«Берекелі- Алтын күз»

201

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы
Қорғалжын мектеп-гимназиясының
мектепалды даярлық тобының мұғалімі
Мұқан Айгерім Тлегенқызы

Тақырыбы: «Берекелі- Алтын күз»

Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту.

Білімділік: балалардың күз мезгілі туралы білімдерің тиянақтау, күзгі табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру, күздің негізгі белгілерін атап, көкөніс және жеміс-жидектерді ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: тілдерін жаттықтыру, ой–өрісің кеңейту, шығармашылық қабілетттерін, бақылауғыштығын дамыту;

Тәрбиелілік: күзгі еңбекті бағалай білуге, табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, күзгі көрініс плакаттары, суреттер, жапырақтар, шарлар, көкөніс, жеміс-жидектер түрлері, үнтаспа, бас киімдер, слайд.

Өтетін орын: мәжіліс залы

Уақыты: 17:00

Барысы:

1-жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.

2-ведущий: Лес словно терем расписной,

Лиловый, золотой, багряный.

Веселой, пестрою стеной

Стоит над светлою поляной.

1-жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша — «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

2-ведущий: Добрый вечер! Дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас на этом празднике.

1-жүргізуші: Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші

 

Музыка ойналады. Сахнаға күз ханшайымы келеді.

 

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

2-ведущий: А ну ка ребята, давайта отпразднуем праздник и покажем свои таланты.

Әдеби-монтаж:

0 «а» сыныбы:

Ажар: Дөп дөңгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.

Әмір: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.

Ақкер: Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.

Аяулым: Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден  жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Нияз: Көктеп ерте шырмалып,
Әсеммен бүр жарып
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі суарып.

Дария: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.

Асан: Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Мансур: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.

 

0 «ә» сыныбы:

Таирлан: Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Сұлтан: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Мансұр: Алтын күз қоңыр салқын тарады

Қойнаулар менсайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

Жанайым: Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Алихан: Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз.

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз…

 

0 «б» сыныбы:

Арайлым: Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

«Күз-жомарт» дейміз біз,

Жемісін жеймізбіз.

Гүлдана: Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Алия: Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-бақшаға көрікпін.

Амина: Көктемде егін егетін,

Күзде жиып теретін.

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

 

1-жүргізуші: Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын

Көңілдің серіппелі күйін ашсын

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын

 

2-ведущий:  Темно, темно! На улице пустынно…                                                                                   Под музыку осеннего дождя

Иду во тьме… Таинственно и длинно                                                                                        Путь стелется, к теплу огней ведя.

 

Выступает 0 «В»:  танец с зонтами.

 

2-ведущий: Осень подойдёт неслышно,
Тихо встанет у ворот,
С дерева листик
На дорожку упадёт.

1-жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше
Ән өнеріне кезегін.

 

0 «А» сыныбының орындауында ән: «Жау, жау, жаңбыр»

Күз ханшайымы: Керемет!  Жарайсыңдар!
1-жүргізуші: Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз.

2-ведущий: Желтый, красный листопад –
Листья по ветру летят.
Что случится с нашим садом,
Если листья облетят?

Выступает 0 «Ә» Танец: «Листья»

1-жүргізуші:  Періштелер, сүйкімділер сендерсің,
Жер бетінде сендерге кім тең келсің!
Баршамызды бал тілімен балқытқан,
Өнерімен, биіменен щалқытқан.
— Иә, «бала тілі – бал» демекші, біздің бүлдіршіндеріміз тек өлең оқып, би билеп қана қоймайды, бойларында әртістік қабілеттері де жетерлік.

2-ведущий: Бродит в роще листопад
По кустам, по клёнам.
Скоро он заглянет в сад
Золотистым звоном.

Көрініс : 0 «В» «Өнімді жинаймын»

1-жүргізуші: Дидактикалық ойын «Ұстап көрейік» 0 «а», 0 «ә»
— Балалар, ойын ойнайық. Ендеше ойын шартымен таныстырайын. Сендер көздеріңді жұмасыңдар, мен қолдарына жеміс немесе көкөніс қоямын. Сендер оны сезіну арқылы ажыратып атайсыңдар.

2-ведущий: Игра « Собери листья» 0 «б», 0 «в»

Күз ханшайымы сыйлықтарын береді.

1-жүргізуші: Өнерлі ғой балалар,
Көңілдері пәк, жайсан.
Ән де айтып береді,
Би де егер қаласақ.

2-ведущий: Утром мы во двор идём-
Листья сыплются дождём.
Под ногами шелестят
И летят…летят.. летят.

0 «Б» сыныбының орындауында ән: «Ертегілер әлемінде».

Выступает 0 «А» танец: «Грибы»

Күз ханшайымы: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын.

1-жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Күз ханшайымы: Керемет! Қандайәдемі!
Выступает 0 «Б» танец: «Осений вальс»

0 «Ә» сыныбының орындауында ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Күз ханшайымы: Қандай өнерлі балалар!Ал енді балалар,  рұқсат етсеңіздер енді басқа жаққа барып сендер сияқты балалардың өнерлерін тамашалайын. Келесі жылы кездескенше жақсы. Сау болыңыздар!

1-жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Берекелі – Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

2-ведущий: Наш праздник заканчивается, поздравляем всех, кто родился в это прекрасное время года.

 1-жүргізуші: Ал енді сөз кезегін бастауыш сыныптар арасындағы оқу ісі меңгерушісі Қуанышева Индира Сағатбековнаға және ата-ана комитетінің төрайымына беріледі.

1-жүргізуші: Ең алдымен баршамызға зор денсаулық, қажымас қайрат, оқуымызда бүлдіршіндеріміз үлкен жетістіктерге жете берсің деп тілеймін. Өздерінің балдай тәтті тілдерімен, сүйкімді қылықтарымен бізді қуанта берсің.

2-жүргізуші: До свидания! До новых встреч, друзья!