Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі, конденсатор және индуктивтік катушка.

550

 

Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі, конденсатор және индуктивтік катушка.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі, конденсатор және индуктивтік катушкамен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс, Блум таксономиясы.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу;
  2. Оқушыларды түгендеу;
  3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
  4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
  5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру: 1.2.4-1.2.8

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі, конденсатор және индуктивтік катушкамен танысамыз.

  1. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
  2. Айнымалы ток туралы түсінік беру.

Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп атаймыз.

  1. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі.
  2. Активті кедергісі бар тізбектегі қуат.
  3. Айнымалы ток күшінің әсерлік мәні.
  4. Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі.
  5. Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік кедергі.

 

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  • 2.1.-2.4 дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Айнымалы ток деп нені айтамыз?
  2. Қозғалмай тұрған рамада айнымалы ток тудыруға бола ма?
  3. Активті кедергі деп нені айтамыз?
  4. Ток күші мен кернеудің әсерлік мәндері қалай анықталады?
  5. Сыйымдылық кедергі деп нені айтамыз?
  6. Сыйымдылық кедергі қандай шамаларға тәуелді?
  7. Индуктивтік кедергі деген не?
  8. Тұрақты ток тізбегіндегі индуктивтік кедергі деген не?

 

 

 

Айнымалы ток тізбегі.

Деңгей Тапсырма
Білім 1.Айнымалы ток дегеніміз не?

2. Квазистационар ток деп қандай тоқты атаймыз?

3. Айнымалы ток тізбегіндегі кедергінің атауы.

4. Айнымалы ток күші  мен кернеудің әсерлік мәнінің формуласын жаз.

5. Сыйымдылық және индуктивті кедергінің формуласын жаз.

6. Айнымалы токтың  толық тізбегі үшін Ом заңының формуласын жаз.

Түсінік Сөйлемдерді толықтыр.

1. Айнымалы  кернеу………   ….. ……………… өндіріледі.

2. Айнымалы ток тізбегінде …………. және …………кедергілері бар.

3. Активті кедергісі бар жүктеме ……………   …………энергияны жұтады.

4. Реактивті кедергіде ……….. жұтылмайды.

Қолданылуы Есепті шығар.

Біртекті магнит өрісінде айналып тұрған рамада пайда болатын ЭҚК-нің теңдеуі: ε=50 sin (10 3 πt). ЭҚК-і тербелістерінің амплитудасын, периодын, жиілігін, фазасын және бастапқы фазасын табыңдар.

Талдау Қандай жағдай нәтижесінде конденсатордағы кернеудің тербелісі ток күшінің тербелісінен фаза бойынша артта қалады?
Синтез Тоқ күшінің тербелістерінің теңдеуін табудың алгоритмін көрсет.
Айнымалы тоқ тізбегіндегі ток күші мен кернеудің тербеліс жиіліктері  туралы қорытынды жаз.

Жауаптары

Деңгей Тапсырма
Білім 1. Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп атаймыз.

2. Ток күшінің лездік мәні бірдей ток шамасы.

3. Активті кедергі.

4. I=Im/√2 және U=Um/√2

5. Xc=1/ wC және XL=wL

6. Im=Um/√R2+(wL-1/wC)2

Түсінік 1. Айнымалы  кернеу айнымалы ток генераторларында өндіріледі.

2. Айнымалы ток тізбегінде индуктивтік  және сыйымдылық кедергілері бар.

3. Активті кедергісі бар жүктеме генератордан алынатын энергияны жұтады.

4. Реактивті кедергіде энергия жұтылмайды.

Қолданылуы Есепті шығар.

ε=50B, w=103π, T=2π/w=2*10-3c, v=w/2π=500об/с

Талдау Активті кедергідегі кернеудің тербеліс фазасы ток күшінің тербеліс фазасымен сәйкес келген жағдайда
Синтез Зарядтан уақыт бойынша туынды алып, тоқ күшінің тербелістерінің амплитудасы формуласын ескеру
Айнымалы тоқ тізбегіндегі ток күші мен кернеудің тербеліс жиіліктерібірдей, бірақ олардың фазаларының айырымы жүктеменің қандай екендігіне байланысты.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. (2.1.1.-2.1.4.), (2.2.1.-2.2.3.), (2.3.1.-2.3.3.),

 VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §2.1; 2.2; 2.3; 2.4;  (2.1.4.-2.1.6.), (2.2.4.-2.2.8.), (2.3.4.-2.3.5.)