«Физика әлеміне саяхат» (интеллектуалдық сайыс сабақ)

107

Тақырыбы:  «Физика әлеміне саяхат» (интеллектуалдық сайыс сабақ)

«Физика әлеміне саяхат» атты сайыс сабағын өткізу үшін 10-11 сынып

оқушыларынан 2топ құралады. Әр топтың аты болуы керек.

«Ойшылдар»,«Алғырлар»

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:        Оқушылардың ақыл ойының,шығармашылығының

дамуына жағдай жасау

Тәрбиелік:                   Ойын барысында оқушылардың физикалық

терминдерді қолдану мәдениетін,сауаттылығын

қалыптастыру,олардың пәнге деген

қызығушылығын арттыру.

Сабақтың өту барысы:  1.Кіріспе бөлімі

  1.    Ойын кезеңдері

                                      I кезең: Бәйге «Сұрақтар»

                                      II кезең:»Жеті жұрттың тілін біл»

                                      Сұрақтың  жауабын үш тілде айту

                                     III кезең:« Ғажайып алаң»  Сұрақтарға жауап беру

                                     IV кезең: «Жорға» Берілген уақытта дайындалған               

                                                            сұрақтарға жауап беру

  1.      Қорытынды бөлім

Сабағымызды бастамас бұрын әділ-қазыларды сайлап аламыз.

 

                                            -2-

  1. Кіріспе бөлімі.

                             Таланттылар ойланып,толғансын,

                             Тұлпарлары топ жарысында жүлде алсын.

                             Көңілді тапқыштар,білгіштер,

                             Бар өнерін алдарына салады.

                             Кім білімді, оқыған болса егер,

                             Бүгінгі күннің  жеңімпазы болады.

  1. Ойын шартымен таныстырылады:

  I кезең: Бәйге «Сұрақтар»

  II кезең:»Жеті жұрттың тілін біл» Сұрақтың  жауабын үш тілде айту

  III кезең:» Ғажайып алаң»  Сұрақтарға жауап беру

  IV кезең: «Жорға» Берілген уақытта дайындалған  сұрақтарға жауап беру

I кезең: Бәйге «Сұрақтар»  1. Физика сөзінің мағынасы

Жауабы: Табиғат

2.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

Жауабы:Уақыттың өтуімен дененің басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі

3.Жер төңкергіш ғалым

Жауабы: Архимед

4.»Физиканың оң қолы химия болса,математика оның көзі» деген ғалым

Жауабы: М.В.Ломоносов

  1. Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астроном

Жауабы: Галилео Галилей

 

-3-

6.«Жердің дәл шар емес екенін далаға шықпай,үйде отырып-ақ қалам ұшымен дәлелдеген» ғалым

Жауабы: Исаак Ньютон

7.Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған ғалым кім?

Жауабы: Э. Резерфорд

  1. Галилей 30 есе ұлғайтатын алғашқы телескопты қай жылы құрастырды?

Жауабы: 1609 жылы

  II кезең»Жеті жұрттың тілін біл» Сұрақтың  жауабын үш тілде айту

  1. Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама

Жауабы: Энергия, energy

2.Әлемде не бар болса соның бәрі қалай аталады?

Жауабы:Материя, matter

3.Траекторияның ұзындығы не деп аталады?

Жауабы: Жол, дорого,road

4.Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

Жауабы.Күш, сила,strength

  1. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары аралығына ену құбылысы

Жауабы: Диффузия, diffusion

6.Жердің жалғыз серігі

Жауабы.Ай, луна, moon

7.Зат бөлшектерінің табиғатынан бөлек табиғаты ерекше бөлшектер ағыны

Жауабы: Жарық.свет, Iight

8.Өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі

Жауабы:Күн. Солнце, sun

-4-

 III кезең: Ғажайып алаң  Сұрақтарға жауап беру

1.Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де,жаяу да

Саралайсың,таңдайсың.

Жауабы: Жол

2.Суы бар стаканға мұздың кішкентай  кесегін тастап, жіп пен бір шымшым тұз арқылы мұзды қалай судан шығарып алады?

Жауабы: Диффузия құбылысына негіздеп айту

3.Физика табиғат туралы ғылым ретінде сөздің ғылыми мағнасын байытудатарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз

Жауабы:Әбу насыр әл-Фараби

  1. 1л су 100градуста қайнаса,2л су неше градуста қайнайды?

Жауабы:Сондай градуста

  1. Егер Жер тартылыс күшінен айрылса не болар еді?

Жауабы: Жер секундына 30км жылдамдықпен әлем кеңістігін шарлап өтер еді.

  1. Жерді ортасынан қақ бөлсе не болады?

Жауабы: Екі жарты шар.

  1. 5 жұмыртқа 4минудта піссе,100 жұмыртқа неше минудта піседі.

Жауабы: Сондай

  1. Бөлмеде отырып ауаның қысымын неге сезбейміз?

Жауабы: Сыртқы ауа мен адамның ішкі қысымдары тең

  1. Мылтықтан атылған оқ піскен жұмыртқаны тесіп өтіп кетеді. Ал,шикі жұмыртқаға оқ тисе не себепті быт-шыт болып жарылып жан-жаққа ұшып кетеді?

                                                 -5-

Жауабы: Паскаль заңы орындалады

IV кезең: «Жорға» Берілген уақытта дайындалған  сұрақтарға жауап беру

«Ойшылдар» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы:   Телескоп

  1. Молекула қандай бөлшек: Заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі
  2. Температураның өзгеруіне байланысты зат неше түрлі күйде болады?: Үш түрлі күйде
  3. Марс планетасының қазақша атауы: Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз
  4. Жердің массасы қандай шамаға тең?: 6*1024кг-ға тең
  5. Күш қандай шама: Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
  6. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон
  7. Қысым қандай бірлікпен өлшенеді?: Паскальмен
  8. Қысым айырымын өлшеуге арналған аспап қалай аталады: Манометр
  9. Су 100градуста қайнаса неше градуста мұзға айналады? 0 градуста
  10. Ток күшін қандай әріппен белгілейді,оның бірлігі,өлшенетін аспабы: I,Ампер,Амперметр
  11. Жарық бөлшектері қалай аталады?: Фотондар
  12. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі қалай аталады?: Еркін түсу

14Күштің шамасын қандай құралдың көмегімен анықтайды?: Динамометр

  1. Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні қандай? 7,9км/с
  2. Дене импульсінің өзгерісі неге тең?: Күш импульсіне тең

17 Период қандай шамаға кері: Жиілікке

  1. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі қалай аталады: Шоқжұлдыз

-6-

  1. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?: Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні
  2. Айға адамзат ұрпағының табаны қай жылы тиді?: 1969жылы

«Алғырлар» тобына қойылатын сұрақтар

  1. Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі қалай аталады?. Біздің галактика
  2. Әр түрлі заттардан нелер құралады? Денелер
  3. Температураның өлшем бірлігі:Градус
  4. Меркурий планетасының қазақша атауы: Болпан немесе Кіші Шолпан
  5. Жердің радиусы қандай шамаға тең? 6370км
  6. Бірліктердің Халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне не алынады? м/с
  7. Күш өлшейтін құрал қалай аталады?: Динамометр
  8. Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль
  9. Еркін түсу үдеуінің мәні: 9,8н/кг
  10. Қорғасын 327градуста балқыса неше градуста қатты күйге айналады?: 327 градуста
  11. Кернеуді қандай әріппен белгілейді, оның бірлігі,өлшенетін аспабы? U; Вольт;Вольтметр
  12. Сұйық қайнайтын температура.Қайнау температурасы
  13. Қатынас ыдыстарды ата: Шайнек,құмған,кофе қайнатқыш т.б
  14. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?

Барометр-анеройдтар

  1. Екінші ғарыштық жылдамдықтың мәні. 11,2км/с
  2. Ньютонның екінші заңының өрнегі: F=m*a
  3. Период пен жиілік бір-біріне қандай шама: кері шама

                                                    -7-

  1. Аспанда барлығы қанша шоқжұлдыз белгіленген? 88
  2. Сұйықтың буға айналу құбылысы қалай аталады? Булану
  3. Астрономия грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? Астрон-жұлдыз,номос-заң

Қорытынды:

Осымен  бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей отырып бүгінгі көріп тамашаланған «Физика әлеміне саяхат» атты интелектуалдық ойын сабағы өз мәресіне жетті