Біз не үйрендік?

82

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, АҚТАУ ҚАЛАСЫ

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия  сыныптары бар»

№8  жалпы білім беру орта мектебі» ММ

Сыныбы:  2 «в»                Пәні:  Әдебиеттік оқу                           

 Бастауыш сынып мұғалімі:   Кожакова Анаргул Инадировна

Сабақтың тақырыбы: Біз не үйрендік?

Сабақтың мақсаты: Не үйрендік,не білдік? қайталау, пысықтау, білімді бекіту. Тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

 

Әдіс тәсілі: Ойын сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, алфавит, 10 көлеміндегі натурал сандар, т. б.

 

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

— Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр, енді осы қонақтармен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Психологиялық дайындық.

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

 

— Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біздер бүгін сабақта дидактикалық ойындар арқылы өткіземіз.

Ойын шарты: Барлық сұрақтарға толық және қатесіз жауап беретін боламыз.

Ал ендеше тұрмайық

Ойынымызды бастайық

Не үйрендік, не білдік

Соны ортаға салайық.

 

 

  1. «Ойлан, тап» ойыны. (тіл дамыту пәні бойынша) Суреттері бойынша жұмбақ айту.
    Қабат қабат қаттама
    Ақылың болса аттама.

Өшірді,сүртті,Өзгені құртты,Өзін де құртт

Аспай піскен,қайнамай түскен.

2.Сен білесің бе ?ойыны

Қандай ертегілерді білеміз?Ертегілердің суретін көрсету.Балалар қай ертегі екенін табу керек,

 

  1. «Өз орныңды тап» ойыныЖыл мезгілдері ретімен өз орындарына тұрады.

Күз, қыс, көктем, жаз.

Сұрақтар: Бір жылда неше мезгіл бар?

Әр мезгілде неше ай бар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Сауат ашу пәнінен алған білімдерін тиянақтау.

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық ойланып.

— Балалар, біздер әріптерді, сөздерді оқуды, жазуды қай пәннен үйрендік?

-………………………………..

  1. «Сөз ойла көп, ойла» ойыны.

а) Әріптерден, буындардан сөз құрату. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Мысалы: а – дауысты, л – дауыссыз, а – дауысты

ә) кітап, әже, Айгүл, мектеп сөздерін қатыстырып сөйлем құрату.

  1. «Ой қозғау»

Қайталанып келген әріптерді алып тастау арқылы жасырынып тұрған сөзді табу.

СҚСАРСЛСЫСҒСАСШ    ҚАРЛЫҒАШ

Сұрақ: Қарлығаш қандай құс? Осы туралы қандай ертегі білеміз?

 

  1. «Кім біледі?» Ойыны.

а) Бала, машина, қуыршақ, балапан, сөздерін буынға бөлу.

ә) Сөзді қалай буынға бөлеміз?

 

  1. «Ойнайық та, ойлайық» ойыны.

а) Әріп көрсетіледі. Балалар қолындағы түстің көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыс екенін мұғалімге көрсетеді.

 

 

Математика пәнінен алған білімдерін тиянақтау.

Психологиялық дайындық.

Есептеуге жүйрік болған жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Досың солар табылатын қасыңнан.

 

Балалар, біз тура, кері санауды, қосу мен азайтуы, есеп шығаруды қай пәннен үйрендік?

 

а) 0 — ден 10 — ға дейін тура санау.

ә) 10 — нан 0 — ге дейін кері санау.

 

  1. «Тез есепте» ойыны. Ауызша.

3+1; 2+2; 6+2; 7+3; 10 — 5; 6 — 3; 7 — 4; 8 — 5; 9 — 4; 9 — 2; 10 — 7; 8 – 3; 6 – 4; 5 – 3.

 

  1. «Орныңды тап» ойыны.

а) ретімен орналастыру

10, 5, 3, 4, 1, 6, 9, 2, 7, 8, 0     0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
10.Кім көп біледі? Ойыны
Бір аптада неше күн бар?-Ретімен айту

Сергіту:Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз
Дүниені аралап,Көзді салып қараңыз
Былай қанат қағамыз

 

 

 

 

  1. «Білгіш болсаң…..» ойыны. (балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту)

— Жұдырықта неше саусақ бар? (5)

— Анасының мысығы, иті, қызы,ұлы бар Анасында неше бала бар? (2)

— Ағашта 4 құс отыр, оған тағы 2 құс келіп қосылды. Ағашты қанша құс отыр? (6)

— Қолыңда ұшты 4 қаз, қайтып қонды 2 қаз, ұшып кетті нешеуі? (4 — 2)

 

  1. «Көршісін тап» ойыны.

3 — тің, 7 — нің, 9 — дың, 6 — ның, 10 — ның көршісін тап.

 

  1. «Жоғалған сандар» ойыны.

Қалдырып кеткен сандарды тауып орнына қою.

0… 2… … … 6 … 8 … 10

 

  1. «Құрамын тап» ойыны. (Гүлдің күлтесіне сандардың құрамын жазу)

8 — дің, 9 — дың, 10 — ның құрамын табу.

 

Қорытындылау.

Сабақ соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтау

.