Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері.

56

 

Тақырыбы: Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері.

Сабақтың мақсаты:  Жарықтың толқындық, корпускулалы қасиеттерін, яғни интерференция, дифракция құбылыстарын, жарықтың биологиялық әсерін, қолданылуын меңгерту

Сабақтын тәрбиелік мақсаты: отансүйгіштік, ұқыптылық пен нақтылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтын дамытушылық мақсаты: физикалық құбылыстарды пайымдау қабілетін,  оптикаға деген қызуғышылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі:  теориялық

Сабақтың әдісі: Симпсон, Блум домендерінің элементтері: интерактивті, түсіндірмелі-иллюстративтік, салыстыру, талдау, фронтальды сұрау, оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс.

Сабақтың ұзақтығы: 45 мин

Сабақтың көрнектілігі: презентация, үлестірмелі материал, бейнематериал, компьютер

Пән аралық байланыс: математика, информатика, балалар аурулары, физиология, биология

 

Сабақтың хронокартасы

  1. Ұйымдастыру кезеңі  /3 мин/
  2. Қайталау кезеңі /13 мин/
  1. Ауызша, тақтада жауап: схема, есеп/ 7мин/
  2. «Раіпt», «Power Point», «Word»  редакторында тапсырма /10/
  3. «Физикалық карта» /3 мин/
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру /12  мин/
  1. Сабақтың пысықтау кезеңі /12 мин/
  2. Үлгі есеп /2 мин/
  3. Фронтальды сұрақтар /7 мин/ ,
  4. Шығармашылық жұмыс: дифракциялық тор жасау,

                                                         «Жарық қасиеттері» сатысы  /3/

  1. Сабақты қорытындылау кезеңі: / 5мин/

         Бағалау. / 3 мин/

         Үйге тапсырма /2 мин/

Сабақтың құрылымы

/Анатомиялық кластер әдісі/

Әр кезеңде адам мүшелерін реттілігіне қарай жинақтап оқушылар кезеңдерден өткен кезде осы мүшелер суреті беріледі, олар оны өз кластерлеріне жапсырып отырады.

 

 

 

Сабақтың барысы

 

І . Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Студент қатысы мен аудитория тазалығын тексеру тақтаға көрнекіліктерді  іліп дайындау.

  • Студент бүгінгі сабағымызда Жарықтың қасиеттерімен танысып, биологиялық әсерін анықтаймыз. Сабақ барысында біз «Адам анатомиясы» кластер әдісі бойынша әр кезеңнен өткен сайын адам мүшелерін жинақтаймыз. Студенттерге Кластерлік парақ таратылады. Егер мақсат түсінікті болса, алдымен көру мүшелерін алып, параққа жапсырамыз. Алдымен дайындығымызды тексеріп алайық, яғни өткен тақырып бойынша білімдерімізді ортаға саламыз.

II.     Қайталау кезеңі.

«Жарықтың таралуы, сыну, шағылу заңы. Толық шағылу құбылысы. Дисперсия» тақырыбы бойынша ауызша тақтада сұрау – 5 студент: 1 студент ауызша, 2 студент тақтада тірек-сызба сызу, 2 студент есеп шығару арқылы. 10 студент компьтерде: 5 студент «Раіпt», «Power Point» «Word»   редакторларында шығармашылық тапсырма орындайды,  5 студент физикалық карта толтырады. Студенттерге «өкпе» беріледі.

III.  Жаңа тақырыпты түсіндіру. Презентациядан жаңа тақырыпты түсіндіру, бейне материал арқылы меңгерту.

  1. Презентация бойынша түсіндіру
  2. Бейнематериал тамашалау
  3. Конспектілеу

Студенттерге «жүрек» беріледі

IV     Сабақтың пысықтау кезеңі  Үлгі есеп бойынша шығару жолдарын түсіндіру. Фронтальды бақылау сұрақтары арқылы пысықтау, шығармашылық жұмыс арқылы (3 студент дисперсия, дифракция, интерференция) бекіту.

  1. Үлгі есепті оқытушы тақтада көрсетіп, талдайды
  2. Фронтальды сұрақтар жауаптары айтылады,
  3. Шығармашылық жұмыс: дифракциялық тор жасайды,

«Жарық қасиеттері» сатысын орындайды.

Студенттерге «бауыр» беріледі.

V Сабақты қорытындылау кезеңі:  Қайталау, пысықтау кезеңі бойынша жеке оқушылардың бағасын бағалау парағы бойынша қорытындылап, «Рефлексия» көңіл күй белгілерімен (смайликтер) бағалау: «ұнады, барлығын түсіндім», «ұнады, қызықтырған сұрақтар бар?» « ұнаған, жоқ, түсінбедім». Рефлексиядан соң студенттерге «бүйрек» беріледі. Және кластер парағында мүшелердің толық болуы – 5, егер бір мүше жетпесе – 4, 2 және одан көп мүше жетпеген жағдайда – 3 деп бағаланады.

Бағалау.

Үйге тапсырма  «Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері.» тақырыбы, 1046, 1047, 1048 есептер /Рымкеевич/

  1. Венн диграммасы бойынша талдау
  2. «Жарықтың медицинада қолданылуы» тақырыбында ақпарат жинау.

Әдебиеттер:

Оқулық:  

  1. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикабағытындағы 11сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б … Өңд., толыкт. 2-бас. /Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009 ж
  2. Физика есептерінің жинағы. /А.П.Рымкевич, Алматы «Мектеп», 2007 ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. ПолатбековП., Оптика, А., 1981.
  2. В.Фриш«Физика курсы» ІІ-бөлім 1984
  3.