Білімді шәкірт-ұстаз мерейі

56

Тақырыбы:  Білімді   шәкірт-ұстаз  мерейі

Мақсаты:оқушылардың     білімдерін  саралау,ой  ұшқырлықтарын   байқау,өз  білімін  көрсете  білуге   үйрету, ұйымшылдыққа, бірлікке   тәрбиелеу.

 

Түрі: білім сайысы

 

Өту барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі

Армысыздар  құрметті   ұстаздар,оқушылар!

«Оқу, іздену, тағылымды  тәрбие   мен   сындарлы   білім   беру-ұстаз   мұраты» атты    бастауыш   пәндер   бірлестігіндегі   онкүндік    аясында  ұйымдастырылып   отырған   оқушылардың  ой-өрістерін  кеңейтіп,білімге  қызығушылықтарын арттыратын «Білімді   шәкірт-ұстаз   мерейі»   атты  сайысымызға  хош келіпсіздер!

Алда   келе   жатқан   мерекелеріңіз    құтты   болсын,  құрметті   ұстаздар!

Ақыл—тон  аңдағанға  тозбайтұғын

Білім –кен  қанша  болса  азбайтұғын

Қатарың  оза  шауып  бара  жатса,

Арқаның  ауруы не  қозбайтұғын,-  деп    Тұрмағанбет   ақын  айтқандай, білім  сайысына  құлшынып   тұрған  3-сыныптың   оқушыларын  ортаға шақырамыз

І топ:  «Зерде»   тобы.  Топ   мүшелері:

Хамитбек    Жанель

Қали   Архат

Алмас   Назгүл

ІІтоп: «Талап»  тобы.  Топ   мүшелері:

Жапбасбай     Тұрар

Сүлейменқызы     Айида

Жаһанша         Есбол

Ғылымның   сырын    ұғына

Шығыңдар   білімнің   шыңына

Тапқырлық  пен  зеректік

Жеткізер    сендердей   өренді

Білімнің    нәрлі   сырына.

Сайысқа  қатысушы   топ  мүшелеріне     сәттілік  тілейміз.

Шын  жүйріктер  сыналады  жарыста

Жарыстың ба , орта  жолда  қалыспа

Әділқазы  бағалайды сіздерді

Жеңіс мәре  жақын ба,әлде  алыс  па?

Әділқазы  алқасымен  таныс  болыңыздар:

 

І кезең:  Таныстыру

Әр  топ  өздерін  таныстырады,  ұрандарын   айтады.

Білім   деген —   биік  шың

Бақытқа   сені  жеткізер

Білім   деген- ақылшың

Қиындықтан   өткізер,-деп    сайысымыздың   2-ші    кезеңін бастаймыз.

ІІ  кезең:   « Кім  көп  біледі?»

Әр  дұрыс  жауапқа  1 ұпай.

«Зерде»  тобына:

1.Мұғалім   білім  береді.(иә)

2.Судың  4 күйі   бар.(жоқ, 3 күйі  бар)

3.Біз  №201  мектепте   оқимыз.(жоқ, №102)

4.Мектептегі   ең  жоғарғы  баға-5 (иә)

5.Сынып   журналына   баға   қояды.(иә)

 

«Талап»   тобына:

  1. 1 қыркүйек-ұстаздар күні (жоқ , Білім күні)

2.Біз  «Атамұра»   баспасының   оқулықтарымен  оқимыз.(иә)

3.Кесіндіні   циркульмен    өлшейміз.(жоқ,  сызғышпен)

4.Қазақ  әліпбиінде   42  әріп,40 дыбыс бар.(иә)

5.Әр адамның   шағын  отаны-туған  елі. (жоқ,  отбасы)

 

ІІІ  кезең:

«Білекті  бірді  жығар,

Білімді  мыңды  жығар»-   демекші    сайысымыздың  келесі  бөлімі-

«Білгенге-маржан»

Әр  дұрыс  жауапқа  1ұпай

«Зерде»  тобына:

1.Торғай   даласында  алғаш  мектеп  ашқан  кім?

а)Мағжан   Жұмабаев      ә) Шоқан   Уәлиханов         б) Ыбырай  Алтынсарин

 

2.Елорда   қай  өзеннің  бойында  орналасқан?

а)Ертіс              ә) Есіл          б)  Жайық

 

3.Қазақстан   Республикасының  Мемлекеттік  Туының  авторы  кім?

а)   Ж.Мәлібеков           ә)Ш.Қалдаяқов                    б)   Ш.Ниязбеков

 

4.Абылай  ханның  шын  аты   кім?

а) Сабалақ             ә)Әбілмансұр                      б)Әбілхайыр

 

5.1 қазан   қандай   мереке?

а) Ұстаздар   күні             ә)  Қарттар   күні       б)  Балаларды   қорғау   күні

 

«Талап»  тобына:

1.Қазақ  әліппесін  жасаған,алғашқы  оқу  құралын   жасаған   кім?

а) Ыбырай   Алтынсарин     ә)Ахмет   Байтұрсынов    б)Абай Құнанбаев

 

2.Жеңгелері   Нарбала  деп     кімді  атаған?

а) Қабанбай  батырды   ә)Бөгенбай   батырды    б) Қобыланды   батырды

 

3.1925   жылы      Францияда  ән  салған   әнші   кім?

а) Жаяу    Мұса       ә)  Майра   Мұхамедқызы         б)Әміре   Қашаубаев

 

  1. «Өнер-білім бар жұрттар», «Кел, балалар  оқылық!»   өлеңдерінің   авторы   кім?

а) Ыбырай   Алтынсарин          ә)Абай  Құнанбаев       б)Міржақып  Дулатов

 

5.22  қыркүйек     қандай   мереке?

а)  Білім    мерекесі                  ә)Тілдер  мерекесі

б) Тәуелсіздік  мерекесі

 

ІҮкезең:  «Ұшқыр   ой»

Мұнда   2 минут   ішінде   « Ұстаздарым » деген   сөзден   бірнеше   жаңа  сөздер   ойлап   тауып   жазуларың   керек.Әр  дұрыс   сөзге   1 ұпай.

Мүмкін жауаптар:  ( ұста,таза,саз,тар,рас,тұз,тұр,тары,мұз,дұрыс т.б)

Ү-кезең: «Тіл-өнер»

 

Мемлекеттік  тілмен  қоса,сендер орыс  тілін  де  оқып  үйренуде-сіңдер.Орыс  тілі—ұлтаралық   қатынас  тілі.Қазір  әр  топ  жұмбақтың

шешуін   тауып , оны  орысшаға  аударасыңдар.

Әр  дұрыс   жауапқа   2 ұпай.

 

Жазу  жазып  жалықпаған,

Жаза-жаза  арықтаған.(бор-мел)

 

Қабат-қабат  қатталған

Асыл  сөзбен  апталған

Парағы   бар   сөйлейтін

Ол   қазына    өлмейтін.

(кітап-книга)

Оқушыға   күнде   еріп,

Жүретін   не?           (күнделік-дневник)

 

Дың-дың    қағыламын,

Тек      мектептен     табыламын.(қоңырау-звонок)

 

Жоқ   өзінде    бас  та,  қас  та,  мойын   да,

Ұзындығы    жазулы    тұр   бойында.(сызғыш-линейка)

 

Білімнен  мол  сый-асы,

Балғындардың  ұясы.(мектеп-школа)

 

Білімнің   дәнін   тереді,

Балаға  тәлім   береді.(мұғалім-учитель)

 

Қазір   жылдың  қай   мезгілі?  (күз-осень)

 

Бір  санға  бізді   өсірді

Өзі   қалып    орнында

Бізді  алға   көшірді.(сынып-класс)

 

Ақ   сандығым  ашылды,

Ішінен   жібек   шашылды.   (күн-солнце)

 

 

Әр  топ    ұстаздар   мерекесіне   орай   өлеңдер   жатқа   айтады.

 

Қызықты   сайысты  көрдіңіз

Білімді  екеніне  сендіңіз

Әділқазы  ел  сенген

Сайыстың  бағасын  беріңіз.

 

Жеңімпаз  топты  анықтау,марапаттау.