Химиялық формулалар бойынша есептеулер

294
Сабақ тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер
Мақсаты: Күрделі заттар құрамындағы химиялық элементтердің қатынастарын, массалық үлестерін және формулаларын келтіріп  шығару арқылы теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып  салыстыру, есеп шығару арқылы логикалық қабілеттерін дамыту, білімдерін жүйелеу.
Оқыту нәтижелері: —         элементтерді жаттайды, салыстырмалы атомдық және молекулалық массаларын есептейді, формулаларды есте сақтап қалады;

—         есеп шығару арқылы логикалық қабілетін дамытады;

—         шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады, өзбетінше ізденеді;

—         білімдерін жүйелейді, жетілдіреді.

Әдіс-тәсілдері: «Өткен сабақтан ұнаған сәттер …», «Атомдар⇄молекулалар», «Білім баспалдағы», «Сенесің бе, сенбейсің бе?», «Мен тыңдағым келеді …».
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу сабағы
Көрнекі құралдары: Интерактивті тақта, постерлер, таратпа қазғаздар, карточкалар, оқулық.
Негізгі ресурстар: Химия оқулығы 8 сынып Н.Нұрахметов, К,Сарманова, К.Жексембина 2012ж, Д.И. Менделлевтің периодтық жүйесі.
Негізгі идеялар: Бастапқы химиялық ұғымдар жайлы білімдерін жүйелеу, ерекшеліктерін саралай білуге үйрену, есеп шығару дағдылары қалыптасады.
Қамтылған модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ, ОүБ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Кезеңдері, уақыты

және ескертулер

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру

кезеңі (7 мин)

1.       Амандасу, түгелдеу, ынтымақтастық ортаны қалыптастыру үшін мұғалім мынадай сұрақ қояды. 1.     Оқушылар амандасады.

Кезекші сабақта неше оқушы жок екенін айтады.

2.   «Өткен  сабақтың ұнаған сәті …….» Топқа бөліну: «атомдардан Ž молекулалар»  бойынша 6 топқа бөлу.

 

 2. Шеңбер бойында тұрады, мұғалім сөйлемін оқушылар жалғастырады.Оқушылар атомдар дегенде тәртіпсіз қозғалады, «молекулалар төртеуден» дегенде ( 4 кісіден ) топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту , үй тапсырмасын сұрау. (8 мин)

 

 

3. «Бұл қандай формула?»  оқушыларға тапсырмалар беріледі. 3. Оқушылар элементтердің химиялық таңбасы арқылы формуласын келтіріп шығарады, салыстырмалы молекулалық массасын есептейді.

І – топ.

“барий – екі – эс – о – төрт”

IIтоп.

«ферум – екі – о – үш»

III топ.

«аш – эн – о – үш»

IV топ.

«аш – екі – эс – о төрт»

V топ.

«натрий – о – аш»

VI топ.

“плюмбум – о – екі”

4.  Тапсырманы қорғауға топтан бір оқушы тағайындайды. Бір топ екінші топты ауызша формативті бағалап отырады. 4. Тапсырманы бір оқушы қорғайды, ол оқушыны әр топ өздері тағайындайды. Осы топтың жұмысын келесі топ ауызша формативті бағалайды.
Мағынаны тану

(20 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Есеп шығару жолдарын, формулаларын көрсетеді. Әр есепті шығару үшін 3 критериден құрады.

1. Күрделі заттардың молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу

§  Берілген күрделі заттың формуласы;

§  Элементтердің  Аг табу;

§  Аг  өзара қатынастарын шығару.

2. Күрделі заттың құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін табу

§  Күрделі заттың формуласы;

§  Күрделі заттың Мг табу;

§  Әрбір элементтің қосылыстағы массалық үлестерін есептеу.

3. Заттың құрамына кіретін элементтердің белгілі массалық үлестері бойынша олардың химиялық формулаларын қорытып шығару.

§  Қандай элементтерден тұрады;

§  Массалық үлесі берілген болу керек;

§  Белгісіз заттардың өзара қатынастарын табу.

5. Оқушылар дәптерлеріне жазады, түсінбегендерін сұрайды.

 

6. «Білім баспалдағы» тапсырмалар береді. 6. «Білім баспалдағы» деңгейлік тапсырамаларды критерилер бойынша орындайды, топта талдайды, тақтаға шығарып қорғайды, теориялық білімдерін жетілдіреді.

Күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін табыңдар.

І – топ.  Ba2SO4

II – топ. Fe2O3

III – топ. HNO3

IV- топ. H2SO4

V- топ. NaOH

VI – топ.  PbO2

7. Формативті бағалау. 7. Топтар бір-бірін «5 баллдық жүйе» мен бағалайды.
Сергіту сәті

(2 мин)

8.  «Сенесің бе, сенбейсің бе?»

1. Na массасы 11 тең.

2. Су жай зат.  т.б.

8.Оқушыларға сұрақ қойылады, егер сұрақ дұрыс болса «ия» деп қолын алға созып эмоциямен жауап береді, ал «жоқ» болса басын шайқап қолын оң, солға сермейді.
Бағалау

(2 мин)

9.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы 9.Топтардың бір бірін бағалаған бағаларын ескере отырып, мұғалімнің суммативті бағасы.
Үйге тапсырма

(1 мин)

10.§10.оқу. № 1, 2. 29-33 беттер. 10.Тақырыпты оқып, жаттығуды орындайды.
Рефлексия

(4 мин)

11. Кері байланыс. «Мен тыңдағым келеді …» әдісін пайдаланып, оқушылардың ой-пікірін білу. 11.Мұғалім 1- топтан ойын тыңдағысы келген 1 оқушыға  қалпақ кигізеді, ол өз ойын айтып келесі топтан кімді тыңдағысы келеді сол оқушыға қалпақты кигізеді.