Біріккен сөздер

308

Атабаева Сұлухан Нұралықызы

Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұгалімі

Қазақ   тілі

4сынып

Сабақтың тақырыбы:       Біріккен сөздер

Сабақтың     мақсаты:      Білімділігі:  күрделі сөздер жайлы оқушыларға түсініктер беру.

Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген  екі дауысты дыбыс сақталып жазылатынын түсіндіру.

Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екідауысты дыбыстың бірі түсіп жазылатынын айту.

Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту арқылы байланыстырып сөйлеуге , сөздік қорын, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: оқушыларды  ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабақ

Әдісі:топтау, шығармашылық сабақ, түсіндіру,сыни тұрғыдан ойлау.

Көрнекілігі. сурет,тірек сызба,ойындар,қима қағаздар.

Сабақтың  барысы: 1.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

-Басымызды иеміз,

Билейміз,күлеміз.

Бір анда, бір мында,

Қарап ал, айнала.

II.Үй жұмысын тексеру, қорытындылау.

Ереже сұрау.   30 – жаттығу.

III.Жаңа  сабақ:    Біріккен сөз

1 .Күрелі сөз туралы мағлұмат  беру.

 

         Күрделі      сөздер

Біріккен сөздер                        Қос сөздер                              Қысқарған сөздер

2.Біріккен сөздерге түсініктеме беру.

Сызбаны пайдалану арқылы сөздерге  мысалдар келтіру.

                              Біріккен  сөздер
Адам

аттары

Өсімдік

аттары

Жер-су аттары Ойын

аттары

Аң-құс

аттары

 

Оқулықпен  жұмыс.

Ережемен таныстыру:

Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді  біріккен  сөздер  деп атайды.Олар бірігіп жазылады: алабота,балқарағай.

I  ойын. «Ой шақыру»        

32-жаттығу

 

 

Ала                                           Айна

Сексен                     көл             Жар                       бұлақ

Сасық                                          Кер

аққу
ақбөкен

 

қосаяқ
тасбака

 

шаңсорғыш
балмұздақ

 

 

 

Дәптермен  жұмыс:

  1. Ойын «Ақ сандық»       

33-жаттығу

Оқушылар сандық ішінен нөмірленген асықтарды алады.Сол нөмір бойынша сұрақтарға жауап береді.Мысалы,

1               2                   3                      4                          5

бұзаубас , Ақмарал,    егеуқұйрық ,  Жетіқарақшы,    шекара

III Ойын «Жылдам жауап бер»

34-жаттығу.

Өлеңді оқып, жылдам жаттау және жазу.Өлең ішінен біріккен сөздерді табу.

IV.Ойын «Кім  тапқыр»

33-жаттығу

Аққұтан,  шекара,  көкжиек  сөздеріне  сөйлем  құрап  жазу.

V.Ойын «Балық аулау»

36-жаттығу

Әр балықтың арқасында   аңдар,   құстар,  өсімдіктер, жер-су аттары жазылған.  Сол  атауларды өз тұсына теріп жазу.

1.Аңдар: …, …                              3.Өсімдіктер: …, …

2.Құстар: …, …                             4.Жер-су аттары: …, …

  1. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы сабақты  бекіту.

Біріккен  сөздер  жазу.(Сайыс түрінде үш қатарға да беріледі).

V.Қорытындылау:   Не үйрендік, не білдік?    Кестесін толтыру.

VI.Үйге  тапсырма:     37-жаттығу

Бағалау.