Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: «Білімді мыңды жығар»!

73

Сыныптан тыс  жұмыс тақырыбы: «Білімді мыңды жығар»!

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс жасай отырып оқушылар бір – бірін тыңдап,ортақ шешім қабылдауға үйрету.

Формасы: танымдық сайыс

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Ойынға қатысушыларды өз орындарына жайғастыру. Жеребе тастап топ атын алу, қазылар алқасын сайлау.

ІІ. Негізгі бөлім

Армысыздар озық ойлы оқушылар, ұстаздар! Физика- қыр- сыры көп табиғатты зерттейтін ғылым екенін біз білеміз. Мұнің дәлелі ретінде мына мысалдарға назар аударайық; «Тірі табиғаттағы қызықтар» Ультрадыбыстар, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданыс тауып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі- оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таратылатындай етіп бағыттауға болады.Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру үшін пайдаланылады. Сүйек, май, және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексерудің жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар, қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінің өзгерулері анықталады. Оның көмегімен тастар ұнтақталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу мен дәнекерлеу жүзеге асырылады. Ендігі бір қызығы ультрадыбыстарды дельфиндер, киттер, жарқанаттар және басқа да тіршілік иелері шығарады екен. Мысалы, жарқанаттың ультрадыбыстық гидролокаторларды адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және гидролокатормен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген. Олар ультрадыбыстарды шығару арқылы өзінің ұшу бағытын және қажетті қорегін таба алады екен. Міне осындай тылсым құпияға толы ғылымда әлі қандай сыр жатырғанына көз жеткізер және қандай деңгейде меңгеріп отырғанымызды тексермекке бүгін сіздермен ойнай отырып -ойлай алатындай танымдық сайысымызды бастағауымызға рұхсат етіңіздер. Олай болса, ойынға қатысатын топ мүшелерін шақырайық: (ойынға қатысатын топтарды шақыру, ) Орындарыңа жайғассаңыздар, ойын шарттарымен таныстырып өтейін.

Ойын шарттары:

І. «Адасқан әріптер»

ІІ. «Физикалық викторина»

ІІІ. «Үш саны»

ІҮ. «Ұлы тұлғалар»

Ү. Егерде мен…

Ойын болған соң оған баға берер қазылар алқасын сайлап алайық. (қазылар алқасын сайлап алу) Олай болса, көңілді ойын болсын деп, ойнымызды бастайық:

І. Шарт бойынша «Адасқан әріптер» ( әріптердің атын жазып, формуласын құрастыру ) А. а, V, m, g, Eк, F, t,

ІІ. «Физикалық викторина» Екі топқа сұрақтар беріледі І топқа:

1.«Бейімдеу», «машина» деген ұғым беретін грек сөзі

2.«Кеңістік – материяны орналастырушы бостық» деп ойлаған ғалым

3.Заттың ішкі құрылымын ескермей, энергетикалық түрлендірулердің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі

4.Изотермиялық процесті тағы қалай басқаша атайды

5.«Заттардың тегі жайлы» атақты поэма кімдікі?

ІІ топқа:

  1. «Броундық қозғалысты бақылай отырып, біз табиғаттың шымылдығын ашқан тәрізді боламыз» деп айтқан ғалым?

2.Жылулық құбылыстарды қозғалыстарды Ньютон заңдарына бағынатын молекулалар мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде қарастыратын теория.

3.Әлемнің гелиоцеентрлік жүйесін жақтаушы

4.Механиканың қатты денелердің тепе- теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлім.

5.Гей- люссак заңы қай процесс үшін

ІІІ. «Үш саны» (Үш заң, болжам ашқан ғалымдар және ашқан заңдарын тұжырымдау)

ІҮ. «Ұлы тұлғалар» (Осы уақытқа дейін физикаға үлес қосқан ғалымдар жайлы сөз қозғау.)

Ү. Егер де мен… (Физикалық құбылыстар кездесетін әнгіме, шумақ құрастыру)

Қорытынды Екі топтың жауаптарын есептеп, жеңімпаз топты анықтап, марапаттау. Көңілді ойынды осылай аяқтап, келесі ойында кездескенше сау болындар!