Ән: Жанатым-ақ келінім, аңқылдаған!

94

Ән:  Жанатым-ақ келінім, аңқылдаған!

Жанатым-ақ келінім аңқылдаған!

Тектілік, жаны алтын жалтылдаған.

Сымбатын салиқалы саналы ұғар,

Қымбатым ұлымменен жарқын маған!

 

Жанатым-бақ сыйлаған қызым-елік!

Шаттандым, аққу көрік жүзін көріп.

Жан жарым анаң болып шыға келді,

Жайнайды ай мен күні ізіне еріп!

 

Жанатым-қуанышым, ұрандадым!

Бақыттан бір орнымда тұра алмадым!

Көзімнің ағы менен қарасындай,

Алладан амандығын сұранғаным!!!

 

Жанатым-қанат қаққан қарлығашым!

Қасиеттім, қазынам-ары басым.

Түтінін түзу етіп, төрді ұсынар,

Өмірді жалғастырар мағынасың!

 

Өсіңдер, көркейіңдер, өркен жайып!

Ұрпақпен көбейіңдер, мәңгі байып!

Ұлыммен ұлылыққа ұмтылыңдар!

Атаңның ақ тілегі-саған лайық!!!

14.06.2010жыл.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаӘн: Нәзік жүрек
Келесі жазбаДостық жыры