Иінді таразылар. Жай механизмдер.

76

Сабақ тақырыбы:  §70.Иінді таразылар. §71. Жай механизмдер.

  1. Оқушыларға иінді таразылар, жай механизмдер және олардың жұмыс істеу принциптері туралы  түсінік беру .
  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, иінтірек, таразылар, блоктар, жүктер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?
  2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?
  3. Иіндік деген не?
  4. Күш иіні дегеніміз не?
  5. Күш моменті деген не?
  6. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Иінді таразылар

 

Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.

Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни    немесе

Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:

d1=d2

m1g=m2g

m1=m2.

Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Аса ауыр денелердің массалырн анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.

 

 

Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық және оның өзге түрлері: сына, бұранда.

 

 

d1-жұмысшы күшінің иіні,

d2-жүктің ауырлық күшінің иіні,

 

Ғ1-жұмысшының жасайтын күші,

Ғ2-көтеретін дененің ауырлық күші.

Жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысы күштен сонша есе ұтады.

Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы:

 

Блок дегеніміз-өз осінің төңірегінен айнала қозғала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік.

Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок жылжымайтын блок деп аталады (а-сурет).

Жылжымайтын блокты теңиінді иіндік деп қарастыруға болады (ә-сурет).

 

 

Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады (б-сурет).

В-суретте жылжымалы блок иіндік ретінде көрсетілген. Мұндағы 0-иіндіктің тіреу нүктесі, Р-ауырлық күшінің иіні –АО, Ғ жұмыс істейтін күштің иіні-ВО.

ВО иіні АО иінінен 2 есе артық болғандықтан Ғ күші Р күшінен 2 есе кем. Күш моменттерінің тепе-теңдік шарты бойынша  Бұдан:    яғни

Күштен ұту үшін жылжымалы және жылжымайтын блоктарды бірге пайдаланады (г-сурет).

 

  1. Пысықтау.
  2. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?

2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?

  1. Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ма?
  2. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс ісьей ала ма?
  3. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?
  4. Жай механизмдер дегеніміз не?
  5. Жай механизмдердің түрлері қандай?
  6. Жай механизмедр жұмыстан ұтыс бере ме?
  7. Иіндікті не үшін қолданады?
  8. Блок деген не?
  9. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар?
  10. Есептер шығару. 41ж. №1, №2.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §70. §71 41 –ж.  №3, №4.