Архимед күші.

58

 

Сабақтың тақырыбы: Архимед күші.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Сұйыққа толық немесе біразы батырылған денеге әсер

ететін кері итеруші күштің дененің көлемі мен сұйық пен

газдың тығыздығына байланыстылығын анйықтау.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамытуға, өз бетімен

ізденуге, қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалап, сын

көзбен қарауға дағдыландыру.

б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке,

ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: видеопроектор,

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Сабақтың түрі: Демонстрациялық, саяхат сабақ.

Пәнаралық байланыс: География, тарих.

Сабақтың әдісі: Жаңа технологиялық әдістер, топтастыру стратегия, ақпарат

жинақтау.

Сабақтың барысы:

         І.Ұйымдастыру.

         ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

         ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

  1. Жаңа сабақты бекіту.
  2. Қорытындылау
  3. Оқушыларды бағалау

VII. Үйге тапсырма.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. І кезең:

— Балалар, бүгінгі сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз. Қазір Сиракуз қаласынан кемеге отырып, физикалық білім мұхиты бойымен «Эврика» деген аралға сапарға аттанасыңдар. Бірақ, сендердің жолдарыңда бірнеше бөгеттер кездеседі. Сондықтан, сендердің тез ойланып, дұрыс жауап берулерің қажет. Ең алдымен, кемеге кіру үшін рұхсат қағаз алу керек. Ол үшін мына физикалық шамалардың атауы мен оның өлшем бірлігін табуымыз керек.

 

S Н
m м2
P с
t кг/м3
ρ Па
V кг
F м3

 

ІІ кезең:

— Қазір сендер өз кемелеріңе шығасыңдар. Бұнда сендерді капитан, штурман, команда мүшелері, жас юнгалар қарсы алады. Бірақ, команда мүшелері бір-бірімен араласып кеткен. Біздің міндетіміз – теңізшілер арасында тәртіп орнату, яғни мына физикалық құралдардың атауын, не үшін қолданылатынын айтып беріңдер.

Манометр, барометр, сфигмоманометр, альтиметр.

 

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.

  • Тәртіп орнады, кеме якорны көтерді, жолға шығамыз. Жол өте ұзақ.

Бүгінгі сабағымызда «Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болады?» деген сұраққа жауап береміз. Ең алғаш бұл күштің мәнін грек ғалымы Архимед есептеп шығарған болатын. (аңыз әңгіме) Архимедтің ашқан жаңалығының мән мағынасын түсіну үшін электронды оқулыққа мән берейік. Демек, балалар сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді екен.

Енді биіктігі H табанының ауданы S болатын параллелепипед тәрізді денеге тығыздығы ρс сұйық тарапынан әрекет ететін ығыстырушы күштің мәнін анықтайық (136 сурет).

Fыс g Vд

Ығыстырушы күштің мәнін біз теориялық түрде қорытып шығардық. Енді алынған нәтижені тәжірибеде қарайық.

Бұл тәжірибеден қорытыдылай келе мынадай тұжырымға келеміз: Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады. Бұл заңды Архимед заңы деп атайды.

Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті Архимед күші деп те атайды.

FАс g Vд

Сұйықтың барлығына, әр түрлі тереңдікте әр түрлі гидростатикалық қысым болғандықтан Архимед күші тек суда емес, басқа да кез келген сұйықта әсер етеді. Одан басқа бұл күш газдарда да әсер етеді. Осы себептен әуе шары, дирижабльдер ұшады.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту.

Қараңғы түсті, дауыл көтерілді. Тек теңіз толқынының дауысы естіледі. Көмекке келетін ешкім жоқ. Бұл кедергіден шығу үшін бүгінгі сабағымызды пысықтайық.

 

«Білдік» топтау стратегия әдісі:

Есеп.

  1. Өлшемдері 4х0,3х0,25м темір бетонды тақтй жартылай суға батырылған. Оған әсер етуші Архимед күші қандай?
  2. 29-жаттығу -1

Суға көлемі 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

 

VII. Үйге тапсырма: § 55 Оқып келу.