«Физика өмірде»

93

 

Тақырыбы: «Физика өмірде»

Мақсаты:   Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін  

                     дағдыландыру.  Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін

                  арттыру.

Әдісі: Практикалық, демонстрациялық, сұрақ-жауап жарыстар.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, физикалық приборлар, компьютер, таратпа

материалдары, тәжірибеге керекті заттар;

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу. (Физика тілінде топтрдың сәлемдесуі)
  2. Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1

                          ұпай)

  1. Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе жасау)
  2. Физика қиын, ашиды миың. (Көрермендерге физикалық сұрақтар)
  3. Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын ашу, формула

                                    құрастыру)

  1. Фантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылыстарды

                        көрсет)

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!

2-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Баршаңызды «Физика өмірде» атты сайысқа қош келдіңіздер. Біз бүгін сайысымызды 8-9 сыныптар арасында жүргіземіз.

Сұрақпен сайысады үш команда

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік өнерлерін қызықтамак

Сұрайық шығуларын жұрт алдына

Сайысушы топтарды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Енді сіздерді ойын шартымен таныстырып өтейік:

  1. Сәлемдесу. (Физика тілінде топтрдың сәлемдесуі)
  2. Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1

                           ұпай)

  1. Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе жасау)
  2. Физика қиын, ашиды миың. (Көрермендерге физикалық сұрақтар)
  3. Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын ашу, формула

                                    құрастыру)

  1. Фантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылыстарды

                        көрсет)

2-жүргізуші:

Армысыздар құрметті төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер

1-жүргізуші:

Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.

Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!   – деп, әділқазы алқаларымен

таныстыру.

 

 

2-жүргізуші: I кезеңімізді бастайық. Мұнда бір топ өздерін таныстырады.

  1. «Күш» тобының таныстыруы:

   Бізідің ұран – Біз күшпіз тартамыз, тебеміз, әлемге тартылыс береміз, әділдік

   жолына сенеміз!

 — Біз күшпіз, сондықтан да жеңеміз!

 

  1. «Заряд» тобының таныстыруы:

Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда

Оны шешер өжет жастар қайда?

Олар «заряд» тобында!

 

  1. «Атом» тобының таныстыруы:

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалып айтпас

Өнері асқан дарынды.

Физиканың жолын қуған

Атом тобының атынан,

 

Қабылдаңыздар, шын жүректен

Сәлем сіздерге жалынды!

1-жүргізуші: II кезең жорға кезеңі.

«Күш» тобынан бастайық. Топ мүшелерін ортаға шақырамыз.

10 сұраққа жауап беруге дайынсыз ба?

  1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі? – (кристалдану, қатаю)
  2. Тұтас алғанда атом заряды? – ( бейтарап)
  3. Тоқ күшін өлшейтін құрал — (амперметр)
  4. Қуаттың өлшем бірлігі – (Ватт)
  5. Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)
  6. Жылдамдықтың өлшем біолігі — (м/с)
  7. Бойымен жарық таралатын сызық – (сәуле)
  8. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с2)
  9. Сүт неше градуста қайнайды? (1000С)
  10. Салмақтың өлшем бірлігі – (Н)

2-жүргізуші: «Заряд» тобына сұрақтар:

  1. Заттың сұйық күйден , газ күйіне өтуі – (булану)
  2. Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)
  3. Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)
  4. Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы – (Ом заңы)
  5. Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)

6.Қан қысымын өлшеуге арналған прибор —  (танометр)

  1. Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)
  2. Мөлдір емес денеден өтетін сәуле – (Рентген сәулесі)
  3. Ньютонның I заңы не деп аталады? – (Инерция)
  4. Циклдік жиілік қандай әріппен белгіленеді? – (ω)

1-жүргізуші: «Атомдар» тобына сұрақтар:

  1. Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)
  2. Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)
  3. F=-kx кімнің заңы? – (Гук заңы)
  4. Жиіліктің өлшем бірлігі – (Герц)
  5. Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім? – (Попов)
  6. Қысымның өлшем бірлігі – (Па)
  7. Бөлінбейтін бөлшек – (атом)
  8. Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы? – (Ньютонның II заңы)
  9. Қай планетаның сақинасы бар? – (Сатурн)
  10. Қазақстанда ең алғаш теледидир қай жылы пайда болды? – (1958ж.)

2-жүргізуші: III кезең. «Бұл фокус емес, бұл физика» деп аталады.

Тәжірибелер сайысы. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.

  1. «Стаканның қағаз қақпағы» (стакан, су, қағаз)
  2. «Мұзды судан алу» (мұз, стакан, тұз, жіп)

Үш топтың көріністерін тамашалаймыз:

  1. «Бутылкаға жұмыртқаны салу» (бутылка, жұмыртқа, қағаз, сіріңке)
  2. «Теңгені құрғақ алу» (теңге, тәрелке, су, картоп, сіріңке, стакан)

1-жүргізуші: IV кезең. «Физика қиын, ашиды миың»

Көрермендерге сұрақтар:

  1. Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы. Қатты дене мен сұйықтардың қозғалысы арқылы білеміз.)
  2. Адамның алғашқы мінген көлігі не? (балалар арбасы)
  3. Үстіне қара құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады)
  4. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
  5. Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)
  6. Батареяны өлтіретін металл (күміс)
  7. Судың кішкене бөлшегі қалай аталады? (тамшы)
  8. Кім барлық тілде сөйлей алады?»
  9. Өзен сияқты бір бағытта ағады және тоқтамайды (сағат)
  10. Не көрінеді, егер ештеңе көрінбесе? (тұман)

2-жүргізуші: V кезең. Капитандар сайысы.

3 капитанға 3 әннің мәтіні беріледі.

1-тапсырма.

Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.

 

  1. Желсіз түнде жарық ай…. (Жарықтың шығу құбылысы)
  2. Тыныш еді өмірім… (Инерция заңы)
  3. Жұлдызды түнде шаттанамын… (Жұлдыздардың ашық түнде жарқырауы

                                                               физикалық құбылыс)

 

2-тапсырма. Формула құрастыр.

      F, Q , m, N, S, k, g, P, p, V, c, q, t, ρ٫ μ٫ a, v, h, x, r,λ;

 

1-жүргізуші: IV кезең.  Фантомимо – карточкада көрсетілген физикалық

құбылысты көрсету, қарсылас топтар оның қандай құбылыс екенін анықтайды.

  1. Зарядтардың бірін-бірі тарту және тебу құбылыстары.
  2. Деформация (созылу, иілу, бұралу).
  3. Броундық қозғалыс (молекулалардың бейберекет қозғалысы).

Сөз кезегі әділ қазыларда…

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылщың

Қиындықтан өткізер…деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

 

2-жүргізуші: Келіп қатысып, тамашалағандарыңызға рахмет!