Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.
Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдарың қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сұйықтар мен газдарың механикалық қасиеттерін, олардың және олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын жан-жақты сипаттау.
Дамытушылық: Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін (тәндік, когнитивті, психо-әлеуметтік) дамыту.
Тәрбиелік: Теориялық білімін практикамен еркін ұштастыруда ұйымшылдықпен жұмыс істей алатын, кәсіби мамандыққа икемді азамат тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды назарда ұстау.
Түрі: Коучинг сабақ.
Типі: Топпен жұмыс
Оқытудың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, схемалармен жұмыс, сәйкестендіру, іздену, талдау, шығармашылық еңбегін қорғау.
Сабақтың ұстанымы: «Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық». М.В.Ломоносов.
Пайдаланған технология: Интерактивті оқыту технологиясы – оқу-танымдық, коммуникативтік-дамытушылық, элеуметтік-бағдарланушылық міндеттерді шеше отырып, оқушы өз еңбегінің табысты болатынын сезетіндей, зияткер болатынына сенетіндей оқытуға жайлы жағдай туғызу.
Көрнекілік:Интерактивті тақта, компьютер, флипчарт, слайдтар, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Гидроаэромеханика – сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысын және олардың ішіндегі қатты денелер қозғалысын зерттейтін физиканың бөлімі. Әуе және су көлігінің, зымыран техникасының дамуы физиканың осы бөлімімен байланысты.
ІІ. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1-топ. Гидромеханика.
2-топ. Аэромеханика.
3-топ. Гидроаэростатика.
ІІІ. Топтардың өзін-өзі таныстыруы.
1-топ. Гидромеханика.
Армандарға қол созумен келеміз,
Білім – теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
«Гидромеханика» тобына қол соғыңыз.
2-топ. Аэромеханика.
«Аэромеханика» биіктерде шарықтасын,
Жеңісіміз көк аспанда қалықтасын.
Жалын оты кеудемізде алауласын,
Жеңісті бізден ешкім ала алмасын!
3-топ. Гидроаэростатика.
Шығып жүрген жақсы аты,
Жиналған ылғи дарындар.
Жүректе от, көздерінде жалын бар
«Гидроаэростатика» тобын
Қол соғып қарсы алыңдар!
ІҮ. «Алтын ереже» қабылдау:
- Бірлесе жұмыс жасау;
- Қысқа және нақты көтеріліп отырған мәселе бойынша сөйлеу;
- Бірін – бірі сыйлау, сөздерін бөлмеу;
- Уақытты бағалау;
- Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарау.
Ү. Бекітілген регламент
Тапсырмалар | Әр топқа бөлінген уақыт | Жалпы уақыт |
Таныстыру | 1 минут | 3 минут |
І-айналым Бағыңды сынап көр» 1. Постерге дайындық 2. Постерді қорғау |
3 минут 2 минут |
9 минут 6 минут |
ІІ-айналым «Сырлы сауалдар» | 2 минут | 6 минут |
ІІІ-айналым «Кім жүйрік» | 4 минут | 12 минут |
ІҮ-айналым «6 ойлау қалпағы» | 2 минут | 6 минут |
Қорытындылау | 3 минут |
ҮІ. Әр топ белсенділерінің міндетімен таныстыру:
Суретші – сурет салады.
Баяндамашы – постер қорғайды.
Бақылаушы – топ жұмысын бақылайды.
Интервьюер – сұрақ дайындайды.
Таймкипер – уақытты бақылайды.
Инженер – практикалық іс-әрекетті жасаушы.
ҮІІ. І-айналым «Бағыңды сынап көр» Ресурсты тарату. Әр топ өз топ аттарына байланысты тақырыптарын қорғап, постерге түсіріп,тапсырмаларды орындап, практикалық жұмыстарын қорғайды.
ҮІІІ. ІІ-айналым «Сырлы сауалдар» әр топ қарсы топқа қызықты сауалдарын жолдайды.
ІХ. ІІІ-айналым. «Кім жүйрік» Әр топқа есептер:
- Құбыр бойымен мұнай 0,8 м/с жылдамдықпен ағады. Мұнай шығыны 210³т/сағ-ты құрайды. Құбырдың радиусын анықта.
- Горизонталь құбырдың кең бөлігіндегі су 1,510⁵ Па қысым кезінде 0,08 м/с жылдамдықпен ағады. Құбырдың тар жеріндегі қысым 1,4·10⁵Па. Құбырдың тар жеріндегі жылдамдықты табыңдар.
- Құбырдың кең жеріндегі судың ағыс жылдамдығы 10 м/с. Диаметрі осыдан 4
есе тар жеріндегі судың ағыс жылдамдығы қандай?
Х. ІҮ – айналым. Эдвард де Боно «6 ойлау қалпағы»
Ақ – фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру.
Қызыл – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.
Қара – негативті ойлау.
Сары – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар.
Көк – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді, қорытындылайды.
Х. Әр топтың жұмысы бағаланады.
Топтың аты | І-айналым «Бағыңды сынап көр» | ІІ-айналым «Сырлы сауалдар» | ІІІ-айналым. «Кім жүйрік» | Қорытынды ұпай |
Гидромеханика.
| ||||
Аэромеханика. |
| |||
Гидроаэростатика. |
|
ХІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты мазмұндау.