Ұлт руханиятының үш бәйтерегі

124

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Алтынбекова Гүлзада Комаровна

Өнегелі әдеби  кеш тақырыбы:

Ұлт руханиятының үш бәйтерегі

 

Мақсаты: оқушыларымызды  ұлтымыздың үш бәйтерегі атанып кеткен Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды өнер, қоғам қайраткерлері болған арыстай ер азаматтарымыздың ақын – жазушыларымыздың  шығармаларын оқып үйренуге баулу.

Барысы:

Кіріспе сөз

1-жүргізуші: Қазақ  халқы «Үш бәйтерек» атап кеткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин  қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты.

2жүргізуші: Олардың өлеңдерінен өмірге деген құштарлық, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.

  1-жүргізуші: Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.

  2жүргізуші: Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегіне жол тапты.

1-жүргізуші: Енді сол ағалардың  шығармаларына кезек берелік.

Сәкен Сейфуллин. Қазіргі  Қарағанды облысы Ақадыр ауданында дүниеге 1894 жылы келген.  Өнерлі, шежірелі ата-анадан  үлгі өнеге алған Сәкен шығармалары  халқы туралы көптеген өлең – жырлар жазды.

2жүргізуші: Сәкен өз  өлеңдеріне ән жазған. Басқа да сазгерлер ән жазған Соның бірі —   «Көкшетау»

1-жүргізуші: Тағы  ел сүйіп орындайтын  бір әні «Тау ішінде» Сүргінде жүргенде  шығарған әні.

2жүргізуші: Домбыра жайлы 1924 жылы  өлең жазды. Домбырада ойнаған ақын оны былай деп жырлайды:  Орындайтын

  1-жүргізуші: Сәкеннің  Сарыарқасын сағынғанда шығарған әні «Біздің жақта»

2жүргізуші: Ілияс Жангүгіров ағамыз да 1894 жылы қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келіп, анасынан ерте айырылған. Әкесі үлгі-өнегені көп берген.

Қостаушы:  Ілияс Жансүгіровтың «Малта» атты өлеңі  баршаға мәлім.

2жүргізуші: Бейімбет Майлин де 1894 жылы Қостанай облысында Ақтөбе деген елді мекенде дүние есігін ашқан. Бұл жасынан әкесінен айырылып, анасының тәрбиесінде болған.

  1-жүргізуші: Балаларға да арнап, өлең жазған. «Тәй- тәй, қаз, қаз…»

Тапсырма: Осы  поэманың үзіндісінен ұққаны бойынша талдау

  2жүргізуші: «Өтірікке бәйге» атты  поэма ертегісінен үзінді

  1-жүргізуші: Тағы да  Ілияс  аға шығармасы «Құлагер».

Атақты «Құлагер» поэмасынан көрініс.

2жүргізуші: Өмірге нұр шаша бір жылы келген  жайқалып келе жатқан  шағында үш бәйтерек 1938 жылы  жалған жала құрбандарына айналып, бір жылы  құрбан болды.

Қорытынды сөз   кезінде балалармен  бүгінгі әдеби кештен алған әсерлері жайында пікірталас жүргізу.

  1. Халқы осы үшеуін Үш бәйтерек деп неліктен атаған?
  2. Руханият сөзінің мән – мағынасын ашып бер.
  3. Қай шығармаларда адам  бойындағы  жаман қасиеттер  туралы

айтылған ? Тәрбиелік мәні неде ?

  1. Әр бәйтерек ақын – жазушымыздың өзіңе ұнаған шығармасын ата және ол несімен ұнады?
  2. Тұрмыс – салтты жырлаған шығармаларын ата.
  3. Ұлттық аспапта ойнай білген кім? Ол қай аспап?
  4. Жыл мезгіліне арналған Сәкен өлеңдерін жатқа кім біледі ?

Көп жауап берген оқырман немесе тыңдарманға сый бар.

1-жүргізуші: Ұлт руханиятының үш бәйтерегі қазақ сөз өнерін талант табиғатымен де қалам қуатымен де байытқан даңқты да тұғырлы тұлғалар болып табылады.

Қосымшалар

Көрініс  «Бай – бай, Құлагерім !..»

САД тобының студенті Нуртаев Мадияр:

Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап,

Шүмектеп шекесінен қан бұрқырап,

Шіреніп төрт аяқты қан бұрқырап,

Ыңқылдап өліп барад ат қырқырап.

 

«Аттандап» өткен жанға қолын бұлғап,

Баласы Құлагердің жүр шырқырап,

Қалың шаң қаптай шапқан  қара – құрық,

Балаға бұрылмайды ешкім бірақ.

 

Десеңдер, қайда Ақандай қыран құсты

Ол тастап аста тұрған жиылысты;

Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп,

Қылаң ат қылт еткенде бермен ұшты .

 

Көргенде ол мынандай сұмдық істі .

Үстіне Құлагердің құлап түсті

Білмеді не болғанын, айрылды естен,

Аймалап Құлагердің басын құшыты.

 

Келер деп үміт қылып, алдыменен,

Аты бұл алып келген алыс жерден .

Жат елде  жалғыз өзі, сүйген аты,

Серінің санасалық халіменен…

 

Құлагер тқорқырайды  қаныменен,

Ақан да шырқырайды жаныменен,

Егіліп, төгіледі  Ақан сері,

Зарлаған Құлагердің әнімен

 

2жүргізуші:

Не болды – ай, бай – бай , саған Құлагерім ?!

Суалдың сорлы иеңнің бұлағы едің …

Тірегі көңілімнің бәйтерегім,

Бұл жерге қалайынша құлап едің ?

 

Бай, бай – ай

Құлагерім

Құлагер, айналайын арғымағым!

Осы еді өлмегенде шабар шағың

Құтсыз көл, Жыландының жырасында

Құшақтап қанды басың зар жыладым.

 

Құлагер, айналайын, жүлде алғаным

Басындай Арқарлының  күн шалғаным!

Барғанда ақыретке пырағым бол,

Қызығын көре алмадым бұл жалғанның .

 

Құлагер, құлыныңнан маған біттің,

Төрт бөліп түн ұйқымды баптап күттім,

Жылқыны қыл құйрықты елде көргір,

Қандай жан шекесінен қағып өттің ?

 

Құлагер қолда өсірген құлыным – ай!

Ішінде омыртқамның жұлыным – ай,

Жын ба екен, сайтан ба екен, қаза болғыр,

Қанды қол қастандықпен ұруын – ай !

 

Құлагер құлыныңнан  керім едің,

Нағашым сұрағанда беріп едің,

Аттарды Ерейменнен айдағанда

Оқты көз, у құйылғыр, көріп едің.

 

САД тобының студенті Нуртаев Мадияр:

Осылай Ақан зарлап жылап жатты,

Қайтсін ол, жыламасқа жанға батты.

Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге

Айрылды ол – аттан жақсы, достан – тәтті.

 

Жарлының жалғызы өлсе, жанын ұрар,

Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар,

Жел жылап, көл күрсініп жатқаны не

Таудағы Ой бауырымдар неге сулар?

 

Ой мен қыр, орман, тоғай неге шулар?

Аң мен құс күйініп жүр, не үшін бұлар?

Арқаның аяулы аты өлгеніне

Аспан, жер аза тартып тұрған шығар!

 

Қояндар қайғырысты кеуегінде

Көбелек күйіп ұшты бірден – бірге

Қуанды түлкі қарсақ, қырда қасқыр,

Жылқы жоқ соғатын деп бұдан өңге.

 

Жолыққан  аяулы атқа, ардақты ерге,

Неткен жан шыдай алар мұндай шерге.

Қашаннан қаяу көңіл сері Ақанға,

Қайғырған сияқтанды көк пен жер де …

 

Қандатып, қарсы алдында Құлагерді,

Қоймастан Ақан атқа жылай берді …

Жыласын сөйлеп қалсын  соңғы сөзін,

Қылалық біз әңгіме  былайғы елді …

Сәкен Сейфуллиннің әні

Біздің  жақта

  1. Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,

Ағашты биік таулы жерлері бар,

Өзен, су, көлдер жайлап, тау  қыстайтын

Меймандос, берекелі елдері бар,

Думанды шалқар көлдері -ай

Еркін дала белдері –ай

Қаздай қатар мыңғырып,

Тізіліп көшкен елдер – ай

А-ай, Сарыарқа,

Елің алыс,

Қалды шалыс,

Жат жерде талай елмен болдық  таныс.

  1. Жеріне біздің жақтың лайық ері,

Ер – палуан, аңшы мерген, әншіл, сері

Жасынан жүйрік мініп, өскен бұлан,

Жау жүрек ер көңілді жігіттері – ай

Тау ішіңде

1.Мен келем тау ішінде түнделетіп

Аймақты күңірентіп, өлеңдетіп,

Астымда ақ боз атым сылаң қағып,

Жалтақтап, құлақтарын елеңдетіп.

Ақ боз ат менің тұлпарым,

Шалқыған көңіл сұңқарым,

Көкірек кере жұттым мен

Ауаның жазғы жұпарын

А-ай, сүмбілшаш,

Тәтті сөзің

Қара көзің

Білгейсің келшенімді жалғыз өзің

2.Ән салдым есіп майда жаяулатып,

Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып,

Толқындай мың құбылған даусымды естіп,

Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.

 

Көкшетау

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын

Жан – жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,

Жүреді  біліп кетіп есен–сауын

 

Сексен көл Көкшетаудың саясында

Әрқайсы  алтын кесе ясында,

Ауасы дертке дауа, жұпар иісті

Көкірек қанша жұтса, тоясың ба ?

 

Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес

Басына  атсаң –дағы оғың жетпес,

Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,

Өлгенше, көкірегіңнен құмар кетпес.

 

 

«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Алтынбекова Гүлзада Комаровна