«Отты жылдар елесі- Тәуелсіздік белесі»

143

Павлодар облысы   Баянауыл ауданы   Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің  тәрбие ісінің мепңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі Махсум Саулегул

«Отты жылдар елесі- Тәуелсіздік белесі»

1-Жүргізуші:  (сырттан оқу)

Сыдық Мұхамеджановтың әні «Бейбітшілік жыры» ,

орындайтын хор аралас Үшқұлын сазы фольклорлық қазақ ұлт асапаптар оркестрі

Сахна ашылады.

Оркестр «Бейбітшілік жыры»

(Музыка ойналып тұрады.)

Сахна жабылады.

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70  жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

1 ведущий:

Здравствуйте, дорогие гости!

Мы начинаем наш Торжественный мероприятие, посвященное 70-летию Великой Победы Ветеранам Войны, которые исполнили свой священный долг, принеся потомкам счастье мир!

70 мирных лет! Много это или мало, Для жизни одного человека-зрелость, а для истории страны малая частица. Еще живы те, кто принял тот бесчеловечный бой, покрыв себя и нашу землю вечной славой.

1 жүргізуші

Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.

Құрметті қонақтар, сіздердің назарларыңызға Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің «Отты жылдар елесі- Тәуелсіздік белесі» атты  мерекелік  бағдарламамызды ұсынамыз.

Музыка ойнап,  Бағдарлама ұсыну.

(Лашын, Ботагөз, Сымбат, Бижан, Гүлайым)

Сахна ашылады.

1-Жүргізуші:  (сырттан оқу) 1945 жыл кеңес әскері берлинге жақындай түсті. Сәуір айында қызыл армия берлинге шабуыл жасамақ болды. Бұл соңғы шайқас еді. 2 мамырда берлиннің қорғаныс штабы соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бұйрық берді.

 Көрініс  «Рейхстагқа ту тігу»  (Батырхан, Қизат, Бота, Айбек, Нұрдәулет, Нұрбол, Ануар, Назира, Бүліс, Табиғат- медсестра)
Офицер: Жауынгер Рахимов, Жауынгер Қошқарбаевты ертіп кел.

Рахимов: Құп болады! Қошқарбаев Рахымжанды ертіп келдім.

Офицер: Боссың! Жауынгер Қошқарбаев, сізге жауынгерлік тапсырма бар. Сіздің ержүрек батыр екеніңізді байқап жүрмін. Ана тұрған рейхстагтың үстіне ту тігу керек.   Қасыңызға жауынгерлерді ертіп алыңыз. Ал, жарайды, ақ жол тілеймін. 

Қошқарбаев: Құп болады.!

(Осы кезеде Қошқарбаев офицерлерімен шығып, неміс қарауылын атып өлтіреді.  Жаудың туын екіге бөліп сындырып лақтырады да Кеңес Республикасының қызыл туын рейхстагқа тігеді. )

Сахна жабылады.

Кремль көрініс (барлығы залдан  шығады. Екі қатар солдаттар немістің ақ туын ұстап шығып, туларды кремльдің алдына  лақтырады.)

Хор «День Победы»

Сахна жабылады. (үнсіздікке дайындық, ескерткіш қою, гүлдер дайындау)

1 жүргізуші:

????

Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл

Батырлардың жүрегі от болып жанып тұр

 

Барлық халық бейбіт өмір сүрсек те

Қараң бұлтқа оранбасын күн көкте

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңе ұста, құрметте!

 

Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедекті жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

 

Сахна ашылады.

Ерлер рухына мың тағзым мәңгілік алаудың қасында екі солдат тұрады. Екі солдат гүлшоғын әкеледі. Барлығы  залдың  екі жағынан  шығып, гүлдер қояды.  Жазба қойылады.
(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)

Сахна жабылады.

2 ведущий:

День Победы-это радостный и горький праздник! Да он и не может быть другим. Потому что не бывает безоблачной радости,  радости без слез и печали. В эти дни когда все вокруг оживает и наполняется новым дыханием.

В День Победы ветеранов

Поздравляем от души!

Скажем просто без обманов

Вы все очень хороши!

На груди у вас медали

Ордена слепят глаза

Столько вы войне отдали

Что невольная слеза

На глазах блестит от грусти

За погибших на войне!

 

Сахна ашылады.

 

Вокал «Соғыс дертін болдырмаймыз!»
Дуэт «наша армия»  артында хор

1 жүргізуші:

Аталарымыз бен апаларымыздың көрсеткен ерліктері мен батырлықтары біздер үшін және бізден кейінгі ұрпақтар үшін де нағыз үлгі өнеге болады.  Ерлерге   өлеңімен гүл ұсынған,  жерлес ақынымыз Қалихан Бекхожиннің «Жеңістің жарқын жылында» өлеңі

Мәнерлеп оқу:     Халым сымбат)

1 жүргізуші:         Слайд

Соғыста  көретінді көре білдік,

Қасықтай  қанымызды төге білдік.

Қаусатып қабырғасын қаңқорлардың,

Көбесін  қақырата сөге білдік.

Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен. Талай боздақты қыршыннан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен.  Қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Еліне, туған жеріне оралмай жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.  Майданға Павлодар жерінен 46000 жауынгер аттанды. Олардың 10256 сы шайқастарда қаза тапты. 2094і жарақаттардан әскери ауруханаларды қайтыс болды.  9450 хабарсыз кетті.  23 жауынгер Кеңес Одағының батыр атағына ие болды.  Баянауыл елді мекенінен азамат соғысына 3154 адам аттанса, 1641 адам жеңіспен оралып, ал 1513 адам майдан алаңында қаза тапты.  Осы мерейтойға санаулы күндер қалғанда ел шекарасын қорғаған  жауынгер ардагер 1915 жылдың мамыр айының   10 жұлдызында Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген  Жұмабеков Іргебай атамыз 100 жасқа қараған шағында  дүниеден қайтты.

Сіздерсіз Жеңіс деген жай сөз ғана,

Сіздерсіз төріміз де толмайтындай.

Омырауын орден мен медаль басқан

Сіздердей ерлер енді болмайтындай.

Аман-сау жүре тұршы, ардагерлер,

Жеңіс күнін мәңгілік тойлайтындай.

 

Ұлы Отан соғысы жылдарында бар ауыртпашылық әйелдер мен жасөспірімдер мойнына түсті. Сол кезде артель, колхоз басшылары, партия ұйым хатшылары, ауданда жауапты қызметте қажырлы еңбек еткен.

Тыловики ???

2- ведущий:

Дорогие ветераны Великой Отечественной войны!

Сердечно поздравляем вас с праздником Великой Святой Победы! Мы низко преклоняемся и отдаем глубокую дань уважения тем, кто героически прошел долгими тернистыми боевыми дорогами, а потом возродил родную землю из пепелища после Великой Победы.

Пусть же проходят за годами годы

Ветеранов не забудет страна

Свято и радостно память народов

Ваши хранит имена.

 

 

1 жүргізуші:

Ардагерлер – атамекен  айбыны.
Сақтады олар елін — жерін, намысын,
Ақтады олар азаматтық борышын.
Сол үшін де қолтығынан демейік,
Ардагерге, майдангерге
Барлық жерде басымызды иейік. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында   Тоқпаев Жұмабек атамызды 95 жасқа толу мерейтойымен  құттықтап, өздеріңізге арнап мектебіміздің ұстазы Ганибал Лашынның  «Ардагерім» арнауын ұсынамыз.

Арнау Лашын «Ардагерлеріме»

Трио «Ағаларым»   (Жаннұр Манашевна, Лашын, Батырхан)  

 (Ән айтылып жатқанда ардагерлерге сыйлықтар беру)   (  Нұрбол, Нұрдәулет,Тоғжан, Бижан, Айнагүл, Ботагөз, Назира)

1 жүргізуші:  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын,  Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық  Патриотизмді ұрпақ  жадына сіңіруде  айрықша рөлге ие» деген болатын.

Биыл 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көтергеніне 550 жыл толады.

Жәнібектің сардары

Басын қосып қазақтың

Шекараны  таңдады

Қазақ хандық елінің

Ұлы ханы сұлтаны

Биыл кірген қой жылы

550 жыл толады.

 

Көрініс  «Қазақ хандығының құрылуы»

(Керей хан — Батырхан,   Жәнібек хан- Бота, батырлар- Нұрбол, Нұрдәулет, Ануар, Тоғжан, Гүлайым, Бүліс, Айнаш- кемпірлер)

 

1 жүргізуші: 

Қазақстан тарихында 15 ғасырдың алатын орны ерекше- бұл уақытта қазақ халқының қалыптасуы аяқталып, оның мемлекеті пайда болды.

Жәнібек хан:  Керей сұлтан, біз Әбілхайыр ханның жүргізген саясатын қолдамаймыз, біз оған бағынбаймыз.

Керей хан: Жәнібек сұлтан, біздің қарамағымызда 200 мыңнан астам халық бар. Онда елді бастап Моғолстан  мемлекетіндегі туыс тайпаларымызға қоныс аударайық.

Жәнібек хан:  мақұл, онда ел дайындалсын,  жүрейік.

(хандар киінген, батырлар бірге, Туды бірге алып жүреді).

1 жүргізуші:  Орыс ханның тұқымдары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілхайыр Шейбани ханға бағынғылары келген жоқ. Екеуі Әбілхайыр ханға қарсы шығып, қарамағындағы адамдарымен бірге шығысқа қарай көшті. Сөйтіп олар Моғолстан мемлекетіндегі туыстас тайпалардың жеріне ауып келеді.

Жәнібек хан: Біз қазақ мемлекетінің іргесін қаладық.  (Туды орнына орналастырады.)

Керей хан: кең- байтақ қазақ жерін біздің ұрпағымыз талай- талай тарихи  кезеңдерден өткізіп, найзаның ұшымен, білектің күшімен,  қорғап, қабырғасын нығайтады. Қазақ елі ұлы мемлекетке айналады. (туды бір батыр алып, алдында жүреді, артында хандар  мен батырлары кетеді.

1-жүргізуші: Көшіп келгендер «Қазақ» атауына ие болады. Жәнібек пен Керейге ілескендерді  қазақтар деп  атады, сөйтіп бұл атау сақталып қалды.  Муххамед Хайдар Дулатидің еңбегінен.

 

Ән «Жәнібек пен Керей»       (Арман, Ислам)

 

Би «Ұршық»     (Лашын, Сымбат, Айнагүл, Бижан, Ақерке, Мейрамгүл, Салтанат, , Анель, Арай, Назгүл)

 

 «Ата заң» көрме шығады.  (                                                                     )

 

1 жүргізуші: 

 Өзінің тарихи даму жолында қазақ халқы 17-18 ғасырларды тар жол тайғақ кешу заманын басынан өткізді. Халықтың дәстүрлі құқықтарын нығайтуда Тәуке ханның атқарған рөлі мейлінше үлкен болды. Тарихи  қалыптасқан ел ішіндегі құқық нормалары жүйеленді, Қоғамның заңдары тиянақталды. Осының негізінде Ұлы жүзден шыққан Төле би, орта жүзден шыққан Қазыбек би, кіші жүзден шыққан Әйтеке билер  «Жеті жарғының» негізін қалады.

Соңғы жиырма жылда қол жеткізген толағай табыстарымыздың барлығын Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңымен байланыстырамыз. Ол  біріншіден біздің жас мемлекетіміздің жер шарындағы барлық мемлекеттермен терезесі тең, егеменді ел екендігін заң жүзінде анықтайтын, қорғайтын басты құжат екендігін бүкіл әлемнің мойындағаны. Онымен көпұлтты еліміздің президенттік және парламенттік басқару жүйесі айқындалып, әрбір азаматтың құқығы  мен міндеттері сараланып белгіленді.

ҚР Президенті Н.А. Назарбаев: «Ата заңымыз біздің мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып саналады.  Конституция- біздің бостандығымыздың негізі. Ол біздің тәуелсіздікпен жеткен жеңістерімізді, қол жеткізген табыстарымызды нығайта түсті» деген.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

Өмірден әділдік пен бақ  табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Көрмені әкету.

 

Квартет  «Егемен  Қазақстан» (Бота, Назира, Назгүл, Айпірім)

1 ведущий:  Этот год также значим следующей датой-20-летие Ассамблеи. Главная идея Ассамблеи-«Моя страна-вечное государство. Программа нашего государства-«Казахстан-2050 »: Один народ, одна страна, одна судьба».

 

1 жүргізуші:  

Мемлекет  басшысының «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауларында көрсетілген басты құндылыққа негізделген. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында аталып көрсетілгендей халықтың бірлігі- біздің жетістіктеріміздің кілті.  Елімізде 130 дан астам  ұлт өкілдері бейбіт өмір кешуде. «Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір, бір шаңырақ астында жиналған ұлт,  ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы, берекесі болып, татулығы жарасқан біздің кентімізде 11 ұлт өкілі тұрып жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады». Кентімізде тұрып жатқан  ұлттар:

Музыка ойналып тұрады.

 

Көрініс «Ассамблея» (қазақ- Гүлайым,  айбек, орыс- галя капкешевна, татар- айнагүл, украин- тоғжан, молдава- бота, шешен- батырхан, поляк- сымбат, өзбек- лашын, неміс – Толқын Ғаббасовна, славяк- бижан, белорусь- кенжегүл)

Әр ұлт өз музыкасымен билеп келу

2- Ведущий: орыс халқы,

1 жүргізуші:  татар халқы

 2- Ведущий: украин халқы

1 жүргізуші: Молдава халқы

2- Ведущий:шешен халқы

1 жүргізуші: өзбек халқы

2- Ведущий: неміс халқы

1 жүргізуші: славяк халқы

2- Ведущий: Поляк халқы

1 жүргізуші: белорусь халқы

Музыка тоқтайды.

Орыс «Моя Родина Казахстан! Мы Казахсанцы единный народ! Один   народ, одна страна, одна судьба! Процветай мой Казахстан!»

Татар: мен қазақстандықпын, біздің жүрегіміз, еліміз, болашағымыз бірге!

Неміс:

Қазақ: Гүлайым

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Қуаныштан желпілдейді түндігім,

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін

 

Барлығы:

Байтақ елдің биік ұстап байрағын,

Біздің достық мәңгі болып қалуда!!    (Барлығы шығып кетеді.)

 

1 жүргізуші:  

Азаптың артта қалды сан ғасыры

Қазақтың жетті әлемге алғаш үні

Дүниенің төрт бұрышын түгел көрді

Төрінде көш бастаған Елбасыны.

Бабасы көрмегенді көрді қазақ,

Қанатын кең жаһанға керді қазақ.

Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,

Қазақтай жер бетінде халық барын?!

Қазақстанда Президенттік басқару ХХ ғасырдың  90  жылдарында басталынған саяси өзгерістер аясында дүниеге келді. Президент билігінің заңдылығы бүкіл халықтық сайлаумен қаматамсыз етіледі.  Сайлау саяси жүйені жаңғыртуды  қамтамасыз  ететін  маңызды әрі басты  факторлардың  бірі.  Сәуір айының  9- ы Астана қаласында Нұр Отан партиясы жанындағы  «Жас Отан» Жастар қанатының  ІІІ кезектен тыс съезі өтті.

 

Музыка ойналады. Ту ұстап шығып:

  • Батырхан: Құрметті Майқайыңдықтар, 26- сәуір күні Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс Сайлауы өтеді!
  • Айбек: Біз Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектеп ұжымы  өз таңдауымызды жасадық!
  • Сымбат: Біз еліміздің жарқын болашағы үшін дауысымызды Нұрсұлтан Назарбаевқа береміз!
  • Айнагүл: Нұрсұлтан Назарбаев ұлттың ұйысуы мен елдің болашаққа деген сенімінің кепілі!
  • Бижан: Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы- елдің тілегі!
  • Лашын: Біздің Отан деп соққан жас жүрегіміздің қалауы – жастың жігер мен көңіліміздің тілеуі тек қана Нұрсұлтан Назарбаев!
  • Тоғжан: Біз еліміздің кемелді келешегін Нұрсұлтан Назарбаев деп білеміз!
  • Гүлайым: Президентімізге сенімді биіктетуге қосыламыз!

 

Барлығы: Алға Қазақстан. Жаса Қазақстан! Бірнеше рет айтады.  Барлығы шығып кетеді.

 

 

1 жүргізуші: 

Бар әлемге шын танылдық міне біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан- Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде!!

 

Ән  «Қазақстаным»   (Берікбол  мұғалім) артында хор шығады.

 

1 жүргізуші: 

Тәуелсіздік текке бізге келмеген,

Талай бабам қанын төгіп терлеген.

Сонда – дағы қасиетті қазағым,

Төл байрағын дұшпанына бермеген.

Бабалардың ғасыр бойғы арманы,

Өткені мен келешегін жалғады.

Желбіреп тұр, төл байрағы  қазақтың

Егемендік, тәуелсіздік алғалы.

 

2 ведущий:

Приветствуем тебя

Наш солнечный , наш гордый Казахстан

Моя любовь, моя Отчизна,

Мой край, мой светлый дух земной!

Мой Казахстан свободный, чистый

Цвети под солнцем и луной!

 

Сахна ашылады.

1 жүргізуші:  осымен біздің Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Отты жылдар елесі- Тәуелсіздік белесі!» атты   мерекелік  шарамыз өз мәресіне жетті. Құрметті майқайындықтар баршаңызға Ұлы мереке құтты болсын!  Еліміз тыныш, халқымыз амандықта болғай.  Назар салып тыңдағандарыңызға көптен- көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

 

1 ведущий:  На этом наш торжественный вечер посвященный ко дню Великой  Победы подходит к концу . Дорогие майкаинцы!, еще раз поздравляем вас  с Великим праздником!  Желаем вам счастья, здоровья, добра  и мира на нашей земле! Пусть процветает наш Казахстан!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оркестр
  2. Көрініс: «Рейхстагқа ту тігу» (» (Батырхан, Қизат, Бота, Айбек, Нұрдәулет, Нұрбол, Ануар, Назира, Бүліс, Табиғат- медсестра)
  3. Кремль
  4. Хор «День Победы»
  5. 1 минуттық үнсіздік
  6. Вокал – поппури «Соғыс дертін болдырмаймыз!»
  7. Дуэт, хор «Наша армия»
  8. Қ. Бекхожин «Жеңістің жарқын жылында»
  9. Слайд «Ер есімі ел есінде»
  10. Домбырамен арнау «Ардагерлерім»
  11. Трио «Ағаларым»
  12. Көрініс «Қазақ хандығының құрылуы»
  13. Опералық дуэт «Керей мен Жәнібек»
  14. Би «Ұршық»
  15. Көрініс «Ата Заң»Көрініс
  16. Квартет «Егемен Қазақстан»
  17. «Ассамблея»
  18. ҚР Президенттік сайлауы
  19. Эстрадалық ән, хор «Қазақстан»