Озық оқушы

44

Тақырыбы: Озық оқушы

Мақсаты:

1)Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта түсу.

2.Оқушылардың математика , дүние тану пәндеріне деген қызығушылығын молайту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі:Ойын сабақ.

Қолданылатын құралдар: көрнекілік ,плакат,карточкалар.

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу.  Бұл сабаққа 3-4 сынып оқушылары қатысады.  Оқушыларды екі топқа бөлу.

3- сынып   I-топ                             4- сынып  I I- топ

Барысы:

Ойын 3 турдан тұрады.Әр турдың бөлек- бөлек тапсырмалар беріледі.

I – ТУР

ОЙЛАН, ТАП

1.Алдымен танысамыз.

Таныспастан бұрын «менің атым»….. деген сөздерден бастап өзін- өзі таныстырады.

2.Сұрақтарға жауаптар жазу, жауап беру.

Алдымен оқып алады.Сосын жауаптарын кезектесіп айтады.

3- сынып

I тапсырма

1.Отбасына кімдер жатады?

2.Сөйлем неден тұрады?

3.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

4.1 тоннада неше кг бар?

5.Өз атын атап шақыратын құс?

Жауабы:

  1. Әке,ана,бала,әже,ата.
  2. Сөздерден.
  3. 3ке
  4. 1000кг.
  5. Көкек.

4сынып

II тапсырма

1.Құрманғазының шәкірті?

2.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

3.Көбейтудің компаненттері.

  1. = км

5.Мысық тектес жануар.

 

Жауабы:

1.Дина

  1. 2-ге

3.Көбейткіш,көбейткіш, көбейтіндінің мәні.

4.1000М=      км.

5.Жолбарыс, Сілеусін.

 III тапсырма     Жұмбақтар оқылады солардың жауаптарын, қазақша және орысша айту керек.

  • Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды.(Күн -солнце)

2)Қабат – қабат қаптама .

Ақылың болса аттама.          (Кітап-книга)

3)Ортасында шегесі,

Жіп-жіңішке денесі.(Қалам-ручка)

4)Ілулі тұр кең дала,

Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп.

Сүртем сосын өшіріп.(Тақта-доска)

4)Арқаным бар тым ұзын

Ала алмайсың бір үзім. (Жол-дорога)

5)Сақалы жоқ, шашы бар, бет аузы жоқ , басы бар.

Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш-веник)

6)Ішіне мұз қатқан, өзін – өзі мұздатқан.(Тоңазытқыш-холодильник)

7)Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды өзіңе.

Жығады ол күн сайын, ең күштінің өзінде. (Ұйқы-сон)

II тур. Зерделілер

Тақтаға сөз ілінеді сол сөзде берілген әріптерден басқа сөздер  құрастырып жазу.

Екі топ оқушылары тақтаға шығады.Сөздер құрастырады.

Берілген сөз: Алтыбақан.

 

III тур. Шарықтау шыңы.

      Логикалық тапсырмалар.

  • Парақ қағаздардан фигуралар жасау.
  • Логикалық сұрақтар.

3 сынып.

Ауылда екі ақ қайың өсіп тұр.

Атам біреуінен 2 шелек алма алды,

Екіншісінен 2 есе артық алды,

Неше шелек екінші қайыңнан алды?

4 сынып .

Аулада он екі аяқ 4 бас жүр.

Аулада бұзаулар мен тауықтар жүр.

Осыларды есептегенде неше бұзау неше тауық .

 

Жауабы: Екі бұзау 8 аяқ.             12

 

Екі тауық  4 аяқ.

3-сынып

 Мына берілген кейіпкерлердің аттарын жалғастырып айт.

Күн астындағы….

Ай астындағы…..

Алты жасар………

Ығай мен………….

Керқұла атты……

Жауабы: Күнекей, Айсұлу, Алпамыс, Сығай, Кендебай.

4-сынып

Кеше Катяның туған күні болды. Ертең бейсенбі болады. Катяның

    туған күні аптаның қай күнінде болды ?

Жауабы: Сейсенбі

3-сынып

. Эрика дәптер алу үшін 10 евро төлегенде, сатушы 1 евро қайтарып

     берген. Егер бір дәптердің бағасы 3 евро болса, Эрика неше дәптер

     сатып алды?

Жауабы: 3 дәптер.

4-сынып

. Жаттықтырушының бірінші рет ысқырығынан кейін маймылдар

     6 қатарға сап түзеп орналасқан. Әр қатарда 4 маймыл болған. Екінші

     ысқырықтан кейін маймылдар 8 қатарға орналасқан. Осы жағдайда

     әр қатарда неше маймыл болған?

Жауабы: әр қатарда 3 маймылдан болған.

Қорытынды: Оқушыларды мадақтау, марапаттау.