ТАБИҒАТТЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ СЕН ДЕДІМ

55

ТАБИҒАТТЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ СЕН ДЕДІМ. (Әні     бар)+

Неге сені ылғи аңсай беремін? ,

Сағыныштан сарғаюмен келемін .

Келеді сені қуанышқа бөлегім ,

Текті қыз-ау  таза ,мөлдір , тереңім .

 

Айды көріп сен екен деп қалдым да ,

Тербелісі саған ұқсас талдың да .

Табиғаттың сұлулығы сен дедім ,

Көркемдігін сақтап қалған қалпында .

 

Тағдырыңа қарсы жүздің қаймықпай ,

Жан дүниең тұнып тұрған байлықтай .

Сарғалдақтай сұлулардың сымбатын ,

Бір өзіңе көшіріпті айнытпай .

 

Көңілді боп күліп жүрші өтінем ,

Мұңлы зарын маздатпасын жетіген.

Қорғаның боп , қамқоршың боп жүрейін ,

Ұлы жердің көшкенімше бетінен .

 

Жақын тартып жолдап жырдың нөсерін ,

Жеткізе алмай әсемдіктің әсерін.

Қуат тұтып , қанаттанып кеттім мен ,

Әлемдегі ең әдемі , әселім!!!

01-02.2004жыл.