Күш. Ньютонның екiншi заңы. Масса.

149

 

 

Пән: физика,  9-сынып         
Тақырыбы:   . Күш. Ньютонның екiншi заңы. Масса.
Мақсаты Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру. Механиканың  заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау.
Күтілетін нәтиже А. Оқыған материалды айтып береді.

В.Күштердің түрлерін, күш пен үдеудің арасындағы байланысты қорытып, мысалдар келтіреді.

С.Ньютонның екінші заңын тұжырымдап, есептер шығарады.

Керекті жабдықтар оқулық, ресурс парақтары,  жұмыс дәптері, АКТ интернет желісі, суреттер топтамасы, бағалау парақтары, есептер жинағы, постерге критерий, Фличарт, өз жобаларын қорғау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Диалогтық оқыту, зерттеушілік әңгіме, «қораптағы хат», кеңейтілген тапсырмалар,жоғары дәрежелі сұрақтар, «Ойлан.Жұптас.Бөліс», «Он сұрақ»
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

12 мин

Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу. 2 мин. Коңілді музыка қосамын, оқушылардың зейінін өзіме аударамын;                              Ынтымақтастық орта қалыптастыру. Оқушыларды жаңа  тақырыпқа сай келетін сөздер бойынша топқа бөлу. Топтардың атауы:                                   І топ:«Қыс»,  ІІ топ: «Жаз», ІІІ топ: «Күз»,      ІVтоп: «Көктем».  1 мин                                            Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі. Үй тапсырмасын  «қораптағы хат» әдісімен тексеремін.   9 мин.                                Сұрақтар:1.Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?                                                     2.Ньютонның І заңын тұжырымда. 3.Галилей мен Ньютонның қозғалысқа көзқарасы олардың ізіашарларының көзқарасынан немен ерекшеленеді?4.Ньютонның І заңын дәлелдейтін мысалдар келтір. Денелердің жерге қатысты қозғалысының қандай жағдайларында инерция заңының бұзылуы байқалады?5.Оны классикалық механиканың атасы деп атаған.6. Оны “сэр” деп атаған. Мұғаліммен амандасады.  Оқушылар сабақ құралдарын тексеріп, орналасады.Топтарға бөлінеді.

 

 

 

Топ мүшелері сұрақтардың жауабын айтады.

 

Тұсау-

кесер 2мин

1. Суреттер топтамасы беріледі.

 

Жаңа тақырыпты болжап айтады.
Негізгі бөлім

 23мин

Оқулықпен, ресурс парақтарымен жұмыс.

Жаңа тақырыпты талқылау үшін суреттер топтамасы беріледі.

Ауырлық күші серпімділік күші          үйкеліс күші

 

Зерттеушілік әңгіме:  Осы суреттер топтамасы бойынша әр топ жаңа тақырыппен танысып, постер қорғайды.                                            Есептер:9-жаттығу (1,3),10-жаттығу(1,2)

Оқушылар тақырыпты оқып

тапсырманы жеке орындап,топта талдайды.

 

Оқушылар постер қорғап,  жұмыс дәптерімен жұмыс істейді,талқылайды            Топтық жұмыс. диалог , зерттеушілік әңгіме, өзін-өзі және өзара бағалау

Қорытын-ды. 5минут «Соңғы 5 минут» әдісімен аяқтаймын.

 

 

Үйге тапсырма

1мин

 

Дайындық сұрақтары.

Үй  тапсырмасын күнделікке жазады.§11,12.

9,10-жаттығуларды аяқтау.

Бағалау 2мин

 

Постерге критерий

 

 

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
 

Постерге критерий

Критерий Дескриптор Жетістік деңгейі
А  Мазмұны Тақырып мазмұны ашылмады 0
Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру қажет 1
Тақырып мазмұны толық ашылды 2

 

В  Безендірілуі Бояуы қанық емес, сурет салмаған 1
Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді 2
Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған 3
С Баяндау шеберлігі Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды 1
Ойды жеткізе білді, бірақ шешендік жетпеді немесе ой қайталана берді, қыстырма сөздер көп қолданылды 2
Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады 3
Д  Шығармашылық Тақырыпты өзге қырынан аша білді 3

 

Жаңашылдық, идея болды 3