Тоқтың жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы.

32

Тақырыбы: Тоқтың жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы.

Сабақтың  мақсаты:

  1. Білімділік. Электр тоғының жұмысы мен қуаты және Джоуль – Ленц заңының формуласымен танысу.
  2. Дамытушылық. Оқушылардың ой – өрісін дамытуға, пікір – таластыруға, өзбетімен ізденуге, шығармашылықты дамытуға, өздіктерінен қорытынды жасауға дағдыландыру.
  3. Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке, топтық жұмысқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Шығармашылық  іздену арқылы өз бетімен білім алу.

Сабақтың әдісі:  сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі:  Сызбалар, карточкалар, презентация,үнемдегіш электр шамы, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Пазлдармен  төрт  топқа  бөлу.  (амперметр, вольтметр, ваттметр, электр есептеуіш). Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.

 

Оқушының аты-жөні Үй тасырмасы Мағынаны тану Ұпай саны
Есеп Тест Жаңа сабақ Есеп
1

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А)Топта отырып, 20-жаттығудың №5-6 есебін дәптерлерін сағат тілімен бағыттас бір-біріне беру арқылы тексеру.

Қызығушылығын ояту:

Ә) Балама тест. «Иә,жоқ»

  1. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы:  Иә
  2. 1 Вольт — ток күшінің өлшем  бірлігі.                     Жоқ
  3. Вольтметр тізбекке   тізбектей жалғанады.          Жоқ
  4. Амперметрдің схемалық белгіленуі    .             Иә
  5. Кедергінің өлшем бірлігі  1 Ом.                             Иә

3.Тізбектегі  қатені тап.

 

 

 

 

ІІІ. Мағынаны тану.

Топтарға тапсырма беру. Флипчартқа түсіру, топтан бір көшбасшы шығып, топпен дайындалған постерін қорғау.

1 топқа: Тоқ  жұмысы.

2 топқа: Тоқ қуаты.

3 топқа: Тоқ жұмысын өлшейтін құрал

4 топқа: Джоуль – Ленц заңы

Топтарға жазу: 10 минут, қорғауға 15 минут.

  1. Толғаныс.

1.Электр шәйнегінің қыздыру элементінің кедергісі 24 0м.Кернеуі 120 В шәйнектің  тұтынатын тогының  қуатын     анықтаңдар.

2.Егер тізбектегі ток күші 2А болса, кедергісі 15 Ом спираль сым 10 минутта қандай жылу мөлшерін бөліп шығарады?

3.Электр шамының баллонында 240В, 95 Вт деп жазылған, ток күшін есептеп шығарыңдар.

  1. Энергия үнемдегіш электр шамында 230В, 18 Вт деп жазылған, ток күшін есептеп шығарыңдар.

 

Үйге тапсырма:
42, 21-жаттығу № 2,4  №6 тапсырма

 

Рефлексия: