Астанаға ақ бата. Дихан Әбілев. Бата сөз (Ел аузынан)

1030

Сабақтың  тақырыбы:  Астанаға ақ бата. Дихан Әбілев. Бата сөз (Ел аузынан)

Сабақтың мақсаты:

  1. Халқымыздың асыл сөзі – бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздерінің мағынасын,идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
  2. Бата сөздерді жинақтауға,асыл сөздерді түсінуге,мәнерлі айтуға жаттығу.
  3. Бата сөз-ата-баба сөзі мирас,мұра болып,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатынына сенімдерін арттыру.Бата арқылы жақсы сөз,тілек айтуға үйрету. Қазақстан Республикасын сүюге, Отанының патриоты бола білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: Интерактивті тақта, Астана туралы суреттер, Қазақстан Республикасының картасы. Шешендік сөздер жинағы.

Түрі:  жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, шығармашылық, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:  бейнелеу өнері, дүниетану

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі:

Қонақтарға амандасу

Үлкенге де Сіз

Кішіге де Сіз

Сәлем береміз Құрметпенен

Сіздерге біз.

  1. Оқушылардың сабаққа әзірлігі
  2. Оқу-құралдарының толықтығы
  3. Оқушылардың сабаққа қатынасуы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Біздер қандай  тарауды  өтіп жатырмыз?

Кімдер  туралы білдік?

Қазақ халқында би-шешендік өнері бар адамдар көп болған.

— Олар қандай адамдар? Қандай қаситтері басым адамдар?

— Сендер соның ішінде қандай шешен билерді білесіңдер?Өздерің білетін кімдердің шешендік сөздерінен хабарларың бар?

 

Би шешендер

 

(Оқушылардың жауабын тақатаға жазамын) Енді осы бөлінген үш топтан өздеріне берілген үй тапсырмаларын сұраймын.

 

 

 

 

Ітоп – Төле бидің сөзін             ІІ топ- Қазыбек бидің сөзін              ІІІ топ Әйтеке бидің сөзін .

Өткен сабағымызда «Төрт тентек» атты қызықты тақырып өттік. Кім туралы?

І топқа сұрақ : Не үшін екі ауылдың арасында келісімсіздік туды?

ІІ топқа: Жиналға топқа кім келді?Не деді?

ІІІ топқа : Мөңке дауды қалай шешті?

Жалпы сұрақ: -Мөңке баланың жауабы сіздерге ұнады ма?Оны сен қалай бағалар едің?

А) тапқырлық       Ә) ақылдылық               Б) әділеттілік

В)осы үш қасиеттің де бала бойынан табылғаны

Сонымен жинақтай келе біз шешен адамдар,шешендік сөздер  қандай болу керек екенін білдік.Тағы қандай сөздерді білеміз (Оқушылар жауабы)

Шешендік           күлдіретін              өткір              қанатты             қасиетті

жылататын                                                                                                                   өлмейтін

Асыл                                                         Сөз                                                                 Түзу

жаман                                                                                                                        ақылды

Көп                      Сүйектен өтетін                                     ұмтылмайтын

ІІІ. Қызығушылығын       ояту

Б І Л І М
А Ш У
Т А С
А С

Сөзжұмбақ                                                                                                                                                                                                                     

Оқу …    бұлағы (білім)

Не дұшпан?     ……    ашу

Алтын,күміс …. екен

Арпа,бидай … екен.

Топтау                    жақсы тілек

БАТА               адамға жақсылық әкеледі

Жақсы сөз

 

 

    Экранда екі үзінді жазулы тұр

  1. …Өмір берсең бақытты қып бер,

Дәулет берсең ,қайырлы қып бер,

Қыз берсең,қылықты қып бер.

Ат берсең ,жүрісті қып бер,

Бала берсең ,ырысты қып бер.

«Шешендік сөздер»  кітабынан

  1. Екі досты айырған

Түбінде өзі оңбайды

Көреген болса балаңыз

Қиынды көзбен болжайды.

Өзіңнен туған ұл мен қыз

Сыйламаса –сол қайғы.

                                 Төле би

 

  • Қайсысы бата
  • Неліктен олай ойладың?
  • Бата деген не?

IV Мағынаны тану

 «Бата сөзді»

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын,

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын – туысқа  пейілді болсын,

Өнеге –білімге зейінді болсын,

Он саусағы майысқан шебер болсын,

Ел қорғайтын батыр болсын,

Шындықты айтар ақын болсын,

Абыройы өрлесін,

Жаманшылық көрмесін .         Ел аузынан

-Бата кімге берілген?

-Батада қандай тілек айтылған?

— Бата сөзді қайдан естідің?

— Алдында оқыған бата сөзімен екеуінің ұқсастығы неде?

 

САЛЫСТЫРУ

 

Өмір берсең бақытты қып бер,

Дәулет берсең ,қайырлы қып бер,

Қыз берсең,қылықты қып бер.

Ат берсең ,жүрісті қып бер,

Бала берсең ,ырысты қып бер.

«Шешендік сөздер»  кітабынан

 

 

 

 

 

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын,

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын – туысқа  пейілді болсын,

Өнеге –білімге зейінді болсын,

Он саусағы майысқан шебер болсын,

Ел қорғайтын батыр болсын,

Шындықты айтар ақын болсын,

Абыройы өрлесін,

Жаманшылық көрмесін .

                                       Ел аузынан

 

 

  • Бата болсын,бер,бол,сақта ,ет,қыл,т.б. сөздермен аяқталады

Ал енді жазушы Дихан Әбілевтің «Астанаға ақ батасын» оқиық Алдымен Дихан атамыз туралы айтып кетейік.

Дихан Әбілев

 

 

Павлодар облысы                  1907-2003                           қарапайым

Баянауыл ауданы                           жылдары                           жанұяда

ОҚЫҒАН ЖЕРІ

 

Алматыдағы журналистер

Жеті жылдық мектеп                                                                                         институтын бітірген

Семей ауыл шаруашылық техникумын

ШЫҒАРМАЛАРЫ

 

 

 

 

Арман жолында: роман.          Баянауыл баурайында: роман        «Шолпан», «Тасқұлақ»,

«Дариға» поэмалары

СИПАТТАМА

 

 

 

Ақын                                              Қазақстанның   халық жазушысы

зор талант иесідраматург, аудармашы.

Д. Әбілев қазақ әдебиетін дамытуға қосқан өміріне белсене қатысқаны үшін Қазақ ССР жоғарғы кеңесі Президиумының жарлығымен оған «Қазақ ССР халық жазушысы» құрметті атағы беріледі, «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз», «Парасат», «Халық достығы», 1-дәрежелі Отан соғысы,

«Құрмет белгісі» ордендерімен марапаталған. 2001 жылы Павлодар облысы әкімінің грант иегері болды.

Астанаға ақ бата

Таңғажайып дарқан да алып жеріміздің нақ ортасы –кіндігі сенсің ,Астана! Тәңірден тыныштық сұраған,өмірден ырыс-құт  сұраған еліміздің баспанасы – түндігі сенсің ,Астана!

Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің сыңғыры да сенсің,Астана!

Тұтас еліңді қуантқан, алыстан мейман шұбатқан – тұсаукесер тойыңда  айтылмас тілек болар ма, батагөй шалдың ниеті жүрекке барып қонар ма?

О,Астана –ақ қала,жаңа қала,жас қала! Өріп шықсын өзіңнен бақыт,байлық,бастама!Көрген өмір азабын алақандай қазағың еркіндесін,ел болсын,беттен қақпа,жасқама!

Еңсең өссін күн санап,елің өссін жыл санап. Шығармасын есіңді ,қайтармасын сесіңді Уақыт деген құмсағат.

Алла жар боп алдыңнан Аппақ күнің лауласын, дос-туысың  көп болып,жақындассын     жауласың!

О,Астана,айналдық!  Біздің соққан жүрек –сен. Қадамыңа нұр жаусын ақ батадан ,тілектен! Әумин!

Мәтінмен жұмыс

-Ақынның қандай сезімдері байқалады?

— «жақындассын     жауласың!» деген сөзді қалай түсінесің?

— Батаның қандай ерекшелігі,айырмашылығы бар?

                  Венн диаграммасы                      

 Бата сөзі                                                                                                           Астанаға ақ бата

 

 

-Ойтолғау

-Астана қаласы туралы не білеміз? (Оқушылар ойы)

-Бата сөзі көркем әдебиеттің  қандай түрі?

— Д.Әбілевтің батасы  ауыз әдебиеті  үлгісіне жата ма?

-Өздерің қандай баталар білесіңдер?

— Мәтелді толықтыру:

  1. Жақсы сөз — …..

А)толық ырыс.             Ә)жарым    ырыс      б) Көп ырыс

  1. Баталы құл арымас, батасыз ұл ……..

А)көбеймес         Ә)жарымас          б) болмас

 

Топтарға тапсырма: (2 мин. Астана суреттерінен Слайд)

 

І топқа Астанаға бата –тілек жазу

ІІ топқа Астана туралы өлең құру

ІІІтопқа Астананың бір бейнесін салып түсіндіру.

Қорыту .

-Бүгін ауыз әдебиетінің  қандай түрімен таныстық?

-Бата сөзі кімдерге қандай жағдайларда айтылады?

Бағалау. Әр топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалап айтады

Үйге үлкен кісілерден білетін баталарын сұрап ,жазып келу. «Бата сөзді» жаттау

Федоровка    қазақ жалпы орта білім беретін мектебі