Психологиялық тренинг сабақ «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі»

304

Ақмола облысы
Степногрск қаласы,
№1 Ақсу орта мектебінің педагог- психологы
Турмаганбетова асем Бахытжановна

Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебі

Психологиялық тренинг сабақ «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі»

Қатысқандар: 11-сынып  оқушылары және ата- аналар

 «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі»


Ашық тәрбие сағаты:  «Бүгінгі мектеп түлегі –ертеңгі елдің тірегі »

Тәрбие сағатының негізі мақсаты:  Бүгінгі мектеп түлектерінің білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай асыл қасиетер болуы керек, қандай мамандыққа бейімделулері керектігі жайлы ой бөліседі, ҰБТ сынағына дайындық барыстары жайлы пікір алмасады.
Білімділігі :  Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болуы керек , неге бейімделу керктігі жайлы ойларын білдіреді, ой бөліседі.
Дамытушылығы:  Жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін арттырады, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейтеді.
Тәрбиелілігі :  Оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, Отансүйгіштікке , адамгершілікке , еңбекқорлыққа тәрбиелейді, өз мамандығын дұрыс таңдай білуіне дұрыс бағыт-бағдар береді.

Түрі : Тренинг-сабақ

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,техникалық құрлығылар, маркерлер,  А3 ватман,екі жақты скотч т.б.

Қош келдіңіздер ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін баршамыз 11 сыныптың «Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі» тақырыбындағы тренинг сабағына жиналып отырмыз.

Құрметті оқушылар ! Сіздер сәбилік,балалық шақты ,алғашқы мүшелді артқа тастап, жасөспірімдік шаққа келіп жеттіңіздер! Әрбіреуіңнің алдарыңа қойған басты мақсаттарың бар, бұл – білім  шыңына талпыну, жүректеріңмен қалаған мамандықтарыңыздың иесі болып, өз елінің ертеңі, тірегі болу. Осыған орай біздің сабағымыз болашаққа барар жолдағы ең басты сынақтардың бірі ҰБТ  жайында болмақ.

Биопоэма стратегиясы . (1 минут)

Ең алдымен біз танысып алайық,  біздің танысу әдісіміз өзгеше болмақ:   – қатысушылар   өздерінің есімдерін, өзін сипаттайтын сын есім, және ортақ қасиеті бар жануар немесе құсты атайды.

І. Ой шақыру.  ( 5 минут)

Барлықтарыңыз көптен естіп жүрген таныс сөз ҰБТ  сөзін естігенде ең алдымен ойларыңызға не келеді. Сол ойларыңызды қағазға сурет немесе кесте түрінде бейнелеп қорғайсыздар. Жеке тізім жасайды, жұппен бөліседі, топта бірлесе отырып, ортақ ойларын жинақтап,  ортада үлкен қағазға топтастырады.

ІІ. Топтарға берілген жеке жағдаяттарды шешу  (10минут)

ҰБТ дайындық барысында көптеген қиындық туындауы мүмкін, сондай жағдайларға дайын болу үшін қазір сіздерге жағдаяттар беріледі.соны шешулеріңіз керек. Әр топқа жеке жағдаяттар беріледі. Жағдаяттың шешімін жеке бөліседі, ал басқа топтар өз ойларын қосуларына болады.

Жағдаят

1 топ

Сіз сертификат алдыңыз. Бірақ құжат тапсырар кезде сізге таңдаған мамандығыңыз бойынша толық акпарат алған кезде көңіліңізден шықпады, (оқитын ғимараты ұнамауы мүмкін, оқитын пәндеріңіз қызықтырмауы мүмкін) сіз не істейсіз, сол мамандыққа тапсыра бересіз бе, әлде басқа мамандықты таңдар ма едіңіз?

2 топ

Сіз ҰБТ тапсыру үстіндесіз, қатты қобалжып отырсыз, діріл пайда болып өзіңізді қолыңызда ұстай алар емессіз, білген сұраққтардың жауаптарын есіңізге түсіре алмаудасыз, осындай жағдайға тап болсаңыз қиындықтан қалай шығуға болады?

3 топ

Ұл қыздарыңыз алда келе жатқан ҰБТ  маңыздылығын терең ұғынбай, дайындықтарға , сабаққа ешқандай құлшынысы болмай жүр, осы мәселені қалай шешуге болады?

“Өз жұлдызыңызды табыңыз” жаттығуы .  (10 минут)

Мақсаты:Ата- ана мен бала тілегінің сәкестігіне көз жеткізу

 Осындай мәселелердің туындауына кейде ата- ана  мен баланың ой тілектерінің сай келмеуі де себепкер болып жатады, сол себептен де қазір біз ата- ана мен бала  тілегінің сайкестігін  көруіміз үшін келесі жаттығуымызды орындаймыз.

Нұсқау: алдарыңызға жұлдызшалар беріледі, сол жұлдызшаға:

  • Оқушылар өздерін болашақта қандай мамандық иесі ретінде көретінін жазу керек.
  • Ата- аналар жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай мамандықта елестететініңізді жазу крек

Ортаға оқушыны ата- анасымен шығарып жазғандарын оқытып, ойларының сайкестігін  салыстыру.

Ата- ана мен бала тілегінің орындалсын деп екуін көк аспанға орналастырайық.

  1. Сіздердің алдарыңызда(5 минут)

ҰБТ дайындық барысында қандай психологиялық мәселелер туындады және қиындықтан қалай шыға білдіңіздер? Сондай ақ ата-аналар тарапында қандай қиындықтар туындады осы мәселелерді ортаға салып талқыласақ. Яғни әр топ бірнеше мәселелерді атап басқа топтармен бөлісе отырып, жауаптарын қарастырады.

«Сенімді және сенімсіз мүсін» жаттығуы  (5 минут)

Мақсаты: Сенімділік туралы білімдерін нығайту.

ҰБТ ата- ана үшін де, бала үшін де үлкен сынақ деп айтуға болады. Ал осы сынақтан өту кезінде әртүрлі кедергілер мен қиындықтар сенімнің жетіспеуінен туындап жатады.

Нұсқау: «Метептің алдына екі мүсін қою керек, деп елестетіп көріңіз. Біреуі «Сенімділік», екіншісі «Сенімсіздік». Біз бүгін мүсіншінің роліне енеміз. Әр топтан екі  қатысушы ортаға шығып «Сенімділік» мүсінін, «Сенімсіздік» мүсінін жасайсыздар. Әр топ өз мүсінін көрсетіп, содан соң «өзіне-өзі сенімді адамды»  сипаттап, жазу керек.

Жаттығу: «Сенімділік бейнесі». (3 минут)

Осы сенімділіктеріңізді жоғалтып алмас үшін қазір әрбір қатысушы өз сенімділігің символын салады.

Мақсаты: Өзіне деген сенімін арттыру.

Нұсқау: «Көздеріңді жұмып, сіз үшін сенімділіктің символы қандай екенін ойлаңыз. Енді соны суретке салып беріңіз». Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз суреттерін көрсетіп, қысқаша түсіндіреді және  қалаған қатысушыға сыйға береді. Оқушылар айта алмаса, осы символды қиын жағдайда еске түсіріп, өзіңе деген сенімділігіңді арттыруға болатынына ойларын жеткізу керек.

Осы  айтылған ойлар мен пікірлерді ескере отырып, ҰБТ дайындық және тапсыру барысындағы әртүрлі кедергілерден сүрінбей өтуге көмек болатын ұсыныстар бергім келеді:   (2 минут)

Құрметті оқушылар !

Егер ҰБТ-ден жоғары ұпай жинаймын десеңіз,

“Мемлекеттік грант” иегері атанам десеңіз,

Жоғары оқу орнына түсем десеңіз,

Білім шыңына деген қанаттарыңды қатайтамын десеңіз — уақытты мазмұнды ұйымдастырып, күндеріңізді бос өткізбей дайындық жасап, ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың айтқанын мұқият тыңдаңыздар!

Емтиханға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес.

  • Емтихан туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.
  • Емтихан сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.
  • Алдын ала: «Тапсыра алмасам не болады ?»-деп уайымдамаңыз
  • Емтиханнан өмірлік мәселе жасамаңыз.
  • Емтихан үстінде Мен тапсыра алмаймын . Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті- деген ойларға батпаңыз.

Құрметті ата- аналар! Сіздің ұрпағыңыз бүгінгі шәкірт – мектеп  түлегі болса, Егемен еліміздің ертеңгі болашағы! Алдағы үлкен сыннан сүрінбей өтіп,  жүрегімен қалаған мамандығының иесі болып, өмірден өз орнын тапсын десеңіз, сабақтан, дайындықтан қалмауын қадағалап, сынақ нәтижелерін бірге талдап, қолдау көрсетіңіз!

 

ҰБТ дайындық бойынша  ата- аналарға арналған ұсыныстар

Сынақты сәтті тапсыруы көбіне ата- аналардың көзқарасы мен ата- ананың ішкі дайындығына да байланысты болады.

  • Үйде балаға сабақ орындауына арнайы орын бөліңіз, және ешкімнің де дайындық кезінде кедергі келтірмеуін қадағалаңыз
  • Баланың көңілін аулаңыз, өзіне деген сенімділігін арттыра түсіңіз
  • Сынаққа дайындалу тәртібін бақылаңыз, артық ауыртпалық түсірмесін.
  • Баланың тағамына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, кепкен өрік және т.б. тағамдар мидың жақсы жұмыс жасауына септігін тигізеді.
  • ҰБТ алатын ұпай саны жөнінде қобалжымаңыз. Балаңызға ұпай санының аз немесе көп болуында тұрған ештеңе жоқ екенін ұғындырыңыз.
  • Тест тапсырар алдында баланың қорқынышын көтермеуге тырысыңыз – бұлтестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін.
  • Емтиханға бір күн қалғанда бала толық демалуы керек, жақсылап ұйықтауы керек.
  • Емтиханнан кейін балаға қатты сөздер мен сынаулар айтпаңыз.

Қорытынды сөз: Міне ашық тәрбие сағатымызда аяқталып қалды.

Талмасын қанат, сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын.

Соқса да дауыл, өрт болып өмір

Қанаттар балғын талмасын.

Жандары қаламайтын аласаны,

Өрендер алда талай бел асады,

Әлемге туған халқын танытатын ,

Шәкірттер –еліміздің  болашағы!