Массаны және күшті анықтауға есептер шығару

38

 

Сабақтың тақырыбы:  Массаны және күшті анықтауға  есептер шығару  

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың өтілген тарау бойынша алған білімдерін тексеру және белсенділігін, қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру

Дамытушылық:   Оқушының даму жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға

ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру;

Тәрбиелік. Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты

екендігін көрсету,  күш,деформация ұғымын күнделікті

өмірмен байланыстыра білуіне және оны жақсы

жақтарынан қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың әдістері: Жаңа техналогиялық әдістерді пайдалану, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

    Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  

      ІІІ. Сіздерге бағалау парағын таратып беремін, сол параққа балдарыңызды жазасыздар. Белгілеген жауаптарыңды дұрыстауға болмайды, сондықтан мұқият қарап, зейін сала отырыңыздар. Әрбір тапсырма бойынша жалпы ұпайды шығарып, ең соңында барлық ұпай санын шығарып, өз бағаларынды шығарасыздар. Сабақ қалай өткендігі туралы бағалау парағының оң жағындағы суреттер арқылы түсіндіресіздер. Қажет емес суретті сызып тастау керек.

 

 

1) «Көңілді балық аулау» ойыны

 

  1. Заттың тығыздығы деген не?
  2. Күш дегеніміз не?
  3. Гук заңы қалай өрнектеледі?
  4. Деформация дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесің?
  5. Теңәрекетті күш деп қандай күшті айтады?
  6. Егер екі күш денеге бір бағытта әрекет ететін болса, онда олардың теңәрекетті күші неге тең болады?
  7. Егер денеге қарама-қарсы бағытталған екі күш әрекет ететін болса, онда теңәрекетті күш неге тең болады?
  8. Егер денеге мәндері бойынша тең, бірақ бағыттары қарама-қарсы күштер әрекет етсе, онда теңәрекетті күш неге тең болады?
  9. Күшті өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
  10. Масса қандай физикалық шама?

       

  2) Тәжірибелік есеп шығару

 

3) Деңгейлік есептер шығару

 

   4) Сиқырлы кубик

  1. Неліктен атқа жегілген арба бір бағытта жүретінін түсіндіріңдер
  2. Бұрыштан жүгіріп шыққан леопард пен қоян соқтығысып қалды. Қайсысы алысқа қарай ұшып түсіп құлайды.
  3. Қай машинаның жылдамдығы үлкен? Неліктен?
  4. А.П. Гайдардың “Чук пен Гек”атты шығармасынан үзінді:

«Көңілдене ысқырып, орнынан ұшып тұрған олар, шананы жұлқи тартқан кезде, шөпке құлап түсті..».    Сұрақ: неліктен олар құлап түсті?

  1. Зеңбіректен оқ атылғанда екеуінің де жылдамдығы өзгереді.

Оқ қай бағытта, зеңбірек қай бағытта қозғалады? Неліктен?

  1. А. Байтұрсынов аудармасындағы «Аққу, шортан һәм шаян» өлеңінде жүкті үшеуі бар күштерімен тартса да, орнынан қозғалмайды. Себебі не?

 

5)  Тестік тапсырма

15 сұрақтан тұратын тестік тапсырмасын орындау

VІ. Бағалау                                              “5” –40-тен жоғары  ұпай

“4” –25-39 ұпай

“3” – 15-24- ұпай

 

VІІ. Қорытындылау

 

Рефлексия

 

-сабақ ұнады.

 

-сабақ ұнаған жоқ.

 

-сабақ орташа өтті.