«Физика сабағында қазақтың ұлттық ойындары»

84

 

«Физика сабағында қазақтың ұлттық ойындары»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың білімдерін тексеру, пысықтау, пәнге қызығушылығын арттыру, өзбетімен іздену, шығармашылық пен ойлау қабілетін дамыту.

Сабақты ойын ретінде өткізе отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын физикалық құбылыстармен байланыстыру, топпен жұмыстана білуге үйрету.

Ойын арқылы логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.

   Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақ типі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, арқан.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, дене тәрбиесі, математика

 

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

1-жүргізуші: —    Дүниедегі құбылыстың мәнінде,

Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес физикасыз түсіну,

Физика дүние кілті бүгінде.

2-жүргізуші:  Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған,

Қай жүйрік Архимедті басып озған.

Жалынды патриот, батыр ғалым.

Ғасырлар түкпірінен басып озған.

Физика — табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.

1-жүргізуші: —   Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем.

Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

 

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көресіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен

таныстыру

2-жүргізуші:  2. Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.

Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – демекші ойыншылармен таныстыру (Ойыншылар өздерін таныстырады)

1-жүргізуші:   — Олай болса, «Аламан бәйгені» бастайық. Бәйгенің шарты – қазақтың ұлттық ойындарының атауларын және сол ойынға  байланысты физикалық формулалар мен теориялар және анықтамаларды қағаз беттеріне түсіру. Оның адам денсаулығына пайдасы қандай? Ойынға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт біткенде кімнің көп жазғаны анықталады. Ең көп жазған бәйгенің жеңімпазы болады.

(Әділқазылар есептеп, қазылық етеді.)

2-жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар,

Бәріңе жар салайық,

Арқан тартыс ойынын бастайық!

1-жүргізуші: Ойынның шарты: екі топ арқан тартысты бастайды, арқан тартысты ұтқанша тартыс жүріп жатырған кезде екі топқа жүргізуші кезекпен сұрақ қояды . Дұрыс жауап берген 1 сұраққа 3 ұпай, және тартыстан ұтқан кезде де 3 ұпай барлығын қосып жалпы ұпайын есептеп ұтқан топты анықтайды.

(Әділқазылар есептеп, қазылық етеді.)

Келесі «Көкпар» жұмбаққа тез дұрыс жауап беру. (Жүргізушілер жұмбақты кезекпен жасырады, әр бір дұрыс жауап 1 ұпайдан есептеледі.)

  1. — Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін.       /электр шамы-лампочка- light/

  1. Бойындағы зарядын

Ұзақ уақыт сақтайды.

Реленің күшімен

Бүлдірмістен баптайды.    /аккумулятор – storage battery/

 

  1. Күміс алмұрт тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге,

Сағаты бар, күні бар. .         /қоңырау-звонок- bell/

  1. Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. /мұз-лед-ice/
  2. Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді6

Бірақ өзі көрмейді.     ( компас,compass [кампәс])

6.Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады.   ( магнит, magnet [магнет])

  1. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп, telescope [телискоуп])
  2. Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды   ( сағат,часы, clok [клок])

9.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.  (күш,сила, strength [стрензсі])

  1. Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды     (температура)

(Әділқазылар есептеп, қазылық етеді.)

1-жүргізуші:    Енді «Асық ату» мақал-мәтелдер сайысы, асық атып алып сол асықтың нөміріне сәйкес келетін нөмірде жасырылған мақал-мәтлдің  физикалық тұрғыдан талдап, түсіндіреді.

  1. асық «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» диффузия.
  2. асық «Тау мен тасты су бұзады
  3. асық Адамзатты сөз бұзады» заттың күйі.
  4. асық «Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді» диффузия.
  5. асық «Отқа салса темірде балқиды» заттың күйлері.
  6. асық «Ауызы күйген үріп ішеді».

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам жасайық.

Кеш қызығын,  ей достар!

Осылайша шабытпен,

 2-жүргізуші:  «Ақсүйек»пен  жалғайық.  Қаланың бас әріптерін пайдалана отырып бір құралға сәйкес келтіру керек. Шапшаңдықты талап етеді тез аяқтаған топ жеңімпаз. Мәскеу, Павлодар, Риддер, Астана, Екібастүз, Тараз, Рудный, Милан, Есік, Толедо

1-жүргізуші:  Құрметті қонақтар, келесі біздің ойнымыздың аты «Теңге алу» деп аталады. Бұл сайыстың шарты екі тәжірибе арқылы тиын алады.

1 тапсырма: Конверттің ішіндегі тийынды қол тигізбей алу.( Сіріңке, конвертке салынған тиын)

2 тапсырма: жайпақ ыдысқа тйын салынып, тйынның бетімен бірдей су құйылады. Сол тынды қол тигізбей алу керек. (тиын, су, қағаз, сіріңке, жайпақ ыдыс)

Әділқазылардан қорытындылауларын сұрап, жеңімпазды анықтаймыз. Жеңімпаздар марапатталады

2-жүргізуші:        Талаптанайық жас дос ғылым деп,

Ғылыммен ұлтымызда, ұлт болып білінбек,

Ғылыммен тереземіз теңдік алып,

Болашақтың атар таңы күлімдеп,- деп, біз бүгінге кешімізді аяқтайық. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар