Серпімді деформацияны зерделеу.

47

Тақырыбы: Серпімді деформацияны зерделеу.

1-тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.

Құрал-жабдықтар: динамометр, бір тілім қағаз, жүктер жиыны, штатив.

Жұмыс барысы:

  1. Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.
  2. Динамометрге массалары 102 г, 204г, 306г және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгіліеңдер.
  3. Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен? Осы шкалада ньютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер.
  4. Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар,
  5. Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.

 

2-тапсырма. Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағы байланысты анықтау.

Құрал-жабдықтар: штатив, ұзындықтары 15-20 см болатын резеңке жіп, ұзындығы 35-40 см болатын бір тілім ақ қатырма қағаз, жүктер, сымнан жасалған ілгек, мектеп динамометрі.

Жұмыс барысы:

  1. Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қатырма қағазбен біргі штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бірдей деңгейде болуына назар аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгіліп қойыңдар.
  2. Ілгектің көмегімен массалары m1=m, m2=2m, m3=3m жүктерді кезекпен кезек бір жіпке іліңдер.
  3. Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер.
  4. Дененң ілгектің көсегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.
  5. Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.

 

Резеңке саны Жүк массасы, г Ауыпрлық күші, Ғ, Н Жіптің ұзаруы, мм Жіптің ұзаруы, м
1

2

3

4

Біреу

Біреу

Біреу

Біреу

  1. Қорытындылау.
  2. Бағалау.