Қылтүтіктік құбылыстар.

65

Сабақ тақырыбы:  §62.Қылтүтіктік құбьылыстар.

  1. Оқушыларға қылтүтіктер, мениск, қылтүтіктік құбылыстар, сұйықтық қылтүтік бойымен көтерілуі туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Демонстрациялар: әр түрлі сұйықтықтардың қылтүтік бойымен көтерілуі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Беттік керілу дегеніміз не?
  2. Беттік керілудің бар болуын дәлелдейтін мысалдар.
  3. Қандай жағдайда сұйық дене бетіне жұғады немес жұқпайды?
  4. Жұғатын сұйықты жұқпайтын сұйықтан қалай ажыратуға болады?
  5. Жұғу, жұқпау құбылыстарына мысалдар келтіріңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жіңішке түтікшелерде сұйықтың еркін беті қисық болады. Мұндай қисық бетті мениск деп аталады.

 

 

Егер сұйық қылтүтік

қабырғасына жұғатын болса,

онда менискінің пішіні ойыс болады

 

Егер сұйық қылтүтік қабырғасына жұғпайтын болса,онда менискінің пішіні дөңес болады

 

Қылтүтік бойымен сұйықтың көтерілуі  немесе төмен

түсуі кезінде байқалатын байқалатын беттік құбылыстар

қылтүтіктік құбылыстар деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұйықтық қылтүтіктен көтерілу биіктігі:

 

 

 

 

 

 

σ –қылтүтік жасалған заттың және сұйықтың тегіне байланысты болатын беттік керілу коэффициенті;

ρ- сұйық тығыздығы;

r –қылтүтік радиусы .

V.Есептер шығару.

34-жаттығу.

№1, №2 №3, №4..

  1. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: §62.Қылтүтіктік құбылыстар.

34-жаттығу.

№5,№6.

 

     7-сынып.

Зертханалық жұмыс №5

 

Су ішінде массасы 100 г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау.

 

Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп.

 

Жұмыстың барысы:

  1. Мензурка көмегімен жүктің Vд көлемін анықтаңдар.
  2. Дененің өлшенген көлем мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.
  3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің мәнін табыңдар.
  4. Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.
  5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.
  6. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.
  7. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.
  8. Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.

 

Дененің

Көлемі, м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы, Р,Н Дененің ауадағы салмағы, Р,Н Дененің судағы салмағы,

Р1, Н

Ығыстырушы

Күш, Fы, Н

 

  1. Бағалау.
  2. Қорытындылау.