қандай әрекеттерінен өзгеріске ұшырайды?

№2. Торрикондар деген не? Олардың қандай зияны бар?

№3 Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?

№4 Пайдалы қазбалары қазып алынған карьердердің орнын қалай пайдаланған?

№5 Қаланың тұрғындары нені байқады?

№6 Жер бетінің шөгуі қалай тоқтады?

№7 Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруінің пайдасы, зияны.

 

ІІІ Сергіту сәті

Қоршаған орта – табиғат

Жануар өсімдік, адамзат

Сүю, қорғау – парасат

Білейік мұны – жамағат.

 

ІV Жаңа сабақ

«Кім шапшаң» ойыны

Сұрақ-жауап әдісі

Суретпен жұмыс

Жазық пен тау

Жазық пен тауды біріктіргендегі мағынасы жер бедері деп аталады. Жер бедері – жер бетінің айлы-қырлы аймағы.

  1. Дәптермен жұмыс
  2. Күннің жады
  3. Қазақстанның жер бедері

 

VІ Саяхатқа шығамыз поездбен

4 бағыт

О.С.Ш.Б.

 

Ақтөбе  —-     Сарыарқа  ——   Астана  ——      Көкшетау ——   Алтай ——-

Тянь-Шань —— Тұран ойпатындағы шөлдер —— Каспий теңізі —— Каспий маңы ойпаты ——Ақтөбе

 

  • Балалар саяхат ұнады ма? Республикамыздың орта тұсы жасыл картада сарғыш және қоңыр түске боялған. Сүйір басы – шоқы, тізіліп жатқан таулар тау жотасы.

 

VІІ Бекіту

 

Қазақстанның әсем жерлерін, тауларын тамашалау.

Табиғат туралы өлең шумағы.

 

VІІІ Қорытынды

Сөз жұмбақ, Алатау.

 

ІХ Үй тапсырмасы 36-39 бет.

Шығарма. Менің туған жерім – Қазақстан.

 

Х. Ән. Алатау.