Энергия .Энергияның бір түрден екінші түрге айналуы.

67

Физика  9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Энергия .Энергияның бір түрден екінш түрге айналуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік энергия  ұғымын физикалық шама ретінде, энергияның сақталу заң ретінде түсіндіру. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, теориялық білімі мен физикалық тілін, теорияны практикада  қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білу біліктілігін, ойлау қабылеттілігін арттыру.

Тәрбиелік: «Қазақстан-2010» стратегиясындағы  энергия туралы таныстыру, материалистік –диалектикалық көзқарасын қалыптастыру, белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, иллюстративті, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс,  сын тұрғысынан ойлау әдісі, сатылай кешенді талдау технологиясы.

Сабақта  пайдаланылатын көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, компьютер.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы.
  • Шығармашылық жұмыс «Реактивті қозғалыс» тақырыбына презентация жасау арқылы түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

а) (Мақал-мәтел, Венн диаграммасы, алгоритм «Формула»)

б) Есептер шығару.

  1. Оқушылардың білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма §22,23   20ж

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту.

Бір жас бала  данышпанға келіп  айтыпты «Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін.

Данышпан – ол жас жігіттің алдына қасық, кесе, шам қойып  «нені таңдайсың?» — деп сұрапты.

Қасықты – депті жас бала.

Данышпан оны бес рет қайтала депті.  Жасөспірім бес рет қайталайды.

Міне көрдің бе? Бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды.

Онда не істеу керек?

Оған қолыңды созып алу керек. Сол үшін бүгінгі сабақта сендер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңды тілеймін.

а) Мағынаны  тану.

Энергия дегеніміз не?

Энергия дегеніміз – дененің жұмыс істеу  қабілетін нақты көрсететін физикалық шама.

1 тірек – сызба.

 

 

Энергия ұғымын физикалық шама ретінде талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еk қозғалыстағы дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі бар.

  1. Еk жылдамдыққа тәуелді.
  2. Оның өзгерісі денеге әсер етуші күш атқаратын жұмысқа тең.

 

А=∆Eκ;  A=Eκ −Eκ;            A= mv²⁄2 − mv²⁄2

Еn   потенциалдық күштер әрекет еткен дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі

  1. Еn дене координаталарына тәуелді.
  2. Оның өзгерісі потенциалдық күштер атқаратын жұмысқа тең

 

А=∆En;  A=-(En − En)=-(mgh— mgh) немесе
A=-(En
− En)=-(kx ²⁄2 — kx ²⁄2 )

 

Механикалық жұмыс – энергия өзгерісінің өлшемі жұмыс атқарылғанда энергияның әйтеуір бір түрі өзгереді.   А=      Еk  немесе А=-    Еn

 

Бір-бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әрі кинетикалық, әрі потенциалдық энергиясы болады. Мысалы: ЖЖС (жердің жасанды серігінің) кинетикалық энергиясы бар, өйткені ол қозғалып жүр. Ал «ЖЖС-жер» жүйесінің  потенциалдық энергиясы бар, өйткені олар бүкіләлемдік тартылыс күші арқылы өзара әрекеттеседі. Сол сияқты соқтығысқан шарлардың

кинетикалық әрі потенциалдық  энергиялары болады. себебі олар қозғалыста және серпімді  деформацияланған.

Өзара әрекеттесетін денелер жүйесінің  Еk  және Еқосындысы  Еm   береді.

Еmkn

 

Мысалы: (1жағдай) осы жағдайда  Еk  және Е  қоры

 

 

2 жағдай Дене  h2 биіктіктен түсті, V2 қозғалыс кезінде ауырлық күші жұмыс істейді     ү

А = mq (h1 – h2 ) , ол жұмыс толығымен дененің кинетикалық энергиясын арттыруға жұмсалады.                         

                                             A= mv²⁄2 − mv²⁄2;

mg h — mg h= mv²⁄2 − mv²⁄2    немесе    mv²⁄2 − mv²⁄2 )=-(mgh— mgh);

егер дененің потенциалдық энергиясы артса, онда оның кинетикалық энергиясы кемиді және керісінше.

Еk2n2 = Еk1n1

 

Қорытынды: Тұйық жүйе құрайтын және бірімен-бірі бүкіләлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.

Энергияның сақталу  заңының мәнісі осындай

Еm= Еkn =const

Бірімен-бірі тартылыс және серпімділік күштері арқылы әрекеттесетін денелердің тұйық жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады.

(жаңа сабақты бекіту)

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір.

Физикалық мағынасы: Білектің күшін түсіндіреді, ал тәрбиелік мәні білек күшіне сеніп, әлі жеткенге күш көрсетуге болмайды, тек ақылмен біліммен ғана жеңу керек.

 

 

 

Ой толғаныс.

а) Венн диаграммасын толтыру.

Еn                                   ортақ қасиет                                             Еk

 

 

 

 

Есептер шығармас бұрын: алгоритм «Формула» оқушыларды формулаларды түрлендіруді еске түсірейік.

1.Формуланы пропорция түрінде жаз.

  1. Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, жол түрінде жаз.
  2. Белгісіз көбейткішті тап.

Үй тапсырмасы:
§
22,23 .20-жаттығу. Тест жазу.