Жаңашыл ұстаз — білімді ұрпақ тірегі!

88

Жаңашыл ұстаз — білімді ұрпақ тірегі!

 

«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ

Кажибекова Дана.Ташимовна

математика және информатика пәнінің мұғалімі

Білім берудегі мұғалімдер алдындағы басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану  болып табылады.  Осыған орай ақпарттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы  2010-2020 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің  дамуының мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылуы үстінде.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Оқыту үрдісінде – ақпараттық технологияларды білім беру  сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікте құру еніп,  көкей тесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Қазіргі таңда білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі кәсіптік білім беретін арнаулы оқу орындарында математика пәнінде жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиялық өнімдер — оқытудың сапасын көтеруге жауапты, білімді, шешімді таба алатын, қажетті білімді тез және тиімді қолдана алатын жаңа тұлған тәрбиелеудің – бірден бір жолы.

Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыру құралы. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану  студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

— Студенттерге оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы  толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

— Оқытудың көмегімен артады, яғни студнттерге қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

— Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін артады;

— Студентердің ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

— Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығарамашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

— Мұғалім мен  студенттің жұмысын жеңілдетеді.

Ақпараттық технология құралдары: электрондық оқулықтар, компьютер, аудио және видио материалдар, интернет желісі,  электрондық пошта, интербелсенді тақта;

Компьютердің сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды оқу-процесінде қолдану тиімділігі мол. Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруда елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер  кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уақытты қажет ететін есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.

Компьютерді математика сабағында пайдаланудың мынадай міндеттерін бөліп айтуға болады:

  • оқыту үрдісінде кері байланысты қамтамасыз ету;
  • даралап оқыту жүйесін жүзеге асыру;
  • компьютердің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, жаңа сабақты түрлендірудің көрнекілігін арттыру;
  • қажетті ақпаратты іздеуге байланысты тапсырмалар.

Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар т.б.жатқызуға болады. Мұғалім  араласпай-ақ, студентер өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі.  Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәніне пайдалану, студенттің шығармашылық. Интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату студенттердің алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды.

Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:

  • білім беруді ақпарттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
  • студенттердің ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне пайдалана оның келесі педагогикалық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • студенттің дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескерту арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдасыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану;
  • оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-іс-әрекетік компьютерлік ойындар және т.б.);
  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология, интербелсенді тақта) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

Ақпараттық мәдениетті дамыту қазіргі педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына  сай анықталады:

1.қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық кеңістік туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру (бүкіләлемдік ақпарттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды іздеу алгоритмі мен ақпараттарды аналитикалық-синтеттикалық тұрғыдан өңдеу әдістерін меңгерту).

  1. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлік) сауаттылық: оқу-әдістемелік, озық тәжіриберелді зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерін түрлендіру мен технологияларды қолдану әдістерін меңгерту;
  2. өз қызметтерін жаңа ақпарттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану; жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктері туралы білім; коммуникациялық қызметтерді пайдалану дағдысы; білім беру процесінің ерекшеліктері ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерімізге сәйкес бейімдеп пайдалану.

Оқу процессіне жаңа ақпарттық технологияларды енгізу ісі математикамен тығыз байланысты.  Колледжімізде алты интербелсенді тақтасы бар кабинет жұмыс істейді, арнайы математика кабинеті бар. Математика сабағында ақпараттық технологияны пайдалану, әсіресе жаңа тақырыпты өткенде, өзіндік жұмысты тексеру кезінде қолдану өте тиімді. Сабақ кезінде слайд —  видео фильмдерді пайдалану дәстурлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, математикаға деген қызығушылығын арттырады. Сабаққа дайындық барысында  электрондық оқулықтар, интернет желісінің ақпараттары қолданылады. Математика сабағында ақпараттық технологияны тәжірибеде қолданудың екі бағытын айқындауға болады.

  1. Жаңа тақырыпты өту барысында формулалар, дәлелелдеулер, кейбір есептерді «кілт» ретінде шығару жолдарын, сызбаларды, графиктерді слайд көрсету арқылы уақытты үнемдесе, әр студенттің қызығушылығын арттырады.
  2. Орындалған тапсырманың дұрыстығы мұғалім студент шығарған есептерді слайд арқылы тексеріп отырып, уақыт унемдейді.

Математика — студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын, және дамытатын негізі буын. Ол студенттердің интеллектін, логикалық ойлауын, және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.

Матеметика пәнінінде ақпаратық технологияларды пайдалана отырып, оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұн мән мәліметті ақпарат көзінен таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.

Әр сабағымызда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, студенттер бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдық:

1.Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

  1. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
  2. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
  3. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

5.Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;

  1. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Ақпараттық инфрақұрылымының дамуы ақпараттық технологиялардың барлық салаларға енуі  студенттердың жан-жақты білім алуына жағдай жасайды.

Сондай-ақ сабақ өтуде интербелсенді тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін  арттырады. Әртүрлі сызбаларды көрсету мысалы – «Логарифмдік және оның қасиеттері» тақырыбында  көрсеткіштік және логарифмдік функциялар графиктері түрлі-түсті сиямен ерекшелеп көрсетумен қатар, сызғыш, транспортир, қажетті кескін суреттерді тез тауып сызып қолдануға болады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді  сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.

Білім теңіз, оның тереңіне  сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды.

Мұғалім білімді студент санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру-барлық  мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін  жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын  төмендетері сөзсіз. Сондықтан өз жұмысымызда сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруге, бұған студенттерді тартып, олардың белсенді шығармашылқ жұмыстарын ұйымдастыруды міндет етіп  қойдық.

Студенттердің пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы  сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Әсіресе, математика пәнінен «Логарифм және  оның қасиеттері» тақырыбын өткенде «логарифм» сөзінің этимологиясы және шығу тарихына тоқталамын. Ерте кезеңде логарифм есептерін шешуде, логарифмді  ойлап  табу – есептеу  техникасының  үлкен  жетістігі ретінде Л.Гунтердің логарифмдік сызғышты қолданғандығы  жөнінде айтылғанда бұл ұғымның ертеден қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде қолданылғаны туралы мәлімет беремін.  Мысалы, қазақ халқының ұлттық ою-өрнек түріндегі «шимақ» оюы логарифмнің баламасы екендігін білім алушыларды ұлттық педагогика бағытында  тәрбиелеу мақсатында түсіндіремін.

Математика сабағында ақпараттық технологияны  тиімді пайдалану —  білім сапасының артуына әкеледі.

Жаңа ақпараттық технологияны математика сабақтарында пайдалана отырып, студенттердің білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі дейгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін  дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштық. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Ақпараттық технологияның тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жұмыс жасау – үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады. Жаңа технология-мұғалімнің  шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа ақпараттық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, бір уақытта педагог-психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образование //М.,2000.

  1. Фридман Л.М. Изучение личности учащегося // М., 1988-198 с.
  2. Компьютерлік оқыту программаларын қодану. Информатика-физика-математика журналы.№3. Алматы,2000.-Б.10-13.
  3. Информатика журналы. №7.